Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер Дәптермен жұмыс

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Бұл материал «Өзін-өзі тану» пәніне арналған. Сабақ мазмұны еңбекқорлық пен еріншектік ұғымдарын ашып, оқушылардың еңбекке деген қызығушылығын арттыруға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

Пәні және тақырыбы

Пәні
Өзін-өзі тану
Тақырыбы
Еңбекқорлық пен еріншектік

Құндылықтар мен қасиеттер

Ақиқат Сүйіспеншілік Мейірімділік Қайырымдылық Адал еңбек Өзіне сенімділік Жанашырлық

Мақсаты мен міндеттері

Сабақ мақсаты

Оқушыларға еңбектің құндылығы туралы түсінік беру.

Міндеттері

  • Еңбекқор және еріншек ұғымдары туралы түсінік қалыптастыру.
  • Еңбекке қызығушылықты арттыру.
  • Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ресурстар

Суреттер, оқулық, дәптер.

Көрнекілік Мәтін Дәптер жұмысы

Сабақ барысы

Сабақ ұйымдастыру кезеңінен басталып, тыныштық сәті, дәйексөз, сұхбат, мәтінмен жұмыс, шығармашылық тапсырмалар және қорытынды рефлексия арқылы жалғасады.

1) Ұйымдастыру

  • Сәлемдесу.
  • Үй тапсырмасын тексеру.

2) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі бар. Ол нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын әрі таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды тазартып, жүрегіңіздің қауызын ашады.

Нұр сәулесі бойыңызға ақырын тарай бастасын. Ол біртіндеп күшейеді. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз: қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашады. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істеп, баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарайды: аяқтарыңыз сәуле шашып, сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббаттың құралына айналады.

Енді нұр аузыңызға, тіліңізге тарасын: тіліңіз тек шындықты және ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естиді. Нұр көздеріңізге жетсін: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылық табады.

Басыңыз түгелдей нұрға толсын: санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын алып, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да нұр жіберіңіз: олардың да жүрегі нұрға толсын.

Нұр бүкіл әлемге — барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілік иесіне — таралсын. Ғаламның түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен — Нұрмын».

Осы Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде аз уақыт отыра тұрыңыз. Енді нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз: нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Осы әсем қалыпты сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

3) Дәйексөз

Еріншектік пен жалқаулық бір қиындықтан кейін екінші кедергіні туғызады, жолыңды байлайды. Нәтижесінде көңілің де, қарның да тоқ болмайды. Сондықтан ұлы Абай:

«Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айрылмас азап».

— Абай

Дәйексөздің мағынасын талқылаңыз: хормен айту, ұлдарға және қыздарға бөлек айтқызу арқылы мазмұнын сезіндіру.

4) Әңгімелесу сұрақтары

  • Еңбектену адамға не үшін қажет?

  • Еңбекқорлық адамды тағы қандай қасиеттерге баулиды?

  • Өзіңді еңбекқор адаммын деп санайсың ба?

5) Мәтінмен жұмыс

Тақырып

«Еңбексүйгіш пен Еріншек»

  • Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекетін салыстыр.
  • «Нағыз адамның өткен жылдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Еңбексүйгіштің бойындағы жақсы қасиеттерді атаңдар.

Еңбекті сүйетін адам көп еңбектенеді. Өз еңбегінің арқасында ұрпағына да, халқына да мұра қалдырады. Ал еріншек адам жалқаулығының салдарынан өз күнін әрең көреді.

Мұғалім сыйы: аңыз

«Бүркіт пен оның балапандары»

Баяғыда таудың қиясын мекендеген ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған сол бүркіт бір жылы өмірінде алғаш рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаты қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда, бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты.

Ұшып келе жатып ол өздігінен өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарын соңғы рет сынап, былай деп сұрапты:

— Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды білесіңдер. Ертең өскенде, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Бірінші балапан

— Анашым, ақ сүтіңді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын аралатам, тамашаларды көзіңмен көресің.

Бүркіт басын шайқап, балапанын теңізге тастап жіберіпті.

Екінші балапан

— Анашым, сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның кереметтерін алдыңа әкеліп берем: ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, екінші балапанын да теңізге тастап жіберіпті.

Үшінші балапан

— Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты айтпасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылығыңның шеті де, шегі жоқ. Оны өтеуге менің ғұмырым жетпейтінін білемін. Бірақ менің өмірім сені әлемді аралатуға да, ғаламаттарды алдыңа үйіп-төгуге де арналмайды. Мен сенің маған жасаған жақсылықтарыңның бәрін өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт көкірек кере терең дем алып: — Әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық ұрпақ туғанына көзім енді жетті, — деген екен.

Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, негізгі ойды қорытындылайды.

Шығармашылық тапсырмалар

6) Жазылым

«Еңбек пен бақыт — егіз» тақырыбында шағын шығарма жазыңдар.

Қосымша тапсырма

Екі өлеңді салыстырып, қорытынды шығарыңдар: «Ұмытшақ па, әлде еріншек пе?» және «Менің оған нем кетті?».

Өлеңдерден үзінді

«Ұмытшақ па, әлде еріншек пе?»

Үйдегі қоқыс шелегі,

Самауыр қояр су таппай,

Төгілмей үш күн тұр күтіп,

Анасы жүрсе абдырап,

Ұмытып Ұмсын келеді.

Қысылмай, соған міз бақпай,

«Ертең!» — деп күнде сырғытып.

Жүр, әне, Ұмсын ал бірақ.

Алынбай қалып шайға нан,

Дүкенге тартты тәтесі.

Ұмсын қыз қайда ойланған,

Мойындап өз қатесін...

Үлкен әже мақалдап былай дер: «Еріншекке есік пен төр — бір күндік жер».

«Менің оған нем кетті?»

Отын жардым балталап,

Менің оған нем кетті?

Құлаштадым шалқалап,

Көргенім жоқ мен кейіп.

Маңдайымды терлеттім,

Еден жудым еңкейіп,

Менің оған нем кетті?

Қолтығымды терлеттім...

7) Топпен ән айту

«Жақсы бала еңбекшіл»

Жақсы бала еңбекшіл,

Таза бала мұнтаздай,

Ер азамат болады.

Сүйсінеді қараған,

Қиындықты жеңіп кіл,

Ұқыпты деп бұл қандай,

Құшағы гүлге толады.

(2 рет қайталау)

Еңбекшіл досым-ай,

Болайықшы осындай.

Әнді топпен орындау.

Үй тапсырмасы және дәптермен жұмыс

8) Үй тапсырмасы

Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме беріңдер.

Дәптермен жұмыс

  • Кестені толтыру.
  • Мақалды жазу.

Соңғы тыныштық және қорытынды ой

9) Соңғы тыныштық

Жай әуен қосып, көзді жұмып отырып, бүгінгі сабақты елестетіңдер. Сабақ ұнады ма, қандай ой түйдіңдер — ішкі қорытынды жасаңдар.

Адам бойынан табылатын ең жағымсыз әдеттердің бірі — еріншектік. Бұл — бүкіл дүниедегі өнердің дұшпаны. Өйткені еріншек адамның мойны іске жар бермейді.

Абайдың өсиеті

«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі — надандық, екіншісі — еріншектік, үшінші — залымдық».

— Абай, 38-қара сөз

Осы үш қасиеттен сақтану — еңбекқорлыққа, адалдыққа және адамдыққа бастайтын сенімді жол.