Абайдың шын есімі кім
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (6-сынып, Қазақ әдебиеті)
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №3 Қ. Қошмамбетов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дуржанова Бибисара Қалиасқарқызы.
Сабақтың тақырыбы
Асыл сөзді іздесең...
Сабақтың мақсаты
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығын меңгерту, сын тұрғысынан ойлау арқылы шығармашылық жұмысқа баулу.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес, шығармашылық ізденіс сабағы.
Оқып-үйренудің негізгі нәтижелері
- Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы кең көлемде мәлімет алады.
- Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын талдай алады.
- Топта бірлесе жұмыс істеп, өз ойын еркін жеткізеді; шығармашылық қабілетін дамытады.
Түйінді идея
Өлеңге мазмұндық талдау жасау арқылы оқушы бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру; деңгейлік сұрақтар арқылы ойлануға, салыстыруға және өзіндік бағалау дағдысын дамытуға үйрету.
Оқыту форматы, әдіс-тәсілдер және СТО стратегиялары
Оқыту түрі
Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру стратегиясы
- Ассоциациялық аймақ кестесі
- «Сандар сыр шертеді» кестесі
- Хронологиялық кесте
- Еркін жауап стратегиясы
- «Автор орындығы» стратегиясы
- Сұрақ–жауап, ой бөлісу
- Мәнерлеп оқу
Сын тұрғысынан ойлау (СТО) стратегиялары
- Кубизм
- Эссе
- Еркін жазу
- Жеке жұмыс
- Топтық жұмыс
Тапсырмалар
1) Оқулықпен жұмыс
Әдеби-теориялық ұғымдардың мәнін ашу, мәтінмен жұмыс жасау.
2) Шығармашылық жұмыстар
Оқушының өзіндік көзқарасын қалыптастыруға бағытталған жазылым және ой бөлісу тапсырмалары.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру, амандасу.
- «Шаттық шеңбері»: бір-біріне тілек айту.
- Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу, топ атауын таңдастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі бойынша Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісімен талдау:
Ақ қалпақ
Өлеңнің тақырыбы мен идеясы.
Қара қалпақ
Өлеңдегі жағымсыз қасиеттер.
Сары қалпақ
Өлеңдегі жағымды қасиеттер.
Жасыл қалпақ
Осы тақырыптас бұрын танысқан өлеңдер.
Қызыл қалпақ
Сезім мен эмоция: ерекше әсер еткен тұстар.
Көк қалпақ
Қорытынды пікір.
3) Қызығушылықты ояту (қолдану)
«Кім жылдам?» ойыны
Жаңа сабаққа кіріспе ретінде ой тастайтын сұрақтар.
- Абай кім?
- Қашан және қай жерде дүниеге келген?
- Абайдың шын есімі кім?
- Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
- Қандай әндерін білесіңдер?
- Қанша қара сөзі бар?
- Ұлы ақын туралы жазылған роман-эпопея қалай аталады?
- Оның авторы кім?
- Ән туралы жазылған қандай өлеңдері бар?
- 31-қара сөз не туралы?
4) Мағынаны тану (талдау)
Слайд арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері таныстырылады.
5) Жинақтау (шығармашылық жұмыс)
Ой қозғау мақсатында проблемалық сұрақтар беріліп, «Автор орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар шығармашылық жұмыс ұсынады:
1) «Абай атаға хат»
Тұлғаға үн қату, сұрақ қою, ой бөлісу форматындағы хат.
2) «Абай атаға арнау өлең»
Негізгі идеяны сақтай отырып, авторлық арнау жазу.
6) Бағалау
- Оқушылар бір-бірінің пікірін ескере отырып, жұмыстарын «Автор орындығы» арқылы ұсынады.
- Өзара бағалау нәтижелері ескеріліп, жиынтық баға қойылады.
- Сабақ соңында «Соңғы сөзді мен айтайын...» бөлімі арқылы қорытынды жасалады.
7) Үй тапсырмасы
- Абай шығармаларын қайталау.
- Реферат дайындау немесе мәтінге байланысты сұрақтар әзірлеу.
8) Рефлексия
Сұрақ 1
Бүгінгі сабақтан алған әсерің қандай?
Сұрақ 2
Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?