Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай президент
Сабақтың тақырыбы
Біздің Президент
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен ел дамуына қосқан еңбегі туралы мәлімет беру. Отан туралы түсініктерін кеңейту, егемен елдің жетістіктерімен таныстыру.
Дамытушылық
Туған ел, Отан және Президент тақырыптары бойынша оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Елбасын үлгі ете отырып, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу және патриоттық сезім қалыптастыру.
Ұйымдастыру
- Кезекшімен қысқаша сұхбат.
- Сыныпты жұмбақтар арқылы топқа бөлу.
Жұмбақтар
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.
Жауабы: кітап
Жіп-жіңішке денесі, ортасында шегесі.
Жауабы: қарындаш
Сабақ форматы
- Сабақ түрі
- Жаңа сабақ
- Тапсырмалар
- Тест жұмысы, диалогтік тәсіл
- Әдістер
- «Ыстық орындық», «Суық орындық», СТО, диалог, топтық жұмыс
- Көрнекіліктер
- Үлестірмелі парақша, оқулық, кестелер
Сабақ барысы
I. Үй тапсырмасын тексеру («Ыстық орындық»)
Оқушылар ортадағы биік орындыққа отырып, берілген тапсырма бойынша қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді. Әр топтан бір сұрақ қойылады.
II. Жаңа сабақ: сұрақ-жауап
- Біздің Отанымыз қай ел?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақ халқы қандай халық?
- Рәміз дегеніміз не?
- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
«Менің елім — Қазақстан» модулін жалғастыра отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Біздің Президент».
III. Көркем жазу: әріпті дұрыс қою
Тапсырма
Берілген сөздерге әріптерді дұрыс қойыңдар:
...арыш, ...алым, ...абит, ...азиз, ...ылым, а..аш, та..а, жа..а, са..ат, қол..ап
Бұл қай әріп? Ғ
- Ғ дыбысы — дауыссыз дыбыс.
- Сөздің басында және ортасында кездеседі.
- Қазақ тіліне тән дауыссыз дыбыс.
Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? Оларды атаңдар. (Мұғалімнің түсіндірмесі.)
IV. Сөздік жұмысы
Ғимарат — здание
Білімді адам — грамотный человек
Сабырлы адам — уравновешенный человек
Мейірімді адам — добрый человек
- Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру және аудару.
- Дұрыс айтуға дағдыландыру.
- Жаңа сөздерді талдау.
- Жаңа сөздерді қатыстырып диалог құрастыру.
V. Грамматикалық тапсырма (тәуелдеу)
1-топ
Астанаға барғым келеді.
2-топ
Президент болғым келеді.
VI. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
VII. Мәтінмен жұмыс
1-топ мәтіні
Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Назарбаев — Тұңғыш Президент. Біздің Президент — білімді, сабырлы, мейірімді адам. Біздің Президент Ақордада жұмыс істейді.
2-топ мәтіні
Бұл — Ақорда. Президенттің жұмыс орны. Мен Алматы қаласында тұрамын. №12 мектептің төртінші сыныбында оқимын. Қысқы каникулда мен Астанаға бардым. Мен Ақордаға саяхат жасадым. Ақорда — әдемі, үлкен ғимарат.
Жұмыс түрлері
- Орыс тіліне аудару.
- Мұғалім сұрақтарына жауап беру.
- Тест сұрақтарына жауап беру.
VIII. Тест тапсырмалары
1-топ
-
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?
А) Президент Ә) Мұғалім Б) Әке
-
Н. Ә. Назарбаев қандай президент?
А) Екінші Ә) Тұңғыш Б) Соңғы
-
Біздің Президент қандай адам?
А) Білімді, сабырлы, мейірімді Ә) Ақылды, әдепті, әдемі Б) Ұзын, қара көзді, сұлу
-
Президент қайда жұмыс істейді?
А) Мектепте Ә) Ақордада Б) Асханада
-
«Білімді адам» сөз тіркесінің аудармасын тап.
А) Уравновешенный человек Ә) Грамотный человек Б) Добрый человек
-
Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Алматы Ә) Қарағанды Б) Астана
-
Қазақстан қандай мемлекет?
А) Тәуелсіз Ә) Кішкентай Б) Тар
-
Сен қайда тұрасың?
А) Қалада Ә) Ауылда Б) Көшеде
-
«Ұлт» сөзінің аудармасын тап.
А) Русский Ә) Национальность Б) Казах
-
1 желтоқсан қандай мереке?
А) Тұңғыш Президент күні Ә) Тәуелсіздік күні Б) Жаңа жыл
2-топ
-
Президенттің жұмыс орны қайда?
А) Астана Ә) Ақорда Б) Мектеп
-
Қысқы каникулда қайда бардың?
А) Қарағандыға Ә) Астанаға Б) Көкшетауға
-
Ақорда қандай ғимарат?
А) Әдемі, үлкен Ә) Кішкентай, таза Б) Зәулім, кең
-
Сен қайда тұрасың?
А) Астанада Ә) Алматыда Б) Шымкентте
-
«Сабырлы адам» сөз тіркесінің аудармасын тап.
А) Уравновешенный человек Ә) Грамотный человек Б) Добрый человек
-
Қазақстанның астанасы қай қала?
А) Алматы Ә) Қарағанды Б) Астана
-
Қазақстан қандай мемлекет?
А) Тәуелсіз Ә) Кішкентай Б) Тар
-
Рәмізді тап.
А) Елтаңба Ә) Ауылда Б) Көшеде
-
«Ұлт» сөзінің аудармасын тап.
А) Русский Ә) Национальность Б) Казах
-
1 желтоқсан қандай мереке?
А) Тұңғыш Президент күні Ә) Тәуелсіздік күні Б) Жаңа жыл
Жауап кілті
1-топ
1–А, 2–Ә, 3–А, 4–Ә, 5–Ә, 6–Б, 7–А, 8–Ә, 9–Ә, 10–А
2-топ
1–Ә, 2–Ә, 3–А, 4–Ә, 5–А, 6–Б, 7–Б, 8–А, 9–А, 10–Ә
IX. «Сандар сөйлейді» ойыны
1
Желтоқсан — Тұңғыш Президент күні
25
Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл
16
Желтоқсан — Тәуелсіздік күні
10
Сыныпта 10 оқушы
4
Біз төртінші сыныпта оқимыз
X. Қорытындылау («Суық орындық»)
Оқушылар сұрақтарға ойланып жауап береді.
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай президент?
- Президент қайда жұмыс істейді?
- Қазақстанның рәміздерін білесің бе?
- 1 желтоқсан қандай мереке?
- 16 желтоқсан қандай мереке?
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
65-бет, 1-тапсырма.
Бағалау
Бағалау парақшасы арқылы.