Барыс септіктегі сөзді қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау
Табыс септік
Мақсаты
- Оқушылардың зат есімнің септелуі туралы түсінігін кеңейту.
- Табыс септік туралы білімін қалыптастыру.
- Танымдық қабілетін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Түрі
Аралас сабақ.
Негізгі ұғым
Табыс септік кімді? нені? сұрақтарына жауап береді және көбіне тура толықтауыш қызметін атқарады.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Күн көзі бізге жылулық әкеліп, көңіл күйімізді көтереді. Ал күн болмаса, айнала қараңғы әрі суық болар еді. Бүгінгі сабағымыз да дәл сондай — көңілді, шығармашылыққа толы, білім мен жылылық нұрын төгетін сабақ болсын. Осы мақсатта тақтаға күннің суретін ілемін.
- Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.
- Бағалау парақшаларын тарату.
2) Үй тапсырмасын тексеру
42-жаттығу: барыс септіктегі сөздің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтау.
«Алауға оранып, көкке шығады, көкжиекке бұғады.»
3) Ережені еске түсіру (сұрақтар)
- Зат есімнің септелуі деген не?
- Атау септігінің жалғауы бар ма?
- Ілік септігінің сұрағы қандай?
- Барыс септігіндегі сөз сөйлемде қандай мүше бола алады?
4) Шығармашылық тапсырма
Берілген жақшаның ішіндегі сөздерге тиісті жалғауды жалғап, сөйлемдерді толықтырыңыз:
5) Жаңа тақырыппен танысу: табыс септік
Сұрақтары
Кімді? Нені?
Жалғаулары
-ны/-ні, -ды/-ді, -ты/-ті
Қызметі
Көбіне тура толықтауыш
6) Дәптермен жұмыс
43-жаттығу: сөйлемдерді көшіріп жазыңыз. Табыс септік жалғауының астын сызыңыз.
Айжан кітапты көп оқиды.
44-жаттығу: жаңылтпашты жатқа жазыңыз. Табыс септіктегі сөздерді табыңыз.
Қанар қаптарды қаптап артар,
Шанақ арбаны аттар тартар.
7) Сергіту және ойын
«Қай топ шапшаң?» — тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған топ ұпай алады.
8) Топтық жұмыс
45-жаттығу: сөздерді оқып, топтастырыңыз. Қандай белгісіне қарай топтадыңыз? Бір-бірінен айырмашылығы қандай?
47-жаттығу: сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлем құраңыз. Кестені пайдаланып, өз ойыңызды дәлелдеңіз.
9) Бекіту
Тест сұрақтары арқылы тақырыпты бекіту.
10) Үй тапсырмасы және бағалау
- 48-жаттығу және ережені оқу.
- Оқушылардың жұмысын бағалау.
Сан есім
Мақсаты
- Сан есім туралы толық мәлімет беру.
- Сан есімнің түрлерін ажырата білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері және көрнекілігі
Әдіс-тәсілдері
Сұрақ-жауап, көрнекілік.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, үлестірмелер, сызба-суреттер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық: бір-біріне сәттілік тілеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
39–40-жаттығулар: орындаған жұмыстарын тексеру, ережені еске түсіру.