Металлдардың қасиеттерін айт
Сайыстың барысы
Сыныптан тыс жұмыстың өзегі аламан бәйге — ат жарысы үлгісінде ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ойындар мен салт-дәстүр туралы танымын кеңейтеді, ал жарыс элементтері арқылы технология пәнінен білімдері тексеріледі.
Топқа бөлу
Оқушылар екі топқа бөлінеді: «Исатай ауылы — Ақтабан» және «Ақан сері ауылы — Құлагер». Ара-арасында музыкалық үзілістер ұйымдастырылады.
I. Жорға жарыс
Танымдық сұрақтарЖорға — жұмсақ та тайпалмайтын жүрісімен ерекшеленетін жүріс. Жарыс кезінде де жорғасынан жаңылмайды. Бұл сайыс әдетте екі-үш шақырым қашықтықта өткізіледі.
Жыр жолдары
Осынау дүбірімен күй ақтарған, Бәйгеден озып келу — арман. Туған ел үміт үзбей қарап отыр, Тұлпардан қалған өңкей тұяқтардан. Тұяқтан құйын-перін шаңды ойнатып, Бұл жолы дарындардан сыймайды аты. Мәреге бұрын жетіп боз жусанда, Шаттықтан аунап жату қандай бақыт! Алдағы біз баратын бағыт анық, Сәйгүлік екеніңді тағы таныт. Бәйгеде аттың басын тартпас болар, Ал енді тізгіндерді ағыталық.
Сұрақтар
- 1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын ата.
- 2 Қазақстан жеріндегі пайдалы қазбаларды ата (темір рудасы, түсті және асыл металдар; мыс, қорғасын, алтын, күміс т.б.).
- 3 Қазақстанның жер көлемі мен халқының санын айт.
- 4 Қазақстанның егемендігі туралы өлеңнен үзінді келтір.
II. Желіс жарыс
Дәстүр және таным- а Қазақ ырымдарын айту.
- ә Мүшел жас туралы айту.
III. Алтын қабақ ату
Мергендік және технологияБұл — ат үстінде орындалатын ойын түрі. Ұзын сырықтың басына жіппен сыйлық ілінеді. Мерген сол жіпті көздеп, садақпен атып түсіреді.
Сұрақтар
- 1 Металдар неше топқа бөлінеді?
- 2 Түсті металл мен қара металлдың айырмашылығы қандай?
- 3 Металдардың қасиеттерін ата.
- 4 Егеумен жұмыс істеудегі қауіпсіздік ережелерін айт.
- 5 Металл кесетін қайшымен жұмыс жасау ережелерін түсіндір.
- 6 Құжаттық сызба дегеніміз не?
IV. Қыз қуу
Үй тапсырмасыБұл кезеңде оқушылар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді.
Өлең жолдары
Қамшылама атыңды текке-бекер, Көп қудың ғой, жігітім, енді жетер. Тізгінімді тежейін алдыма түс, Келді менің кезегім жүндей түтер.
V. Аударыспақ
Күш сынасуАударыспақ — қайрат пен тепе-теңдікті талап ететін ұлттық ойын. Бұл кезеңде екі оқушы білек күшін сынасады.
Ой толғау
Өмірдің өзі адамды тірестірген, Бірі жаңа тірестің, бірі ескірген. Алқақотан отырып күрестірген, Белдескеннің бір бүктеп тастамаққа. Бағын сынап көреді жас талапта, Тұрмысы бұл дүниенің күреспен тең. Тәуекел, жарысқа түс — бардағы осы.
VI. Теңге алу
Сұрақтар қоржыныТеңге алу — ат спортына жататын ойынның бірі. Бұл ойында көбіне жуас жылқылар пайдаланылады. Ат ойыншының қалауынша шабады, бірақ теңге жатқан жерге келгенде баяулауға болмайды. Қоржынның ішіне теңгеге бекітілген сұрақтар салынады.
Сұрақтар
- 1 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіпті қалаларды ата (Арқалық, Балқаш, Қарағанды, Жезқазған, Қаратау, Ақтау, Рудный, Кентау, Жаңатас т.б.).
- 2 Қазақ мақал-мәтелдерін айт.
- 3 Құрылыста пайдаланылатын ағаш түрлерін ата.
- 4 Үй жиһаздарын жасауға пайдаланылатын ағаш түрлерін ата.
- 5 Ойма дегеніміз не?
- 6 Ойманың неше түрі бар?
- 7 Ағаштарды күзде шырпуға бола ма?
- 8 Ағаш өңдеу құралдарын ата.
VII. Бәйге төбе
Бұл кезеңде білім сайысы қорытындыланып, жеңімпаз анықталады.
Қорытынды
Сұрақ-жауап нәтижелері жинақталады.
Бағалау
Әділдік қағидалары сақталып, ұпай есептеледі.
Жеңімпаз
Үздік топ/оқушы марапатталады.