Атай өлеңімен таныстыру

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

«Атай». Әнуарбек Дүйсенбиев

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО технологиясының әдістері

Көрнекіліктер

Слайдтар, тақырыпқа байланысты суреттер, топтастыру стратегиясы

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу өнері

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиев туралы түсінік қалыптастыру. «Атай» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашып, түсіндіру.

Дамытушылық

Атай бойындағы адамгершілік қасиеттер арқылы кішіпейілдікті, үлкенді сыйлауды түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, үлкенді құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Балалар, бізде қазір қай сабақ?
  • Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

II. Өткен тақырыпты еске түсіру

1–2 оқушыдан әңгіменің мазмұнын сұрау. Үй тапсырмасын ойын арқылы қорытындылау.

Ширату өлеңі

Кел, балалар, ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай сұрақ болса да,

Таппай оны қоймайық.

1-слайд: «Ойлан тап»

Сандарды өсу ретімен таңда
  1. 10

    Жәнібек Кәрбозин кім? Қандай әңгімесімен таныстық?

  2. 20

    Алтайды апасы қайда жұмсады?

  3. 30

    Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды?

  4. 40

    Алтай Қанатқа қалай көмектесті?

  5. 50

    Апасы Алтайдың ісін қалай бағалады?

  6. 60

    Алтайға мінездеме бер.

Қорытынды сұрақтар

Қорытындылай келгенде, Алтай жомарттығымен, мейірімділігімен, қайырымдылығымен нағыз дос екенін дәлелдеді. Осы әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  • Алтайға риза болған кім?
  • Тағы қандай туыстық атауларды білесіңдер?

III. Жаңа сабақ

Ой қозғау: «Атай» деген сөзді естігенде, ойларыңа не келеді?

2-слайд

  • Белгілі балалар ақыны Әнуарбек Дүйсенбиевтің «Атай» өлеңімен танысамыз.
  • Дәптерге күннің жадын жазамыз.
  • Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?

3-слайд: Әнуарбек Дүйсенбиевтің суреті

4-слайд: «Атай» өлеңі

Оқу • Талдау • Түсіндіру

Көктем келді далаға,

Көктем келді көшеге.

Атамыз бар аулада,

Білесің бе нешеде?

Қоссаң біздің жасымыз,

Жетпейді оның жасына.

Бір қосылса басымыз,

Кете алмаймыз қасынан.

Қолдан шотын тастаса,

Тозған кітап түптейді.

Кейде әңгіме бастаса,

Кешке дейін бітпейді.

Бірде бағбан, бірде ұста,

Атай көңілі жатыр кең...

Бірге болған ұрыста

Амангелді батырмен.

Жұмыс түрлері

  • Суретпен жұмыс
  • Іштей оқу
  • Тізбектей оқу

Сөздік жұмысы

Шотын (кетпен)
еңбек құралы
Тозған
ескі

Өлеңді талдау

  1. Өлең неше шумақтан тұрады?
  2. Әр шумақ неше тармақтан тұрады?

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың назарын сергіту.

Жұмбақтар

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезең?

Жауабы: Көктем

Қырға кілем жайылды.

Жауабы: Қызғалдақ

Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.

Жауабы: Қарлығаш

Шығармашылық жұмыс

I қатар

Көктем туралы қысқа әңгіме құрастыру.

II қатар

Тақырыпқа сай сурет салу.

III қатар

Бір шумақ өлең құрастыру.

Сабақты бекіту

«Гүлдер теру» ойыны арқылы жаңа тақырыпты қорытындылау.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді жаттау.
  • «Менің атам» тақырыбына әңгіме құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, жауаптарының толықтығы және шығармашылық тапсырмалардағы жұмысы бойынша бағалау жүргізіледі.