Кері есептер жайлы оқушылардың білімдерін жетілдіру

Сабақ туралы мәлімет

Мекеме
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-балабақшасы
Мұғалім
Жайгалиева Айнагүл Әділхановна (бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
Кері есептер
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты түсіндіру
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, әңгімелеу
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, плакаттар, гүлдер
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, музыка

Сабақтың мақсаты

  • Кері есептер туралы оқушылардың білімін жетілдіру.
  • Кері есептер құрастыра білуге үйрету.
  • Сабақта алған білімді жүйелеу және пысықтау.
  • Логикалық ойындар арқылы қиялды, ой-өрісті және есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық:

Қуан, шаттан, Қуан, шаттан — Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықшы, күн бүгін.

II. «Бұлт ыдырату» есептері ойыны

Жылдам ауызша есептеу тапсырмалары:

6 + 4 9 − 2 3 + 4 8 − 5 3 + 7 5 − 3

III. «Наурыз» сөзжұмбағы

Сұрақтарға жауап бере отырып, «Наурыз» тақырыбын еске түсіреміз:

  1. 1. Бауырымен жорғалаушы
  2. 2. Киелі құс
  3. 3. Биылғы жыл
  4. 4. Жыртқыш құс
  5. 5. Өзі сары, іші тәтті
  6. 6. Өзі тәтті, сырты қатты

Наурыз айында қар астынан жарып шығатын гүлдерді білесіңдер ме? Бүгін сабақ барысында өз білімдеріңді көрсетіп, «гүл жинайсыңдар». Сабақ соңында жинаған гүлдеріңнің санына қарай бағаланады.

Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық. Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық.

IV. Жаңа сабақ: кері есептер

Кері есептерді құрастыру арқылы берілген мәліметтер арасындағы байланысты анықтаймыз, «артық/кем» ұғымдарын дұрыс қолданамыз.

№1. Шарлар туралы тапсырмалар

  • а) Көк шар — 5. Қызыл шар — көк шардан 3-уі артық. Қызыл шар нешеу?
  • ә) Қызыл шар — 8. Көк шар — қызыл шардан 3-уі кем. Көк шар нешеу?
  • б) Қызыл шар — 8. Көк шар — қызыл шардан 5-ке кем. Көк шар нешеу?

№2. Дәптермен жұмыс (салыстыру)

Тиісті белгісін қой: <, >, =

  • a □ a + 9 a — кез келген сан
  • b □ b − 3 b — кез келген сан
  • c + 0 □ 3 + c қосу қасиеті
  • 9 − c □ 10 − c c — кез келген сан

V. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Мойынымызды бұрамыз. Қолымызды көтеріп, Саусақты ашып-жұмамыз. Одан соң төмен түсіріп, Алақанды соғамыз. Басты төмен саламыз, Жаттығу жасап осылай — Үлкен болып ертең шығамыз.

Логикалық тапсырмалар

№3. Қиылысатын фигураларды тап

Берілген суреттерден/сызбалардан қиылысатын фигураларды анықта.

№5. Шығармашылық есеп

Үйлерде әртүрлі фигуралар «тұрады». Үшбұрыш пен дөңгелек терезелері бар — үлкен үйлерде, ал дөңгелек пен шаршы шатыры биік — үйлерде тұрады. Әр фигура қай үйде тұратынын анықта.

VI. Қорытынды

Ойын: «Қай қатар жылдам?»

Топтар жылдамдық пен дәлдік бойынша жарысады.

Бағалау

Сабақ бойы жиналған «гүлдер» санына сәйкес оқушылар бағаланады.

VII. Үй тапсырмасы

153-бет, №4.