Шағын диктант жазу

Сабақ туралы мәлімет

Өңірі мен мектебі

Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ. Смағұлов орта мектебі

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Ажғалиева Гүлзира Ажғалиқызы

Пән

Қазақ тілі

Сынып

4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Диктантты талдау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Диктант жазу барысында қате жіберген оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізіп, қателерді ережелерге сәйкес талдауды ұйымдастыру.

Дамытушылық

Өз қатесін табу және оны түзету дағдыларын қалыптастыру, сауатты жазу әрекетін саналы түрде дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, сауатты жазуға және өз еңбегіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

Сабақтың типі

Бақылау және оқушы білімін есепке алу сабағы

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, тақтамен жұмыс
  • Ойын, техникалық құралдармен жұмыс
  • Қима қағаздар, перфокарточкалар, тест
  • Терме диктант, топтық жұмыс

Көрнекіліктер

  • Техникалық құрал: кодоскоп, экран
  • Қателер классификациясы (плакат)
  • “Менің дыбыстау мүшелерім” ойынына арналған карточкалар
  • Перфокарточкалар, тест тапсырмалары

Сабақтың жүрісі

I. Ұйымдастыру және диктантты талдау

  1. 1

    Дәптерлерді тарату.

  2. 2

    Бағасы күмәнді дәптерлер бойынша жұмыс ұйымдастыру. Тақтамен жұмыс: “4” пен “5” аралығы (Сағынғалиева Р.).

  3. 3

    Топтық жұмыс: “5” алған оқушыларға тапсырмалар беру (қима қағаздар, перфокарточкалар және тест сұрақтары арқылы).

  4. 4

    Дәптермен жұмыс: “4” және “3” алған оқушыларға қателерін түзетіп, қайта жаздыру.

  5. 5

    Диктант дәптерлерін жаптырып, қастарына қойғызу.

  6. 6

    “5” алған оқушыларға берілген тапсырмаларды тексеру.

  7. 7

    Сынып жұмысы дәптеріне күннің жадын және тақырыпты жаздырып, жаттығу жұмыстарын жүргізу. Диктантта жіберілген қателерді топтастырып, жүйелі жұмыс ұйымдастыру.

  8. 8

    Тақтамен жұмыс: қателерді талдау, түзету, соңында ережені қорытып, ой түю.

    • Ю, Я әріптерінен қате жіберген оқушылармен жұмыс
    • Н және Ң әріптерінен қате жіберген оқушылармен жұмыс
    • Тасымал қателері
    • Сызықшаға қатысты қателер
    • Дыбыс пен әріп үндестігі, әріп қалдырып кету қателері

II. Шағын диктант және жедел бағалау

Ойын: “Менің дыбыстау мүшелерім”

Оқушыларға дыбыстау мүшелерінің моделін құрастыру тапсырмасы беріледі: 2 өкпе, кеңірдек, ауыз қуысы.

Сұрақ

Дыбыстау мүшелері неше топқа бөлінеді? (Дүниетану сабағымен байланыс)

  • Тыныс мүшелері
  • Тамақ
  • Ауыз қуысы

Ойын карточкаларының артына ережелер жазылып, тақтада сол ережелерге мысалдар құрастырылады (бірнеше оқушы).

Терме диктант

Ережелерді нақтылау үшін терме диктант жүргізіліп, нәтижесі сол мезетте тексеріледі.

Кодоскоппен жұмыс

Қате берілген сөйлемдерді оқушылар түзетіп айтады: қате табылады, сол қатеге қатысты ереже қорытындыланады (бірнеше оқушы).

Дыбыс үндестігі мен буын үндестігі

Тақтада берілген мысалдар стрелка арқылы дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне жіктеледі. Дамыта оқыту элементі ретінде ассимиляция және сингармонизм ұғымдары байланыстырылады.

Мысалдар (талдауға)

  • қазіргі, замандасымыз
  • жазшы, арабтан, ақ ешкі
  • мәселемен, қоңызбен
  • Сәтбаев, Талдықорған
  • Асхаттікі
  • айқабақ, көз сал

Нәтиже

  • Қате түрі анықталады
  • Дұрыс нұсқасы жазылады
  • Ереже қысқа әрі нақты қорытындыланады
  • Оқушы өзін-өзі тексеруге үйренеді

Бағалау

Шағын диктант тексеріліп, нәтижесі бірден бағаланады. Оқушының қате түрін түсінуі және оны түзетуі негізгі өлшем ретінде алынады.

Сабақты аяқтау

Сабақ соңында жіберілген қателер бойынша ережелер жинақталып, негізгі тұжырымдар жасалады. Оқушыларға өз қатесін көру, түзету және келесі жазба жұмыстарында сол қателерді қайталамау бағытында қорытынды тапсырмалар беріледі.