Туған тілдің киесі

Тәрбие сағатының тақырыбы

Ана тілім – ардағым.

Мақсаты

  • Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеуінің маңызын түсіндіру, ана тілін сүюге және тіл мәртебесін жоғары ұстауға тәрбиелеу.
  • Әр ұлттың өзіне тән ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні және тілдік болмысы болатынын ұғындыру.
  • Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын дамыту, сөздік қорын молайту және жұрт алдында еркін ауызша сөйлеуге баулу.

Тәрбие сағатының барысы

Жүргізуші сөзі

Армысыздар! Құрметті қонақтар мен оқушылар, сіздердің назарларыңызға оқушылар даярлаған тәрбиелік іс-шараны ұсынамыз.

Әнұран.

Мемлекетіміз егемендік алып, ана тіліміз қанатын кеңге жайды. Көптен күткен арманымыз орындалды. Иә, әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі және тілдік сипаты болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз де ананың әлдиімен бірге, ананың тілімен бастау алады.

«Тіл – біздің тұтастығымыз», «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп тегін айтылмайды. Сондықтан әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс. Туған тілдің абыройын асқақтату – әр азаматтың абзал борышы.

Тәуелсіз елдің елдігі жас ұрпақты парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш әрі ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекеттік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Тіл – таусылмайтын байлық.

Көрсетілім

Видеоролик: «Тіл – ұлттың басты негізі»

Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім,
Арымменен қатар қойып асыл тілді,
Тілді қорғау – парызым бүгін менің.
Әрбір тілде сөйлеп, әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасай берсін мәңгілік!

Музыка

Ән.

Бақыт Джамазова – «Қуан, анам!» (орындау ұсынылады)

— Қуан, анам!
Ұстазыңнан сүйініп,
Сәтің де көп, кейде кетер түңіліп.
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді
Пір тұтамын, алдыңа мен иіліп.

— Қуан, балам!
Туған тілдің киесі,
Жебеп сені, болғаныңа иесі.
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс,
Дүниеде бар тіршіліктің күресі.

— Қуан, халқым!
Күшіне енді тіл заңы,
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады.
Ел елдігі бағаланар тілімен,
Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

Оқушылардың өлең оқу бөлімі

Жүргізуші

Туып-өскен Торғайдың даласында,
Қайран елі – қазағы санасында,
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен
Арысың кім, ойланбай табасың ба?

Оқушылар (хормен): Ахмет Байтұрсынов!

Жүргізуші

Алтын тілім деп соққан сом жүрегі,
Біріксе деп армандаған түркі елі.
Жырлап өткен баба тілін танытқан
Ақынның есімін кім біледі?

Оқушылар (хормен): Мағжан Жұмабаев!

«Ана тілім – бақытым»

Ана тілім, дана тілім – бақытым,
Қазақ тілін білу – менің парызым.
Тілім менің – ұмытылмас тірлігім,
Кім біледі тіліміздің тағдырын?

Ән орындау: Темирбаева Айжан, Қаныбекқызы Фариза
Ән: «Туған жер»

Тілге тағзым

Мәртебесі тіліміздің биік екен,
Қазағыма қазақ тілі серік екен.
Тілімізді ұмытпайық әрқашан,
Қазақ тілі мәңгілікке көрік екен.

Тілім саған арналады бар күнім,
Сен арқылы таси түсті шаттығым.
Қазақ тілін білмесең сен егер де,
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың.

Қазақ тілім – сенсің менің бар гүлім,
Арналады саған ғана бар күнім.
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан,
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің.

Білімді бекіту: сайыстар

Келесі кезекте оқушылардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетінін байқап көрейік.

Мақал-мәтелдер сайысы (I бөлім)

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса — бас жарады.
  2. Дәлелсіз сөз — желмен тең.
  3. Ине көзінен сынады, — шешен сөзінен сынады.
  4. Піл көтермегенді — тіл көтереді.
  5. Сөз тапқанға — қолқа жоқ.
  6. Жеті жұрттың тілін біл — жеті түрлі ілім біл.
  7. Шебердің қолы ортақ, — шешеннің қолы ортақ.
  8. Қаһарлы сөз — қамал бұзар.
  9. Бас кеспек болса да, — тіл кеспек жоқ.
  10. Айтылған сөз — атылған оқпен тең.

Мақал-мәтелдер сайысы (II бөлім)

  1. Бал тамған тілден — у тамған.
  2. Тауды, тасты жел бұзар, — адамзатты сөз бұзар.
  3. Жақсы сөз — жарым ырыс.
  4. Жақсы байқап сөйлер, — жаман шайқап сөйлер.
  5. Тіл қылыштан — өткір.
  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі — ой өсіреді.
  7. Жыланның уы тісінде, адамның уы — тілінде.
  8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей — шешен боларсың.
  9. Тілден артық — қазына жоқ.
  10. Сүңгі жарасы бітер, — тіл жарасы бітпес.

Викториналық сұрақтар

Енді оқушылардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы тексерейік.

1. Күй атасы кім?
Құрманғазы.
2. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Түркі тілдес тілдер тобына.
3. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды?
1989 жылы.
4. Қазақ даласының «жарық жұлдызы» кім?
Шоқан (Уәлиханов).
5. Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім?
А. Байтұрсынов.
6. «Тұңғыш кемеңгер» деп кімді атаймыз?
Ыбырай (Алтынсарин).
7. Алғашқы романист жазушы кім?
М. Дулатов («Бақытсыз Жамал»).

Қорытынды ой

Тіліміздің тарихы – терең әрі қол жетпес қазына. Өткеніне көз жүгіртсек, сан ғасырдың ізі мен сыры жатыр.

Тіл – қасиетті ұғым. Қазақ тілі – жырлайтын жырым, сақтайтын сырым. Тілімізге әрдайым бас иеміз, өйткені оның бойында халықтың рухы мен ар-ұяты, өмірлік тәжірибесі мен өсиеті бар.

Бабалардың аманатын ұмытпайық, ана тіліміздің қадір-қасиетін әрқашан жоғары ұстайық.

Көрсетілім

Видеоролик: «Қазақ ойшылдарының тіл туралы айтқандары»

Іс-шараның аяқталуы

Осымен 8–9-сынып оқушылары даярлаған сыныптан тыс іс-шара аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рақмет!