Оқушыларға қамқорлық ұғымын түсіндіру
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
№ 7 орта мектебі
Мұғалім
Куламанова Арайлым Муратовна
Сынып
1 сынып
Тақырып: «Қамқор болып өсемін»
Құндылық
Дұрыс әрекет
Қасиеттер
- Мейірімділік
- Қамқорлық
- Қайырымдылық
Сабақ мақсаты
Оқушыларға «қамқорлық» ұғымын және қамқорлық жасаудың жолдарын түсіндіру.
Міндеттері
- Оқушыларға «қамқорлық» ұғымын түсіндіру.
- Адамдарға, табиғатқа және жан-жануарларға қамқорлық сезімін арттыру.
- Қамқор, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Бастау-
Сәлемдесу және оқушылардың көңіл күйіне назар аудару.
-
Оқу құралдарын тексеру, сабаққа даярлық.
«5Т» ережесі
Тыныштық сәті: «Орманға серуен»
РелаксацияЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмып, тынысыңызды бірқалыпты реттеңіз. Ішкі тыныштықты сезініңіз.
Сюжеттік кіріспе: «Бөгде планеталықтардың хаты»
Құрметті 1-сынып оқушылары! Үй тапсырмасына қалай дайындалып келдіңіздер? Біз Қазақстан деп аталатын елдің мемлекеттік рәміздерін, ҚР Конституциясы жазылған кітапты, ақшаны, ең көрікті жерлерді, тауларды, ормандарды және қалаларды «жаулап алдық». Енді сіздерді сынағымыз келеді.
Егер сіздер «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақтан өтіп, жақсы нәтиже көрсетіп, сабақтағы тапсырмаларға белсенді қатыссаңыздар, біз бәрін қайтарып береміз де, басқа елдерге кетеміз. Дайынсыздар ма? Тапсырмаларымызды хат арқылы жолдап отырамыз.
Сәлеммен: Бөгде планеталықтар
2) 1-тапсырма: Үй тапсырмасын тексеру
Тексеру«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» (17–18-сабақ) — жаттау.
Жақсылықты үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Мадақтау: «Жарайсыңдар! Бәрекелді!»
3) 2-тапсырма: Дәйексөз
Ой қозғау«Қайырымдылық — жылы жүректен»
Халық даналығы
Талқылау сұрағы
Біз айналамызға қалай қуаныш сыйлай аламыз?
Мағынасы
Қайырымдылық — ең алдымен ниеттен басталады: жылы жүрек, ізгі ой, жақсы әрекет.
Нәтиже: Бөгде планеталықтар елордамыздағы «Бәйтеректі» және қалаларымызды қайтарып берді.
4) 3-тапсырма: Әңгімелеу
ОқуОқулықтан «Балапан мен мысық» мәтінін мәнерлеп оқып беру.
Сұрақтар
- Асан құстарға қандай қамқорлық жасады?
- Сендер қандай қамқорлық жасар едіңдер?
Нәтиже: Бөгде планеталықтар ақшамызды және ҚР Конституциясы жазылған кітапты қайтарып берді.
5) 4-тапсырма: Шығармашылық және топтық жұмыс
Шығармашылық«Қамқор болып өсемін» тақырыбында табиғаттың суретін салу (топпен).
Идея
Ағаш отырғызу, гүл суару, құстарға жем шашу.
Қамқорлық
Тазалық сақтау, табиғатты қорғау, жануарларға мейірім таныту.
Топтық жұмыс
Өзара сыйластықпен ой бөлісу, ортақ шешімге келу.
6) 5-тапсырма: Топпен ән айту
МузыкаӘн: «Балалық шақ»
Авторы: Фарида Жолдасова
Нәтиже: Бөгде планеталықтар рәміздерімізді — Елтаңба, Әнұран және Туды — қайтарып берді.
Сергіту сәті және қорытынды диалог
Балалар, сендер өте білімді екенсіңдер. Берілген тапсырмалардың бәрін орындадыңдар. Біз Қазақстанның ең керемет құндылықтарын «жаулап алғанымызға» ұяламыз. Енді бұлай істемейміз. Бізді кешіріңдерші. Біз сендермен дос болғымыз келеді.
Сұрақ: «Ал, қане, балалар, дос боламыз ба?»
Оқушылардың жауабы тыңдалады.
Үй тапсырмасы
Оқулық: 76-бет — жаттау
Хормен айту: «Қайырымды боламын»
Күн нұрындай көңілім,
Даламдай кең пейілім.
Жүрегім толы мейірім,
Бәріне ортақ шуағым.
Соңғы тыныштық сәті
«Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкіл әлемде»
Көзімізді жұмып, сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізейік. Барлық жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне сақтайық.
Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін.