Ойыншылар сәт сапар

Қарағанды қаласы № 6 жалпы білім беретін орта мектебі

Жауапты: Тәжит М. Ж.

Интеллектуалды ойын: «Жұлдызды сәт»

Мақсаты

  • Оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттыру.
  • Жауапкершілікті сезіне білуге және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру.
  • Жан-жақты ойлауын, ізденісін, есте сақтау қабілетін және дүниетанымын дамыту.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.

«Ал, қанекей, келіңдер, бір-біріңе еріңдер. Біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!» — дей отырып, қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 12 ойыншы қатысады.

Қазылар алқасы

«Қазылар орнықтырар әділдікті, кімдердің жауаптары кәміл шықты. Білім мен тапқырлықтың жарысында жеңіске жетер дейміз нағыз мықты».

___________________________
___________________________
___________________________

Табалдырық

Іріктеу кезеңі. Қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

  • Сұрақ: Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы жариялады?
  • Сұрақ: ҚР жер көлемі қанша?
  • Сұрақ: Жерінің үлкендігі бойынша нешінші орында?
  • Сұрақ: Қазақ валютасы қашан қабылданды және қалай аталады?
  • Сұрақ: Абылай ханның шын есімі?
  • Сұрақ: Қарағанды көмір кен орнын 1833 жылы кім тапты?
  • Сұрақ: Рейхстагқа ту тіккен кім?
  • Сұрақ: Мемлекеттік рәміздерге биыл қанша жыл толды?
  • Сұрақ: «Алтын адам» қайдан табылды?
  • Сұрақ: Желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата.
  • Сұрақ: Астана қаласының тұсаукесері ресми түрде қай жылы болды?
  • Сұрақ: Қазақстанның өзен-көлдерін ата.

І бөлім — «Әудем жер»

Мақал-мәтелдер оқылады. Сайыскерлер жалғасын тауып айтады. Жылдам жауап берген ойыншыдан сұралады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.

Мақалдар (жалғасын тап)

  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
  • Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
  • Жаңбырменен жер көгереді, батаменен ел көгереді.
  • Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.
  • Оқу — инемен құдық қазғандай.

Мақалдар (жалғасы)

  • Еңбек ширатады, өмір үйретеді.
  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
  • Отан — оттан да ыстық.
  • Отан үшін отқа түс — күймейсің, арың үшін алыссаң — өлмейсің.
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Өнер — ағып жатқан бұлақ, білім — жанып жатқан шырақ.
  • Қосымша: Аз сөз — алтын, көп сөз — көмір.

ІІ бөлім — «Қозы көш»

Ұяшық таңдау кезеңі: сұрақтар жеңілден күрделіге қарай беріледі. Бір сұрақ — арнайы. Таңдалған ұяшықтағы ұпай беріледі. Қате жауап болса, қарсыластар жауап береді. Ең аз ұпай жинаған 3 ойыншы ойыннан шығады.

Санаттар

Қазақ тілі

10 • 20 • 30 • 40

Математика

10 • 20 • 30 • 40

Дүниетану

10 • 20 • 30 • 40

Ана тілі

10 • 20 • 30 • 40

Ереже

  • Сұрақтар ұяшық ұпайына сай беріледі.
  • Дұрыс жауап — ұяшықтағы ұпай.
  • Қате жауап — қарсылас жауап беруге мүмкіндік алады.
  • Арнайы сұрақ бар.

Қазақ тілі

  • 10: Сөз таптарын ата.
  • 20: «Жаңылмасам, сіз осы мектептің директоры боларсыз?» — қыстырма сөзді тап.
  • 30: «Сарыағаш», «отыз-қырық», «медколледж» — бұлар қандай сөздер?
  • 40: Мәтін дегеніміз не?

Математика

  • 10: 7 санымен аяқталатын сан берілген. Ол 300-ден артық та, 310-нан кем. Берілген санды тап.
  • 20: Екі әке, екі бала театрға билет алды. Театрға неше адам барды?
  • 30: Бір топ үйрек ұшып барады. Барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады?
  • 40: Автомобиль 180 км қашықтықты 2 сағатта жүріп өтті. Автомобиль жылдамдығы неге тең? Жауабы: 90 км/сағ

Дүниетану

  • 10: Пирамидалар қай мемлекетте орналасқан? Египет
  • 20: Ауада ең көп кездесетін газ? Азот
  • 30: Адам баласы алғаш рет отты неден жақты? Шақпақ тастан
  • 40: Арал көліне құятын өзендер? Әмудария, Сырдария

Ана тілі

  • 10: Абай Құнанбаевтың қандай өлеңдерін білесің?
  • 20: Отан, туған жер туралы 3 мақалды айт.
  • 30: «Орындалған арман» шығармасының авторы кім?
  • 40 (арнайы сұрақ): Қаланың негізі 1830 жылы қаланған. 1961 жылға дейін — Ақмола, 1961–1992 жылдары — Целиноград, 1992 жылы тарихи атауы қайтарылды, 1998 жылы атауы тағы өзгертілді. Бұл қай қала?

ІІІ бөлім — «Жолайрық»

Ұпайы аз ойыншы кестедегі жасырылған кез келген сөзді табуға құқылы. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Әр ойыншы бір сөз табуы керек. Нәтижесінде ең аз ұпай жинаған 3 ойыншы ойыннан шығады.

Шарты

Оңнан да, солдан да оқысаң бірдей оқылатын сөздерді (палиндром) табу қажет.

Үлгі-кесте

Қ.....қ
Қ.....қ
К.....к
Н.....н
К....к
Қ....қ
Қ....қ

Жауаптары

қазақ қалақ кесек надан керек қырық қызық

Кідіріс — көрермендерге сұрақтар

Көрермендерге сұрақтан «шашу» шашайық.

  • Сұрақ: Шаршының қабырғасы 5 см. Ауданын тап. Жауабы: 25 см²
  • Сұрақ: Құрманғазының шәкірті кім?
  • Сұрақ: Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі қалай аталады? Жауабы: карта
  • Сұрақ: 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 5 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
  • Сұрақ: 6 м бөренені 1 метрден неше жерден кесу керек? Жауабы: 5
  • Сұрақ: Бастауыштың қимылын білдіретін сөйлем мүшесі? Жауабы: баяндауыш
  • Сұрақ: ҚР-мен шекаралас мемлекеттерді ата.

IV бөлім — «Алтын көмбе»

Сөзден сөз шығару: сөздегі әріптердің орнын өзгертпей бірнеше сөз құрау. Ойыншылар асық таңдау арқылы сөз таңдап, сол сөзден мүмкіндігінше көп сөз шығарады. Әр дұрыс сөзге 1 ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған 2 ойыншы ойыннан шығады.

Таңдалатын сөздер

  1. 1. Дөңгелек
  2. 2. Кемпірқосақ

Бағалау

  • Әр дұрыс сөз — 1 ұпай.
  • Әріптердің орны өзгермейді.
  • Уақыт пен дәлдік маңызды.

V бөлім — «Кім болам?»

Бес минуттық ойтолғау: сайыскерлер болашақ мамандығын таңдаудағы мақсатын және неліктен сол мамандықты қалайтынын баяндайды.

Тірек ой

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар, қалан» — Абай.

Ойыншылар ой түйгенше, 4 «А» сынып оқушылары патриоттық өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

Көрермендермен интерактив

Әділқазылар алқасы жалпы ұпайды есептеп шығарғанша, көрермендер арасында сайыс ұйымдастырылады: әннің жасырылған сөздерін табу және бірге орындау.

«Атамекен»

Сөзі: Қ. Мырзалиев • Әні: Е. Хасанғалиев

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,

Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.

Маңдайымнан сипап өткен самалды

Қазағымның алақаны деп білем.

Қайда жүрсем — атамекен, көкейіңде жатады екен,

Күннің өзі қимай оны ұясына батады екен.

Тапсырма:

Көрермендер жасырылған сөздерді тауып, әнді бәріміз бірге шырқаймыз.

Қорытынды

Марапаттау

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар марапатталады.

Қорытынды ән

Ән: «Жаса, Қазақстан!»