Тақтадағы жануарлардың төлдерін атау
Сабақтың технологиялық картасы
Білім беру ұйымы
Рудный қалалық әкімдігінің №18 орта мектебі (КММ)
Педагог
Досымбетова Гүлсім Тұрдыбекқызы
Бағыт
- Қатынас
- Таным
- Шығармашылық
Сала
Тіл дамыту
Тақырып
«Төрт түлігім – ырысым»
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
- Үй жануарлары туралы түсініктерін тереңдету.
- Үй жануарларының төлдерін ажыратып айтуға және дыбыстауын меңгерту.
- Төрт түліктің пайдасын және олардан алынатын өнімдерді таныстыру.
Дамытушылық
- Сөздік қорын байыту, ойлау қабілетін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс істеуге машықтандыру.
- Ұлтжандылық сезімін ояту.
Тәрбиелік
- Үй жануарларына күтім жасауға, қамқор болуға үйрету.
- Ересектер еңбегін құрметтеуге баулу.
Әдіс-тәсілдер, технология, көрнекіліктер
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Көрсету
- Салыстыру
- Топтастыру
Технология
- Ойын технологиясы
- Дамыта оқыту
- Сын тұрғысынан ойлау
Көрнекіліктер
- Төрт түліктің суреттері
- Құрт
- Тұзды қамыр
- Сүт өнімдері
Мотивациялық-шығармашылық кезең
«Шаттық шеңбері»
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті жүреміз.
Тілек айтып өзара,
Шаттықпенен күлеміз.
Жүрегіміз сиқырлы,
Тілекке толы әр түрлі.
Сабаққа дайындық ережесі
Балалар мен мұғалім бірге:
Ұл сымбатты, қыз сұлу болу үшін әрдайым…
Мұғалім:
Денеміз…
Балалар:
Тік.
- Аяғымыз орнында.
- Қолдарымыз партада.
- Ережені сақтаймыз.
- Сабақты енді бастаймыз.
Ізденіс-ұйымдастырушылық кезең
Дидактикалық ойын: «Ненің дауысы?»
Балалар, мұқият тыңдаңдар: қандай жануардың дауысын естіп тұрсыңдар?
Суретпен жұмыс және жетекші сұрақтар
- Суреттердің ішінен сиырды көрсет.
- Сиыр қайда болады?
- Сиыр қалай дыбыстайды?
- Сиыр не жейді?
- Сиыр бізге не береді?
- Сиырды қалай шақырады?
Дауыстарын тыңдау арқылы жылқы, қой, түйе және ешкіні ажыратып, суретпен жұмыс жасай отырып сұрақтарға жауап береді.
Бұл жануарлардың барлығы үй жануарлары, ал басқаша атауы — төрт түлік.
Салыстыру тапсырмасы: түйе мен сиыр
Ұқсастықтары
- Үлкен үй жануарлары
- Екі көзі, екі құлағы, аузы, мұрны бар
- Төрт аяқты
Айырмашылықтары (мысал)
- Түйеде өркеш болады.
- Түйеден шұбат алынады, жүк тасуға көлік ретінде пайдаланылады.
Ескерту: Сиырдың ерекшеліктерін балалар өздері толықтырады.
Қорытынды: біз үй жануарларын жақсы біледі екенбіз. Бүгін сабақта 3 орталықпен жұмыс жасаймыз.
Орталықтармен жұмыс (6–7 минут)
1) Ғылым орталығы
Сүт өнімдерінің түрлерін зерттеп, танып білеміз.
- Сүт, қымыз, шұбат — нені білдіреді?
- Сүттен жасалатын тағам түрлерін көрсету.
- Ет тағамдарын суреттер арасынан тауып, қоршап көрсету.
2) Өнер орталығы
Тұзды қамырдан құрт жасап үйренеміз және оны «Қазақстанда жасалған» таңбасымен безендіреміз.
Нәтиже:
Ұқыптылық, пішіндеу дағдысы, ұлттық тағамға қызығушылық.
3) Кітап орталығы
Білімімізді одан әрі тереңдетеміз.
- Ойын: «Асық алу»
- Жұмбақтар арқылы төрт түлікті тану
Жұмбақтар
Кішкене ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: Қой
Мінсең көлік болады, жақындасаң қасына, қорқытады баланы.
Жауабы: Түйе
Төрт бұлағы сүт, баққанға ол — құт.
Жауабы: Жылқы
Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар. Мойны ұзын, көзі үлкен — бұл не?
Жауабы: Түйе
Екі айнасы бар, екі найзасы бар, төрт жаптырмағы бар, бір шыбыртқысы бар.
Жауабы: Сиыр
Төрт аяғы бар, басында екі таяғы бар, иегінде екі сақалы бар.
Жауабы: Ешкі
Сақалы бар, санасы жоқ.
Жауабы: Ешкі
Орталықтарға 6–7 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғанда белгі бойынша ортаға жиналамыз.
Сергіту сәті
Сабау алып қолыма,
Қойдың жүнін сабадым.
Уызын ішіп сиырдың,
Уықтарды қададым.
Қимыл-қозғалыспен бірге орындалады.
Тіл дамыту және бекіту жұмыстары
«Төл» ұғымын бекіту
Балалар, малдың баласын қалай атайды?
Малдың баласын төл дейді.
Дыбыстық талдау: «төл»
- Неше дыбыс, неше әріп бар?
- Буынға бөлу.
- Неше дауысты дыбыс, неше дауыссыз дыбыс бар?
- Дыбыстарды текшемен белгілеу.
- Текшемен сөзді құрастыру.
Сәйкестендіру тапсырмалары
Ауызша жұмыс
- Суреттегі жануарларды төлдерімен қосып айту.
- Тақтадағы жануарлардың төлдерін атау.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Алдарыңда ақ парақ бар. Келесі бетін аударсаңдар, тапсырма беріледі: үй жануарларын төлдерімен сызық арқылы қосыңдар.
Негізгі ой
«Төрт түлік» — халқымыздың тұрмыс-тіршілігімен біте қайнасқан құндылық. Бұл сабақта балалар үй жануарларын танып, олардың төлін ажыратып, пайдасы мен өнімдерін білу арқылы тілін дамытып, еңбекке құрмет пен қамқорлыққа тәрбиеленеді.