Герда ссен қайдан жүрсің
Феяның жаңа жылдық құттықтауы
Фея: Армысыздар, ардақты ағайын! Ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын, шат күлкіге толы болсын маңайың. Көргенде де, көрмегенде де арманда — Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын, ай жүзіндей айшықтанып арайың. Жаңа шуақ, бойға қуат әкелген — Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!
Бәрекелді! Бүгінгі жаңа жыл кешін әсем әнмен, сәнді бимен көңілді өткізелік.
Фея: Балалар, сендерге бір әдемі ертегі айтып берейін бе? Тыңдағыларың келсе, онда тыңдаңдар…
Ертегі басталады: Кай мен Герда
Ғажайып мекен
Ертеде алыс бір мекенде ғажайып ормандар, әдемі таулар, құлпырған гүлзарлар болыпты. Құстар сайрап, тиіндер ойнаған сондай көркем өлкеде Кай мен Герда атты екі бала өмір сүріпті.
Раушан гүлі және достық
Кай: Герда, қарашы, раушан гүліміз гүлдепті!
Герда: Иә, Кай, қандай әдемі!
Кай: Гүлдеріміз бір ыдыста бірге өссін. Екеуіміз сияқты ажырамас дос болсын.
Герда: Жарайды.
Екеуі гүлдерді бір ыдысқа отырғызады. Сол сәтте әжесінің дауысы естіледі, балалар үйге қарай жүгіре кіреді.
Қыс келеді: Қыс Ханшайымы туралы аңыз
Фея: Жаз өтіп, күз кетіп, қыс түседі. Ақ қар жер бетін жапқанда, балалардың ойына сан сұрақ келеді.
Герда: Әже, қар қандай әдемі! Қар қайдан пайда болады?
Кай: Иә, әже, айтып беріңізші.
Әже: Қыс келгенде қарды бізге сонау алыстағы Қыс Ханшайымы жібереді. Оның патшалығынан боран, аяз, үскірік жетеді. Ол — мұзды қала, мұз сарай.
Герда: Қыс Ханшайымы сұлу ма?
Әже: Иә, өте сұлу, жалтырап тұрады. Бірақ суық, жылуды жақтырмайды.
Герда: Мен одан қорқамын.
Кай: Ал мен қорықпаймын! Келсін алдыма, ұстап алып, ыстық пешке салып жіберемін! Ха-ха-ха!
Сол сәтте Қыс Ханшайымы ашуға мінеді.
Қыс Ханшайымы: Не дейді мына бала?! Мені ешкім жеңе алған емес, жеңе де алмайды!
Ол айнасын шағып жібереді де, боран мен мұзды шақырып, бәрін тоңдыруға бұйырады.
Боран үйге кіреді
Терезе тарс ашылып, боран үйге лап қояды. Сол сәтте Кайдың көзіне мұздың сынығы кіріп кетеді.
Кай: Ай, көзім! Бірдеңе кіріп кетті… Ауырып барады… Жүрегім!
Герда: Кай, не болды? Көрсетші!
Кай: Жолама! Болды, басылды. Тарт қолыңды!
Кайдың мінезі өзгеріп кетеді: гүлдерді жамандайды, теуіп құлатады, Герданы қармен атып, қарқылдап күледі.
Қыс Ханшайымы Кайды алып кетеді
Қатты боран көтеріліп, Қыс Ханшайымы ат шанасымен келеді. Кай шанаға отырып алады да, көзден ғайып болады.
Герда: Кай… Кай! Қайда кеттің? (Жылап қалады.)
Қыс патшалығы: мұзға айналған жүрек
Қыс Ханшайымының уәдесі
Қыс Ханшайымы: Кай, патшалығым саған ұнай ма?
Кай: Иә, өте әдемі!
Қыс Ханшайымы: Мен саған зор күш беремін. Саған бәрі бағынатын болады.
Бірақ Кай өзін де, қайдан келгенін де ұмыта бастайды. Жүрегіне жылу қонбай, мұз салқындығы билейді.
Герданың серті
Герда болса: «Қайтсем де табамын!» — деп жолға шығады. Қиындық көп болса да, үмітін үзбейді.
Герда: Кай, сені қайдан іздеймін? Қайда жүрсең де табамын. Қорықпа, Кай!
Іздеу жолы: сарай, қателік және жақсылық
Қарғаның ақылы
Қарға: Кар-кар! Неге жалғыз мұңайып отырсың?
Герда: Досым Кайды іздеп жүрмін. Қайдан табарымды білмеймін.
Қарға: Мен қызмет ететін сарайда саған жасты бір бала пайда болды. Мүмкін, сол Кай шығар. Жүр, бірақ тығылып кіреміз — күзет бар.
Сарайдағы үміт үзіледі
Сарайда Герда «Кай!» деп ұмтылады. Бірақ ол басқа бала болып шығады. Герда жылап қалады, күзетшілер жүгіріп келеді.
Бекзада: Бұл кім? Қайдан кіріп кеткен?
Бегім: Атың кім, қызым? Қайдан келдің?
Герда: Менің атым Герда. Кайды іздеп жүрмін. Онсыз өмір сүре алмаймын.
Сарайдан қолдау
Бегім: Жылама, Герда. Сен оны табасың.
Бекзада: Жаяу таппайсың. Біз сені жолға дайындайық: карета да, күзет те береміз.
Гердаға жылы киім әкелінеді. Ол каретаға мініп, сапарын жалғастырады. Достары қоштасып қол бұлғайды.
Герда: Рахмет сендерге, достарым!
Қарақшылар үңгірі: мейірім күтпеген жерден табылады
Жол үстінде қасқыр ұлыған дауыс естіледі. Қарақшылар каретаны тоқтатып, тонап кетеді. Герданы ұстап әкетеді.
Қарақшының баласы: Тоқта! Бұл — менің ойыншығым. Тиіспеңдер!
Герда: Мен сенің ойыншығың бола алмаймын. Жібер мені!
Қарақшының баласы: Сөйлеспе. Ешқайда қаша алмайсың.
Герда көз жасына ерік береді: Кайдың суықта тоңып, бір жерде қасқырға жем болып кетуінен қорқады. Осы сәтте қарақшының баласының жүрегі жібиді.
Қарақшының баласы: Жылама. Ол өлмейді. Мен сені босатамын. Тап оны! Бар!
Қарақшының баласы: Тоқта, мына бұғы саған көмектессін.
Герда: Рахмет, досым. Рахмет!
Бұғымен жолға шығу
Герда бұғымен бірге қайта жолға шығады. Бірақ боран күшейіп, жол ауырлайды.
Аязды түн және шаманның ескертуі
Шаршаған бұғы
Боранға қарсы жүре алмай, бұғы әбден титықтап, қар үстіне құлап түседі.
Бұғы: Герда, кешір. Бұдан әрі шамам келмейді.
Герда: Қайырымды бұғы, мен сені бұл жерде қалдырмаймын.
Екеуі тоңып, қалғып кетеді.
Шаманның сөзі
Шаман оларды тауып алып, үйіне апарып, жылытып, киімін кептіреді. Герда оянып, бірден Кайды сұрайды.
Герда: Мен қайдамын? Кай қайда?
Шаман: Далада қатты аяз. Әуелі демал. Ал Кайды Қыс Ханшайымы асырап алған. Ол оның сарайында.
Оның жүрегі мұзға айналған.
Герда: Жүрегі… мұз? Кай!
Герда тоқтамастан сыртқа жүгіріп шығып кетеді.
Мұз сарайындағы шешуші сәт
Кайдың жанары суық
Герда мұз сарайына жетеді. Кай мұз текшелермен ойнап отырады.
Герда: Кай! Кай!
Бірақ Кай оны танымайтындай, суық көзбен қарайды. Сол сәтте Қыс Ханшайымы кіріп келеді.
Мейірім мұзды ерітеді
Қыс Ханшайымы: Кай сені танымайды. Бекерге тырыспа! Оның жүрегі мұзға айналған!
Герда Кайды құшақтап, жібермей қояды.
Кай жүрегін ұстап, ауыр күрсінеді. Көзін ашып-жұмып, есін жинағандай болады.
Кай: Герда?.. Сен қайдан жүрсің? Біз қайдамыз?
Қыс Ханшайымы боранды күшейтіп, екеуін қайта мұздатуға тырысады. Бірақ олар құшақтасқан күйі берілмейді.
Көмекке келгендер: Ақшақар, Фея және жылдар алмасуы
Ақшақардың алаңдауы
Ақшақар келеді де, мұз болып қатып тұрған Кай мен Герданы көреді.
«Осындай зұлымдық жасауға бола ма?»
Ол балаларды Феяны шақыруға үндейді.
Феяның күші жеткіліксіз
Фея: Көмегім керек пе?
Фея сиқырлы таяқшасымен жібітуге тырысады, бірақ мұзды толық еріте алмайды.
Алда басқа амал қажет болады.
Жылқы жылы және жаңа жылға үндеу
Ақшақар балаларға жыл ауысатынын еске салады. Жылқыны көмекке шақырады.
Төрт мезгіл өтті міне алып-ұшып,
Сәйгүлік өтті барады дүние құшып.
Амандық белгісімен жылқы жылы,
Шақырамын өзіңді көмек тосып.
Жылқының кеңесі: жаңа жылды шақыру
Жылқы: Күшім әлсіреп барады. Бірақ таптым: келер жаңа жылды шақырайық.
Жылқы: Қой жылы, тез кел! Қой жылы, тез кел!
Қойдың мейірімі бәрін жылытады
Қой: Мә-ә-ә! Неге мені жайылымнан ерте шақырдыңдар десем, балалар екен ғой.
Ақшақар: Момын қойым, көмегің керек. Екі досты қалай құтқарамыз?
Қой: Қазір екеуін қалың, жұмсақ теріммен жылытайын.
Қой екеуін бауырына басқанда, мұздың ызғары қайтып, Кай мен Герда қайтадан есін жияды.
Олар бір-бірін көріп, қатты қуанады.
Ақшақар: Көмектеріңе рахмет!
Аяз атаны шақыру және мерекелік финал
Ақшақар: Енді Аяз атамыз мына орманда адасып, бекерге шаршамасын. Қай жерде екенімізді білдірейік. Дауыстап шақырайық!
Балалар Аяз атаны шақырады. Кейін өз өнерлерін көрсетіп, тақпақтарын айтып, сыйлықтар алады. Жаңа жыл кеші шаттыққа толып, мереке жалғасады.