Желкелей берер бұл заман, Жетелей берер шырғалаң

Бүтіннің бәрі тесіліп,
Тесіктің бәрі көміліп,
Бойшаңның бәрі кесіліп,
Толының бәрі төгіліп,
Төгінділер шашылып,
Кесінділер мүжіліп,
Шашынды шаң боп таусылып,
Мүжінді күл боп үгіліп,
Шаң шашырап бозаң боп,
Күл шашылып тозаң боп,
Тұтастар түгел тұтылып,
Толылар тегіс жұтылып,
Айлалылар ұтылып,
Айбарлылар мытылып,
Майса толып шалғын боп,
Майда бойлап балғын боп,
Қайтқанша кеткен қапылар,
Ес жиғанша жабылар,
Көгере қоймас көсеге,
Түзеле қоймас пешене,
Ортая берер бұл тірлік,
Орнай қоймас бүтіндік,
Жел желігіп, бұлт бүркіп,
Желпілдей берер бұл түндік.
Желкелей берер бұл заман,
Жетелей берер шырғалаң.
Шытырман болар сыбағаң,
Шығады аман шыдаған.
Төзімнен басқа жоқ шараң,
Өзіңнен басқа жоқ панаң.
Қолтыққа су бүріккен,
Тақымға ине жүгірткен
Елбендерге елікпе,
Желбендерге желікпе
Түспейін десең өртке.
Бөрлікпе де, бөрітпе,
Тұрғанда соңғы сынақ қап,
Шыдап бақ, қазақ, шыдап бақ!



Ұқсас жұмыстар

ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИЯ
Адамның психофизикалық сипаттамасы мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері
ТАМАҚТЫ ШИКІЛЕЙ ЖЕУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Әбіш Кекілбаев шығармалары мол мұра
Уәлихан Омарұлы - публицист
Көркемдік тәжірибе және ақындық шеберлік
Қоректік заттар және денсаулық
ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ПСИХИКАЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ДЕНСАУЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Тәуке ханның Жеті Жарғысынан әлеуметтік-саяси мазмұны мен маңызы
Стресті тудыратын факторлар
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Жаңа заман талабы
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Берелдің берері берекелі
Кәзіргі Заманғы Әлемдік дамудың күрделі мәселесі
Жаңа заман мәдениеті
Жаңа заман философиясы
КІТАП БІЛІМ БҰЛАҒЫ
Жаңа замандағы саяси ой
Қазақстандағы қазіргі заманғы қоғамдық-саяси жағдай