Оқушыларға тамыр және тамыр жүйесінің құрылысын, атқаратын қызметі жайлы білім беру
Тақырыбы: Тамыр және тамыр жүйесі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақ беру әдістері
Сұрақ-жауап, баяндау.
Мақсаты
- Оқушыларға тамыр мен тамыр жүйесінің құрылысы және атқаратын қызметі туралы білім беру.
- Тамырдың адам өміріндегі пайдасын түсіндіру, экологиялық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Тамырдың суреті, плакаттар, тірек-сызбалар.
Жаңа сабақ: өсімдіктердің вегетативтік мүшелері
Құрылымдық деңгейлер
Мүше — өзіндік құрылысы бар және белгілі бір қызмет атқаратын ағзаның бөлігі.
Өсімдіктің мүшелері
- Вегетативті (өсуге қатысады): тамыр, сабақ, жапырақ.
- Генеративті (көбеюге қатысады): гүл, жеміс, тұқым.
Неге мүшелерге жіктеледі?
Қоршаған орта жағдайларының әсерінен өсімдіктер ұзақ уақыт бойы бейімделіп, біртіндеп жеке мүшелерге бөлініп дамыған.
Вегетативті мүшелер жүйесі гүлді өсімдіктерде айқын жақсы дамыған.
Вегетативті мүшелер жүйесі
Өркендер жүйесі
Сабақтар мен жапырақтардан тұрады.
Тамырлар жүйесі
Тамырлардан тұрады.
Тамыр және оның қызметі
Тамыр — өсімдіктің негізгі, жер асты мүшесі. Ол ұшынан шектеусіз өседі және өсімдіктің тіршілігі үшін маңызды қызметтер атқарады.
Негізгі қызметтері
- Топырақтан су мен еріген минералды заттарды сіңіреді.
- Сіңірілген заттарды сабаққа өткізеді.
- Өсімдікті топыраққа берік орнықтырады.
- Қоректік заттарды қорға жинайды.
Тамырдың шығу тегіне қарай түрлері
Негізгі тамыр
Ұрықтан өсіп шығады.
Жанама тамыр
Негізгі тамырдан, көбіне сору аймағында пайда болады.
Қосалқы тамыр
Өсімдіктің әр түрлі мүшелерінен пайда болады.
Тамыр жүйесі
Тамыр жүйесі — бір өсімдікте болатын әр түрлі тамырлардың жиынтығы.
Кіндік тамыр жүйесі
Негізгі тамыр өте жақсы жетіледі.
Мысалдар
Асбұршақ, асқабақ, қауын, күнбағыс, жоңышқа.
Шашақ тамыр жүйесі
Негізгі тамыр болмайды немесе нашар дамиды.
Мысалдар
Пияз, бидай, жүгері, арпа, сұлы, тары.
Тәжірибелік бөлім
Кеспелермен жұмыс
Оқушыларға тамырдың суреті бейнеленген кеспелер таратылады. Тапсырма: суреттегі тамыр түрлерін анықтау.
Зертханалық жұмыс №5
Зертханалық жұмысты нұсқаулық бойынша орындау.