Қыран тобын шақырамыз, Байысовтар отбасы

Мектеп Спорт Отбасы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Армысыздар, ағайын-ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және жанкүйер қауым! Бүгінгі мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер. Көңілді көтеріп, қол соғып қолдап отырайық — бұл күн сіздерді шаршаудан арылтып, қуанышқа бөлесін.

Бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымыздың ақтық кезеңіне жиналдық. Бұл — жарыс қана емес, бірлік пен ынтымақты дәріптейтін отбасы мерекесі.

Мақсат пен ереже

Мақсаты

  • Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді қатыстыру.
  • Тапқырлық, білгірлік, әртістік қабілет пен достықты байқату.
  • Отбасылық командалық рухты күшейту.

Бағалау тәртібі

Әр кезең бойынша әділқазылар алқасы 1–5 ұпай аралығында баға береді. Әр кезеңнен кейін ұпайлар жарияланып отырады.

Ескерту

Әділқазылар алқасымен таныстыру және алғашқы сөзді мектеп директорына беру қарастырылады.

Командалар

Сайысқа 2, 3, 4-сыныптардан шыққан жеңімпаз отбасылар қатысады. Қарсы алыңыздар:

«Қыран» тобы

2-сынып жеңімпаздары

№1

Байысовтар отбасы

«Жас қанат» тобы

3-сынып жеңімпаздары

№2

Оспановтар отбасы

«Қабылан» тобы

4-сынып жеңімпаздары

№3

Жағыппаровтар отбасы

Сайыс кезеңдері (10 кезең)

Әр кезең аяқталған соң әділқазылар алқасына сөз беріліп, ұпайлар сұралады және жарияланады.

1-кезең — Дәл түсу

Баскетбол

Баскетбол добымен кедергілердің арасынан өтіп, шығыршыққа (кольцоға) доп лақтыру.

2-кезең — Қаппен секіру

Ептілік

Қаппен секіріп барып, шырын ішіп, қайтадан қаппен секіріп кері қайту.

3-кезең — «Өрмекші» сайысы

Команда

Әкесі мен ағасы кезектесіп допты алға жылжытады; баласын көтеріп, белгіленген межеден оралып қайтады.

4-кезең — Ракетка

Кезектесу

Әкесі мен анасы кезектесіп допты алға жылжытады; баласын қолына көтеріп, қайтып келіп тапсырманы аяқтайды.

Бұл кезеңнен кейін әділқазылар алқасына сөз беріледі және ұпайлар жарияланады.

5-кезең — Кім жылдам?

Жылдамдық

Баскетбол добымен кедергілерден өтіп барып, қайтарда секіртпемен (скакалкамен) оралу.

6-кезең — Мергендер

Нысана

Волейбол добын 3 метр қашықтықтан шелекке дәл түсіру.

7-кезең — Дәл түсу (кегля)

Дәлдік

Кегляларды қойып, допты кегляға дәл лақтыру.

Бұл кезеңнен кейін де әділқазылар алқасына сөз беріліп, ұпайлар жарияланады.

8-кезең — Шарикті алып жүгіру

Тепе-теңдік

Үлкен ас қасықтағы теннис добын түсіріп алмай, кедергілерден өтіп келесі қатысушыға тапсыру.

9-кезең — Допты аяқ арасынан өткізу

Үйлесім

Отбасы бір қатарға тізіліп тұрады, аяқтары иық көлемінде ашық. Әкесі допты аяқтың арасымен артқа өткізеді. Соңғы бала допты алып, алдыңғы қатарға тұрып, қайтадан аяқ арасымен өткізуді жалғастырады. Команда өз орнына толық оралғанша ойын жүреді.

10-кезең — Арқан тартыс

Қорытынды

Отбасылар арасында арқан тартыс өткізіледі.

Қорытынды сөз

Сөз кезегі әділқазылар алқасында: бүгінгі сайыстың қорытындысын жариялап, жеңімпаздарды марапаттауларыңызды сұраймыз.

Осымен «Толағай» отбасылық сайысы аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын. Көп рақмет!

Ұйымдастыру туралы

О. Жұмабеков атындағы ОМ базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ

Дене шынықтыру пәні мұғалімі: Мағзұмова Д.