Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні наурыз туралы түсінік бере отырып, Наурыз тойы өлеңімен таныстыру
Сабақтың мақсаты
Білімдік
Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні — Наурыз туралы түсінік беру және «Наурыз тойы» өлеңімен таныстыру.
Дамытушылық
Тіл байлығын арттыру, сөздік қорын байыту, ойды еркін әрі нақты жеткізуге баулу.
Тәрбиелік
Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге, құрметтеуге және дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды сабаққа даярлау.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Жаттығу-ұран
Мақсатымыз — білім алу,
Міндетіміз — еңбектену.
Еңбек етіп жұмыла,
«Беске» қолды жеткізу.
Топқа бөлу
I топ
Наурыз
II топ
Сәуір
III топ
Мамыр
II. Қызығушылықты ояту
Сұрақтар
- Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай?
- Көктем айларын атаңдар.
- Наурыз айында қандай мерекелер тойланады?
Топтастыру: «Көктем»
III. Мағынаны тану
Мұғалімнің түсіндіруі
Наурыз — парсы тілінен енген сөз: «нау» — жаңа, «рыз» — күн. Яғни бұл — жаңа күн, жаңа жылдың алғашқы күні. Осы кезде қар еріп, жер көктеп, тіршілік қайта жаңғырады. Наурыз күні адамдар бір-біріне ізгі тілек айтып, өлең арнап, ән шырқайды.
Сергіту сәті
Көктем келсе жадырап,
Таулардан су ағады.
Құстар қайта оралып,
Қанат қағып ұшады.
IV. Ой толғаныс
I топ — «Наурыз»
Наурыз тойы туралы ауызша әңгіме құрау.
II топ — «Сәуір»
Бата сөзін жатқа айту:
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
III топ — «Мамыр»
Наурыз көжеге қажетті тағамдарды атау.
Қорытынды тапсырма: «Ұйқасын тап»
Қар менен мұз … жібіді
Жердің тоны … еріді
Жер астына құт … ұқтырды
Қыс кеткенін … кірді
Ескерту: Жауаптар оқушылардың жас ерекшелігіне сай талқылау арқылы толықтырылады.
Суретпен жұмыс
- 1) Наурыз айында дайындалатын тағам: Наурыз көже.
- 2) Көктемнің алғашқы гүлі: бәйшешек.
- 3) Қазақтың жаңа жылы: Наурыз.
Шығармашылық жұмыс
«Көктем» тақырыбына бес жолды өлең құрастыру.
Үй тапсырмасы
I топ — «Наурыз»
Мәтінді мазмұндау.
II топ — «Сәуір»
Бата жаттау.
III топ — «Мамыр»
«Көктем» тақырыбына эссе жазу немесе Наурыз туралы сурет салу.