Алтай арқары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
Шерхан Мұртаза. «Бөрте мен Зөре»
Сабақтың типі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- СТО әдістері: Венн диаграммасы, топтастыру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Көрнекіліктер
- Шерхан Мұртазаның портреті
- Қазақстанның Қызыл кітабы
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, қазақ тілі
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Әңгіменің мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру, табиғаттың адам өміріндегі маңызы туралы білімді тереңдету.
Дамытушылық
Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, өз ойын нақты жеткізуге және өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Табиғатты сүюге, аялауға және қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Сыныпта жұмысқа бағыттайтын қысқа нұсқаулық беру.
II. Психологиялық дайындық
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жылы тілек айтады. Достық туралы шағын өлең оқылады:
Сен күлгенде күледі,
Ойыңды айтпай біледі.
Ренжісең, ренжіп,
Сенімен бірге жүреді.
Сырыңды барып айтасың,
Үйге бірге қайтасың.Тақырыптық түйін: достық
III. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Ұстаз» өлеңі
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Өлең мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
Оқулықпен жұмыс (сұрақтар)
- Өлеңде кім туралы жырланған?
- Бірінші шумақта ұстаздың мейірімділігі туралы не делінген?
- Ақын ұстазды кімдерге теңейді? Неліктен?
- Үшінші шумақта ұстаздың қажырлы еңбегі қай жолдарда айтылған?
2) Автор туралы мәлімет
Жұбан Молдағалиев (1920–1989) — Орал облысы, Тайпақ ауданы, Сайқұдық өңірінде туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Ақын әрі жазушы. Балаларға арналған «Қызыл галстук» поэмасын жазған.
Сөздік жұмысы
«Суарып білім — шәрбатпен» тіркесінің мағынасын түсіндіріп айту.
Шығармашылық тапсырма
«Менің ұстазым» тақырыбында шағын әңгіме құрастыру.
Ұстаз — білімді, мейірімді, қамқор, екінші ана.
Өткен сабақты бекіту: Венн диаграммасы
Ұстаздың бейнеті
- Ыстық-суыққа қарамай еңбек ету
- Шыдамды болу
- Төзімділік таныту
Ұстаздың зейнеті
- Еңбегі бағаланады, еленеді
- Елге көмегі тиеді
- Алғыс алады, еңбегінің рахатын көреді
Жаңа сабақ: Шерхан Мұртаза — «Бөрте мен Зөре»
Қызығушылықты ояту: жұмбақ
Оқушыларға төмендегі жұмбақ ұсынылады:
Жақпар тастың өркешіне
Секіреді құламай.
Қия құздың өр төсіне
Орғып шығар ол оңай.
Автор туралы
Шерхан Мұртаза — көрнекті қазақ жазушысы, белгілі қоғам қайраткері. Ол 1932 жылғы 28 қыркүйекте Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ өңірінде дүниеге келген. 1955 жылы Мәскеудегі М.В. Ломоносов атындағы мемлекеттік университетті тәмамдаған. Әр жылдары «Жазушы» баспасында редактор, сондай-ақ республикалық басылымдар мен журналдарда бас редактор қызметін атқарған.
Мәтінмен жұмыс
- Әңгімені түсіндіріп оқу.
- Әңгіме не туралы екенін анықтау.
- Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қою.
- Әр бөліктегі оқиғаны қысқаша баяндау.
- Нұржанның іс-әрекетіне талдау жасау.
Бөлім атаулары (үлгі)
- I Кішкентай қозықа
- II Нұржанның қамқорлығы
Сөздік жұмысы
- Құлжа
- Арқардың аталығы.
- Қозықа
- Арқардың төлі (қозысы).
- Әлімжеттік жасау
- Күш көрсету, зорлық жасау.
- Тасада
- Көзге бірден түспейтін жерде, тасалау тұста.
Ой қозғау: проблемалық сұрақ
Егер сен Нұржанның орнында болсаң, не істер едің? Әр оқушы өз пікірін дәлелмен айтады.
Қорытынды: арқар туралы мәлімет
Негізгі сипаттама
- Арқар — аша тұяқты жануар.
- Дене бітімі сымбатты; биіктігі шамамен 125 см-ге, салмағы 200 кг-ға дейін жетеді.
- Еркегі де, ұрғашысы да мүйізді; еркегі құлжа деп аталады.
- Қазақстанның таулы өңірлерінде мекендейді, үйірімен жүреді.
- Көбею кезеңі — жаз; көбіне егіз туады.
- Басты жауы — қасқыр мен борсық.
Неліктен қорғау қажет?
Арқар — еті дәмді, терісі сапалы кәсіптік аң. Сол себепті оны аулауға тыйым салынған және Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Қызыл кітапқа енгізілуі
Арқардың сирек түрлері қорғауға алынып, табиғи мекенінде сақталуы қадағаланады.
Арқардың түрлері (Қазақстан бойынша)
- Үстірт арқары Маңғыстау өңірінде мекендейді.
- Алтай арқары Алтайда ғана таралған.
- Қызылқұм арқары Қызылқұм өңірінде мекендейді.
- Қазақстан арқары Орталық Қазақстан тауларында кездеседі.
- Тянь-Шань арқары Тянь-Шань және Жоңғар Алатауында таралған.
- Қаратау арқары Қаратауда мекендейді.
Қазақстан қорықтары (жануарларды қорғау және көбейту)
| № | Атауы | Құрылған жылы |
|---|---|---|
| 1 | Ақсу-Жабағылы | 1926 |
| 2 | Алматы | 1935 |
| 3 | Марқакөл | 1976 |
| 4 | Батыс Алтай | 1992 |
| 5 | Қорғалжын | 1959 |
| 6 | Наурызым | 1930 |
| 7 | Барсакелмес | 1939 |
| 8 | Үстірт | 1984 |
| 9 | Алакөл | 1998 |
Үй тапсырмасы
1) Мазмұндау
«Бөрте мен Зөре» әңгімесі (65–68-беттер) — мазмұндау.
2) Зерттеу-жазба
Әр оқушы өзі қамқорлыққа алған (немесе ұнататын) жануар туралы қысқаша мәтін жазып келеді: мекені, қорегі, ерекшелігі және оны қорғау жолдары.