Көнерген сөздерді табыңдар

Мақсаттар жүйесі

Жалпы мақсат

Өткен оқу жылында сөзжасам тарауы бойынша алған білімдерін еске түсіру, пысықтау және тиянақтау.

Білімділік

Бұрын меңгерген мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарын нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою. Ауызша және жазбаша талдау арқылы білімді бекіту.

Тәрбиелік

Ізденімпаздыққа, өз ойын нақты айтуға, сауатты жазуға және ұқыптылыққа баулу. Бір-бірін тыңдай білуге үйретіп, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін шыңдау, зейінді тұрақтандыру, еркін сөйлеуге баулу және талдауға дағдыландыру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқу құралдарын түгендеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

29-жаттығу: қарапайым сөйлемді тұрақты тіркеспен өрнектеп айтуға ізденіп келу. Үй жұмысы тексеріліп, сұрақтар қою арқылы өткен тақырыптар бойынша қорытынды жасалады.

III. Бекіту жұмыстары

1) Тірек сөздермен өлең құрастыру

Берілген тірек сөздерді пайдаланып өлең жазыңдар (синоним, антоним).

Сөз Мағыналас / Қарама-қарсы
Шолақ қысқа
Бар жоқ
Мүсін нұсқа
Аш тоқ
Әдемі сұлу
Қисық түзу
Ыстық жылу
Жөндеу бұзу
Мықты берік
Қараңғы жарық
Ажар көрік
Семіз арық

2) Ұйқасын тап

Ұйқасы омоним болатындай етіп бос орындарды толтырыңдар.

1)

Бала үшін әкелер, ...

Көмекке келсе шешеміз, ...

2)

Жалтақтайсың тау жаққа,

Ентелейсің бау-баққа.

Бөрі тап боп жүрмесін,

Ұзай көрме (аулаққа).

Қосымша сұрақтар

  1. Қарамен жазылған сөздерді қандай басқа сөздермен ауыстыруға болады?
  2. Дауыссыз дыбыстарды табыңдар.

Қорытындылау: қайталауға арналған тест

Төмендегі тапсырмалар арқылы оқушылардың негізгі ұғымдарды қаншалықты меңгергені тексеріледі.

1. Лексика нені зерттейді?

  • A) тіл дыбыстарын
  • Ә) сөз мағыналарын, сөздік қор мен сөздік құрамды
  • Б) сөз тіркестерін
  • В) тыныс белгілерін

2. Дауысты дыбыстардың жасалу ерекшелігін табыңдар:

  • A) өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырайды
  • Ә) салдырдан тұрады
  • Б) өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырамайды
  • В) үн мен салдырдан тұрады

3. Көнерген сөздерді табыңдар:

  • A) уәзір, болыс, ояз
  • Ә) тұқым, тоқаш, кәсе
  • Б) қырықтық, қой тоғыту, қой төлдету
  • В) құжат, кеден, сынып

4. Диалект сөздерді табыңдар:

  • A) сым, құдағай, бәдірен
  • Ә) ұлтан, қайыс, біз
  • Б) қорамса, садақ, аға сұлтан
  • В) күпі, тулақ, шекпен

5. Жаңа сөздерді табыңдар:

  • A) зейнетақы, салымшы, келісімшарт
  • Ә) тарих, келі, диірмен
  • Б) келсап, ұршық, шошала
  • В) қойма, атыз, лапас

6. Біріңғай қысаң дауысты дыбыстардан тұратын сөзді табыңдар:

  • A) жұлдыз
  • Ә) әліппе
  • Б) балапан
  • В) өгіз

7. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай бөлінеді:

  • A) ұяң, үнді, қатаң
  • Ә) қатаң, еріндік, езулік
  • Б) ашық, қысаң, ұяң
  • В) үнді, жуан, жіңішке

8. Біріңғай буынды сөзді табыңдар:

  • A) егеуқұйрық
  • Ә) торғай
  • Б) баспана
  • В) ара

9. Тасымалданбайтын сөзді көрсетіңдер:

  • A) төрт
  • Ә) ешкі
  • Б) сауысқан
  • В) гүлдер

10. Тұрақты сөз тіркесін анықтаңдар:

  • A) құлақ аспау
  • Ә) құлақ — дене мүшесі
  • Б) құлағы жаурады
  • В) өз құлағымен естіді

IV. Жаңа сабақ

  1. Суретке қарап, тірек сөздерді пайдаланып мәтін жазыңдар.
  2. Тірек-сызба арқылы сабақты түсіндіру.

V. Пысықтау (жаттығулар)

36-жаттығу

Сызбаны негізге ала отырып, мысал келтіріңдер.

Үлгі

Дара сөздер

  • Түбір сөз: шешен
  • Туынды сөз: шешендік

Күрделі сөздер

  • Қос сөз: ағалы-інісі
  • Біріккен сөз: Айнұр, Нұрлан
  • Қысқарған сөз: ұжымшар, ТМД
  • Тіркескен сөз: он бес, өте кең

37-жаттығу

Түбір мен қосымшаны бөліп көрсетіңдер.

Үлгі: көр+ші

39-жаттығу

Берілген сөздерден жаңа сөздер жасаңыздар.

Мысалы: алабұға, оқу-ағарту, асық жілік

VI. Сергіту сәті: қызықты мәліметтер

Оқушыларға қысқа демалыс беріп, төмендегі сөйлемдер ішінен күрделі сөздерді табу ұсынылады.

  • Жақсы қаламсаппен 50 мың сөзге дейін жазуға болады.
  • Жыландар қоректенбей үш жыл ұйықтай алады.
  • Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
  • Ұша алатын жалғыз сүтқоректі — жарқанат.
  • Түйеге қарағанда егеуқұйрық шөлге төзімдірек.
  • Кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды.
  • Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады: қоян мен тотықұс.
  • Адам күлгенде жүректің жұмысы жақсарады.

42-жаттығу

Бірігу жолымен жасалған кісі есімдерін жазыңдар.

38-жаттығу

Мәтінді жалғастыра отырып, сөзжасам ережелерін ауызша еске түсіріп, мысалдарыңды жазбаша келтіріңдер. Соның негізінде қандай ереже тұжырымдар едіңдер?

VII. Қорытындылау

Сұрақ-жауап арқылы сабақтың негізгі ұғымдары жинақталып, оқушылардың түсіну деңгейі айқындалады.

VIII. Үй тапсырмасы

40-жаттығу: мақал-мәтелдердегі қосымшалардың түрлерін ажыратыңдар.

Үлгі: Ақыл+ды мақта+н+са, іс+ті тын+дыр+ар.

IX. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.