Сиқырлы үшбұрыш сайысы

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім» (Мұхтар Әуезов)

Сайыс туралы

Бұл материал 2-сынып оқушылары арасында өтетін «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық топтық сайысты ұйымдастыруға арналған.

Ойын барысы оқушылардың есептеу дағдысын ғана емес, байқампаздық, логикалық ойлау, ұйымшылдық және жауапкершілік сияқты қабілеттерін де дамытуға бағытталған.

Мақсаты

  • Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын және оқуға ынтасын арттыру.
  • Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
  • Оқушыларды ұйымшылдыққа, пәнге қызығушылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
  • Өзін-өзі тәрбиелеу, өз жетістігін бағалай білу мәдениетін дамыту.

Көрнекілігі

  • Безендірілген зал, нақыл сөздер
  • Карточкалық тапсырмалар, логикалық есептер
  • Әр топқа дайындалған үстел
  • Интерактивті тақта

Жалпы жоспар

  1. 1 Математикалық эстафета
  2. 2 Жұмбақтар
  3. 3 «Кім байқампаз?» ойыны
  4. 4 Логикалық сұрақтар (топ басшыларына)
  5. 5 «Сәйкестендіру»
  6. 6 «Сиқырлы үшбұрыш»

Кіріспе (жүргізуші мәтіні)

Қайырлы күн, қадірлі көрермендер! Баршаңызды «Ойнайық та, ойлайық» атты математикалық сайысымызға қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Әр команданы ортаға шақырамыз: 2 «А» сыныбы, 2 «Ә» сыныбы, 2 «Б» сыныбы.

Әділқазылар алқасы

Сайыскерлердің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасы әдістемелік бірлестік мүшелері арасынан құралады.

Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.

Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді.

1-кезең: Математикалық эстафета

Әр топ мүшелері уақытты үнемдей отырып, бірінен соң бірі есепті тез шығарады. Әр дұрыс шығарылған есепке 5 ұпай беріледі.

1-топ

  • (57 − 7) + 40 =
  • (20 + 60) − 10 =
  • (60 + 9) − 40 =

2-топ

  • 20 + (45 − 5) =
  • 60 − (39 − 9) =
  • 70 + (16 − 6) =

3-топ

  • 35 − (28 − 8) =
  • 44 + (30 − 10) =
  • 80 − (67 − 7) =

І кезең аяқталған соң, әділқазылар алқасы қорытынды ұпайды жариялайды.

2-кезең: Жұмбақтар

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1-топ

Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз.
Қонбады оның нешеуі?
Қане, кім тез шешеді?

Жауабы: 30 қаз

6 алманың 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

Жауабы: 4

2-топ

Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек.
10 үйрек тығылды,
10 үйрек жығылды.
Қалғаны неше үйрек?

Жауабы: 70 үйрек

11 түйе, бес жылқы,
2 сиыр, бір ешкі,
2 қоян, үш түлкі —
Неше болды барлығы?

Жауабы: 24

3-топ

Қолымда 55 алма,
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама.
Нешеуі қалды өзімде?

Жауабы: 45 алма

100 асықтың 30-ын
Досым сұрап алды.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?

Жауабы: 70 асық

3-кезең: «Кім байқампаз?» ойыны

Топтарға сканворд көрсетіледі. Математикаға қатысты бірнеше атауды табу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

4-кезең: Логикалық сұрақтар (топ басшыларына)

Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.

1) Үстелдің 4 бұрышы бар. Бір бұрышын кесіп тастаса, оның неше бұрышы болады?

2) Дорбадағы 10 асықты 10 бала алды. Сонда дорбада 1 асық қалды. Бұл қалай мүмкін?

3) Сенбіден кейін екі күн өткен соң қай күн келеді?

5-кезең: «Сәйкестендіру»

Берілген ұғымдар мен жауаптарды дұрыс сәйкестендіру қажет.

1-топ

Тапсырмалар

  1. Ең үлкен бір таңбалы сан
  2. Қабырғалары тең тік төртбұрыш
  3. 4 ондық
  4. Бір таңбалы сан
  5. Кеміту амалы

Жауаптар

  • Азайту
  • Үш
  • Тоғыз
  • Шаршы
  • Қырық

2-топ

Тапсырмалар

  1. Бір таңбалы сан
  2. Геометриялық фигура
  3. Бұрыш түрі
  4. Уақыт өлшем бірлігі
  5. 3 ондық, 2 бірлік

Жауаптар

  • Уақыт
  • Төртбұрыш
  • Отыз екі
  • Сүйір
  • Төрт

3-топ

Тапсырмалар

  1. 1 сағат =
  2. Геометриялық фигура
  3. Ең кіші екі таңбалы сан
  4. Ұзындық өлшемі
  5. 5 ондық, 9 бірлік

Жауаптар

  • Шеңбер
  • Он
  • Сантиметр
  • Елу тоғыз
  • 60 минут

Математика — сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер.
Жасау үшін бәрің де — математика ең маңызды ғылым бұл.
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.

6-кезең: «Сиқырлы үшбұрыш»

Берілген суреттен неше үшбұрыш бар екенін анықтау керек.

Ескерту: бұл кезеңде тапсырма сурет арқылы беріледі (интерактивті тақтада көрсетуге болады).

Соңында әділқазылар алқасы жалпы сайыстың қорытындысын шығарады.

Қорытынды және марапаттау

Музыкалық сәлем ұсынылғаннан кейін, «Ойнайық та, ойлайық» атты білімділер сайысы аяқталады. Білім шыңына бірге жете берейік!

Жеңімпаз

Ең көп ұпай жинаған топ анықталып, «Жас математик» номинациясымен марапатталады.

Қатысушыларды қолдау

Ұпайы аз жиналған топ белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталады.