Программалау тілінде жазу

Сабақтың тақырыбы

Алгоритмді жазу пішімдері және блок-схемалар. Алгоритм типтері: сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдер.

Сабақ типі

Аралас сабақ

Сабақ түрі

Дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер

Жұптық жұмыс, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар

Компьютер, блок-схема материалдары

Пәнаралық байланыс

Математика

Күтілетін нәтиже

Оқушылар алгоритм типтерін біледі және блок-схема құра отырып, есептер шығара алады.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың алгоритм ұғымын меңгеруін жалғастыру; алгоритмді жазу пішімдерімен таныстыру; блок-схема құруды үйрету; сызықтық, тармақталған және циклдік алгоритмдерді ажырата білуге бағыттау.

Сабақтың міндеттері

  • 1 Білімділік: алгоритм типтерімен таныстыру және блок-схема туралы білімдерін қалыптастыру.
  • 2 Дамытушылық: алгоритм ұғымын тануда білімін тереңдету, логикалық ойлауын дамыту.
  • 3 Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жауапкершілікке, бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Компьютерлерді қосып, жұмысқа дайындау.
  • Оқушылармен сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Алгоритм» ұғымын және алгоритмнің атқарушылары туралы түсінікті сұрау, негізгі анықтамаларды қайталау.

III. Білімдерін тексеру (сұрақ-жауап)

  1. Алгоритм дегеніміз не?
  2. «Алгоритм» сөзі қайдан шыққан?
  3. Алгоритмнің қасиеттері қанша?
  4. Алгоритм қасиеттеріне түсініктеме бер.
  5. Алгоритмге мысал келтір.

IV. Мақсат қою

Алгоритм типтерімен (сызықтық, тармақталған, циклдік) таныса отырып, олардың блок-схемаларының құрылымы әртүрлі болатынын есептер шығару арқылы түсіндіру.

Жаңа материал

Алгоритмді жазу тәсілдері

  • Табиғи тілде (ауызша/жазбаша сипаттау).
  • Арнайы түйінді сөздермен (терминдер, псевдокод), қарапайым алгоритмдік тілдерді қолдану.
  • Блок-схема түрінде (алгоритм схемасы).
  • Программалау тілінде (код түрінде жазу).

Практикада алгоритмді блок-схема түрінде жазу және оны программалау тіліне аудару кеңінен қолданылады.

Блок-схемада жиі қолданылатын негізгі элементтер

Басы және соңы

Алгоритмнің басталуын және аяқталуын көрсетеді.

Енгізу және шығару

Мәндерді енгізу, нәтижені шығару әрекеттері.

Есептеу (өрнек)

Математикалық өрнектерді есептеу қадамдары.

Шарт (таңдау)

Шартқа сәйкес орындау жолын таңдау.

Цикл (қайталау)

Қайталану басталуы және қайталану шарттары.

Алгоритмнің негізгі типтері

1) Сызықтық алгоритм

Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайды.

2) Тармақталған алгоритм

Логикалық шарт (көбіне теңсіздік түрінде) тексеріледі. Егер шарт орындалса — алгоритм бірінші тармақ бойынша, орындалмаса — екінші тармақ бойынша орындалады.

3) Циклдік алгоритм

Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше рет қайталанса, ол процесс цикл деп аталады. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер — циклдік алгоритмдер.

Арифметикалық цикл

Қайталану саны алдын ала белгілі.

Итерациялық цикл

Қайталану саны алдын ала белгісіз.

Мысал: y = a + b

1) Алгоритмдік тіл (псевдокод)

Арг: a, b
Басы
  y = a + b
  Нәт: y
Соңы

2) Блок-схема (қадамдар тізбегі)

  1. Басы
  2. a, b мәндерін енгізу
  3. y = a + b есептеу
  4. y нәтижесін шығару
  5. Соңы

Түсінгендерін тексеру

Практикалық тапсырма

Тіктөртбұрыштың ауданын анықтау есебін алгоритмдік тілде және блок-схема түрінде құрастырып шығару.

Сабақты бекіту

  1. Алгоритмді жазудың неше тәсілі бар?
  2. Алгоритмнің қанша түрі бар?
  3. Алгоритм түрлерін ата.
  4. Блок-схема дегеніміз не?

Үйге тапсырма

y = (a + b)(a − b) өрнегін екі тәсілмен (алгоритмдік тілде және блок-схема түрінде) шығару. Тақырыпты оқу және қайталау.