Бала сұлтанды анықтау
Тақырып: «Бала сұлтан – 2016»
Бұл ашық тәрбие сағаты 2 «Ә» сыныбында өткізілетін «Бала сұлтан» сайысына арналған. Іс-шара Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай ұйымдастырылады.
Мақсаты
- Оқушылардың білім деңгейі мен дағдыларын байқау.
- Өзін еркін ұстауға және көпшілік алдында сөйлеуге үйрету.
- Тіл мәдениетін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
- Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу.
- Сайыс қорытындысы бойынша «Бала сұлтанды» анықтау.
Ресурстар
- Шарлар.
- Білім туралы және Жеңіс туралы суреттер.
- Мақал-мәтелдер.
- Гүлдер мен құстардың суреттері.
Ұйымдастыру ақпараты
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Әубәкіров атындағы жалпы орта мектеп КММ.
Бастауыш сынып мұғалімі
Полатова Айгүл Жамантаевна
Барысы
Қонақтарға үндеу
Құрметті қонақтар! Бүгінгі 2 «Ә» сыныбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі «Бала сұлтан» сайысы Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналады.
Сайысты жүргізушілер: Бердібай Гүлнұр және Пирназар Нұрсұлу.
Бердібай Гүлнұр
71 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
71 жыл шуақты күн таратты әнін.
Елімде содан бері 71 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
Пирназар Нұрсұлу
Сыналар ер жігіттер, келді кезің.
Сәулең болса, бермен кел, талапты ерің.
Жан құмары дүниеде немене екен?
Соны білсең, әрнені білдіргенің.Ұлы Абай атамыздың осы сөзін басшылыққа ала отырып, бүгінгі сайысқа қатысушылар әдеп-ғұрып төңірегіндегі біліктілігін, ақыл-парасатын, өнері мен жігерін, сондай-ақ батырлыққа тән мінез-құлқын танытып, тапқырлық көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, ана тілін қастерлей білетіні де байқалады.
Сайысқа шақыру
Бердібай Гүлнұр:
Ал, келіңдер, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер!
Білімді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер!
Қатысушылар
Алдаберген Сағидулла
Келеді сонау қашықтан,
Мектепке әркез асыққан.
Сағидулла — біздің ақкөңіл,
Көңілі дария, тасытқан.
Даулбаев Серік
Өнер қуған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Серікжан,
Табылар дос қасынан.
Жақсыбай Қаныбек
Математиканы ұнатады,
Қыздарды кейде жылатады.
Қаныбек бізді әрқашан
Күлдіреді және қуантады.
Кенесбай Тәңірберді
Білімді, алғыр, жан-жақты,
Ұлдарымыз қайратты.
Тәңірберді — біздің әрқашан,
Досымыз болар қымбатты.
Құдайбергенов Елдос
Әзілді жаны сүйеді,
Армансыз ол күледі.
Елдос — біздің әрқашан,
Жып-жинақы жүреді.
Кудияров Елдос
«Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын», —
Деп жүр біздің Елдосжан,
«Алтыннан мектеп саламын».
Мингасаров Қайрат
Бойында алаулаған жалын,
Жақсылық толғандырып жанын.
Қайрат біздің — үйге қайтпай,
Ойлаумен жүреді сыныптың қамын.
Мұхаметқали Ырысбек
Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Ырысбекті сыныпта
Ізетті деп біледі.
Пирназар Әнасыл
Кішкентай сыныптың —
Тентек емес, жуас тым.
Әнасыл — біздің сыпайы,
Досқа адал, шынайы.
Тастанбек Нұртөре
Күні бойы тынбаған,
Үлкендерді сыйлаған.
Сабырлы біздің Нұртөре,
Ұқыптылыққа бойлаған.
Кезеңдер
Ал, енді мейрам қонақтары! Сайысымызды бастамас бұрын, оның кезеңдерімен таныстырып өтейік.