Атмосфера тарауы бойынша географиялық есептер жинағы 6 - сынып1 А нүктесінде атмосфералық қысым 780 мм, ал В нүктесінде 750 мм болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай болғаны
"Атмосфера" тарауы бойынша географиялық есептер жинағы 6 - сынып
1 А нүктесінде атмосфералық қысым 780 мм, ал В нүктесінде 750 мм болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай болғаны?
2 Тау басында атмосфералық қысым 530мм, ал тау етегінде атмосфералық қысым 760мм болса, таудың биіктігі қанша?
3 А нүктесінде атмосфералық қысым 780мм, ал В нүктесінде оған қарағанда 300 мм төмен болса, екі нүктенің арақашықтығы қандай және В нүктесіндегі атмосфералық қысым нешеге тең?
4 Ұшақ алаңында атмосфералық қысым 775 мм болып тұрған кезде ұшақ көтерілген биіктікте барометр 520мм - ді көрсетті. Ұшақ қанша метр биіктікке көтерілгенін анықтаңыз
5 Таудың биіктігі 3км, ал тау басындағы атмосфералық қысым 492мм болса, таудың етегінде атмосфералық қысым қанша болады?
6 Ақан достарымен тау басына шыққанда атмосфералық қысымның 50мм - ге төмендегенін байқады. Тау етегінде атмосфералық қысым 755 мм болатын. Сонда Ақан достарымен қандай тауға шыққан және оның биіктігі қандай болғаны?
7 Саяхатшылар тау басына шыққанда атмосфералық қысым 300мм болды. Таудың биіктігі 4 км болса, тау етегінде атмосфералық қысым нешеге тең болғаны?
8 Екі дос таудың биік шыңына шығып табиғатты тамашалап отырғанда біреуінің кенет жүрегі қысылып, басы айналып ауыра бастады. Ол неліктен деп ойлайсыз?
9 Атмосфералық қысым төбенің етегінде 790мм, ал төбенің басында 680мм болса, төбенің биіктігі қандай болғаны?
10 Сынып бөлмесінің ұзындығы 7м, ал ені 5м болса, бөлмедегі ауаның салмағын табыңыз.
11 Бөлменің ауданы 40м2 болса, бөлмедегі ауаның салмағы қандай болғаны?
12 Мектеп спорт залының ені 15м, ал ұзындығы 20м болса, спорт залындағы ауаның салмағы қанша?
№21 жалпы орта білім беретін мектеп
мемлекеттік мекемесі мұғалімі
Кубыкулиева Айкүміс Тұрсынбайқызы
Геоинфонавигатор облыстық жобасы аясында оқушылардың жаратылыстану -ғылыми функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған креативті тапсырмалар жинағы
Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Геодезия
ФИЗИКАДАН ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Триангуляция жүйесінің қабырға ұзындықтарының қателігін алдын ала есептеу
Физиканың механика саласы бойынша түрлі есептерді шығару жолдары
Атмосфераны қабатқа бөлу
Кенді ашық әдіспен қазу жүйесі
Физика. Қозғалыс заңдары
Қысымды өлшеу техникасы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы