Блум Сабақтың түрі
Сабақ туралы мәлімет
Тақырып
Қысым
Сабақ түрі
Жаңа сабақты түсіну (Блум таксономиясы бойынша)
Сабақтың мақсаттары
- Білімділік: қысым ұғымын түсіндіру және формуласын анықтау.
- Дамытушылық: есеп шығару арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.
- Тәрбиелілік: тұрмыста қолданылатын құралдарды орнымен пайдалануға және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Математика, биология, география, еңбек, әдебиет.
Көрнекіліктер
- Оқулық
- Слайд
- Интерактивті тақта
- Ине
- Қайшы
- Үлестірме қағаз (суреттер)
- Құмы бар ыдыс
- Үстел
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Оқушыларды түгендеу
- Сынып тазалығын тексеру
2) Үй тапсырмасын тексеру (үйкеліс тақырыбы)
- Үйкеліс күші дегеніміз не?
- Үйкелістің түрлерін атаңдар.
- Үйкелісті қалай азайтуға болады?
- Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі?
- Үйкелістің пайдасы мен зияны қандай?
- Неліктен тірі балықты қолда ұстап тұру қиын?
Жаңа сабақ: Қысым
Әдіс: Блум таксономиясы
Жаңа тақырыпты терең түсіну үшін Блум әдісін қолданамыз: ұғымды меңгеру, талдау, қолдану және пайымдау кезеңдері арқылы қорытынды жасаймыз.
Негізгі идея
Қысым күшке және жанасу ауданына тәуелді.
Білімділік: тұрмыстық мысал
Күнделікті өмірде пышақ, қайшы, ине сияқты құралдарды жиі қолданамыз. Мысалы, бір денені өткір пышақпен кесу жеңіл, ал өтпейтін пышақпен кесу қиын. Сондықтан құралдың жүзінің ауданын мүмкіндігінше кішірейтіп, оны мұқият қайраймыз. Бұл — қысымның жанасу ауданына тәуелді екенін көрсетеді: аудан кішірейген сайын қысым артады.
Әдеби байланыс: А. Құнанбаев
Қансонарда бүркітші шығады аңға,
Сегіз найза қолында, көз аудармай,
Батыр да аял қылмай ертең таңға.
Қанат құйрық суылдап, ысқырады,
Көктен қыран сорғалап құйылғанда.
Мұндағы «сегіз найза» — бүркіттің тырнақтары. Жыртқыш құстың тырнағы мен тұмсығы өте өткір әрі берік болады. Жанасу ауданы өте кішкентай болғандықтан, аз ғана күштің өзі үлкен қысым тудырып, аң ұстауға мүмкіндік береді.
Түсіну және талдау: анықтама, формула, өлшем бірлігі
Анықтама
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды.
Формула
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әсер ететін күштің осы беттің ауданына қатынасына тең:
p = F / S
мұнда: p — қысым, F — күш, S — аудан
Өлшем бірлігі (SI)
Паскаль (Па): 1 Па = 1 Н / м².
- 1 гПа = 100 Па = 10² Па
- 1 кПа = 1000 Па = 10³ Па
- 1 МПа = 1 000 000 Па = 10⁶ Па
Қолдану: есептер
Есеп №1
Ауданы 100 см² бетке 50 Н күш әсер етеді. Қысымды табыңдар.
Нұсқау: 100 см² = 0,01 м², кейін p = F/S.
Есеп №2
Шынжыр табанды трактордың массасы 6610 кг. Екі шынжыр табанының тіреу ауданы 1,4 м². Трактордың топырақ бетіне түсіретін қысымын анықтаңдар.
Нұсқау: күшті салмақ арқылы табыңдар: F = mg, содан кейін p = F/S.
Есеп №3 (өмірлік жағдаят)
Жұқа мұз жапқан өзенде балыққа жақындамақ болған түлкі мұз үстімен жүргенде мұз көтермей қояды. Мұны байқаған түлкі мұздың үстіне жатып, жайлап жылжиды.
Сұрақ
Түлкі мұзда төрт аяғымен жүргенде көп бата ма, әлде жатып жылжығанда аз бата ма? Себебін қысым ұғымымен түсіндіріңдер.
Бекіту: тест сұрақтары
-
1) Қысымның SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай?
- A) м
- B) м/с
- C) Ғ
- D) Па
- E) км
-
2) Қысымның формуласы қандай?
- A) күштің ауданға қатынасы
- B) күштің салмаққа қатынасы
- C) ауданның уақытқа қатынасы
- D) ауданның күшке қатынасы
-
3) Қысым неге тәуелді?
- A) күшке
- B) ауданға
- C) көлемге
- D) массаға
- E) салмаққа
-
4) Дененің ауданын кішірейткенде қысым қалай өзгереді?
- A) артады
- B) кемиді
- C) дұрыс жауабы жоқ
-
5) 1 Па неге тең?
- A) 1 м/с
- B) 1 кг/м³
- C) 1 Н/м²
- D) 1 Н/кг
- E) мм
Пайымдау: сұрақтар
- Қысым деп нені атайды?
- Қысым неге тәуелді?
- Қысымды арттыруға немесе кемітуге бола ма? Қалай?
- Қолмен ине-жіппен тіккенде неліктен бармаққа оймақ киеді?
- Неліктен жүк машиналарының артқы доңғалақтары қос-қостан болады?
Үй тапсырмасы
- §33. Қысым
- 15-жаттығу, №2
- 15-тапсырма, №2
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, есеп шығару барысы, тест нәтижелері және пайымдау сұрақтарына қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.
Білім
анықтама, формула, бірліктер
Қолдану
есептер мен жағдаят
Талдау
себеп-салдар, қорытынды