Ортақ етістің жұрнақтары

Павлодар облысы • Ақтоғай ауданы • Еңбекші орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі: Нұрсәуле Шәкірт

Қазақ тілі • 6-сынып Сабақ түрі: жаңа білімді игерту Ұстаным: «Білекке емес, білімге сен!»

Тақырыбы: Ортақ етіс

Мақсаты

Етістің басқа түрлерін еске түсіре отырып, түрлі тапсырмалар арқылы ортақ етісті түсіндіру.

Пәнаралық байланыс

  • Қазақстан тарихы
  • География
  • Әдебиет

Күтілетін нәтиже

  • Етістің түрлері туралы білімін кеңейтіп, оларды бір-бірінен ажырата алады.
  • Етістіктерге тұлғалық талдау жасап үйренеді.
  • Ақпаратты қабылдап, қорытынды жасай біледі.
  • Ұйымшылдыққа және өзіне сенімділікке дағдыланады.

Сабақ барысы

1) Кіріспе бөлім

Жылы атмосфера

Ұйымдастыру және психологиялық дайындық (2 минут)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру үшін шеңбер құрып, бір-біріне тілек айтылады. «Ыстық алақан» тренингі өткізіледі.

Мақал-мәтелдер арқылы топқа бөлу

Оқушыларға мақал-мәтелдер таратылады. Мәтіндегі етістіктердің болымды және болымсыз түріне қарай оқушылар топтарға бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» әдісі қолданылады: оқушылар кезекпен сұрақ қояды, орындықта отырған оқушы жауап береді.

2) Тұсаукесер

Миға шабуыл

Назарды жаңа сабаққа аудару

Оқушылар шағын бейнеролик көреді. Онда суда және құрлықта тіршілік ететін жан-жануарлардың түрлі қимыл-қозғалысы көрсетіледі. Талқылау барысында оқушылар күнделікті өмірдің әрекетсіз мүмкін емес екенін айтады.

Негізгі ой

Қимыл-әрекетті орындауда екінші біреудің қатысуы арқылы жүзеге асатын етістік түрі — ортақ етіс.

Тақырып туралы қысқаша мәлімет

Ортақ етіс бірнеше орындаушының бірлескен әрекетін білдіреді және көбіне -ыс/-іс/-с жұрнақтары арқылы жасалады.

3) Негізгі бөлім

Талдау Жаттығу Топтық жұмыс

Мәтінмен жұмыс және жаңа ақпарат

Слайдтағы сөйлемдерден етістіктерді тауып, тұлғалық талдау жасай отырып, ортақ етіс түсіндіріледі. Ортақ етіс жұрнақтары қатысқан бірнеше мысал келтіріледі, ұғымы кеңейтіледі.

Үлгі

айт-ыс-ты, ал-ыс-ты, бөге-с-ті

Түбір мен қосымшаның арасы дефис арқылы ажыратылады.

Толықтыру тест және қайта бағыттау сұрақтары

Тапсырмалар арқылы етіс түрлері туралы түсінік тереңдетіледі. Мұғалім қайта бағыттау сұрақтарын қойып, оқушы жауабын нақтылауға және толықтыруға мүмкіндік береді.

Сөздікпен жұмыс

Сөйлемдерде берілген асты сызылған сөздердің мағынасы түсіндіріліп, контекст арқылы бекітіледі.

Оқулықпен жұмыс

195-жаттығу

Берілген етістікке жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңыздар. Түбір мен қосымшаның арасын дефис арқылы ажыратып жазыңыздар.

Топтық тапсырма (суреттермен жұмыс)

Оқушыларға суреттер таратылады. Олар етістіктің мағыналық түрлеріне қарай суреттерді топтастырады, ортаға шығып қорғайды және ережемен түйіндейді.

Оқушы әрекеті

  • Слайдтағы етістіктерге тиісті етіс жұрнақтарын қойып, талдайды.
  • Жауаптарды бір-бірі толықтырады.
  • Мысалдарды дәптеріне жазады.
  • Берілген етістіктерден ортақ етіс жасап жазады.

4) Сергіту сәті

Қозғалыс + бекіту

198-жаттығу бойынша тапсырмалар орындалады. Мақсаты — назарды жаңғыртып, тақырыпты қысқа әрекеттер арқылы бекіту.

5) Тест тапсырмасы

Білімді тексеру

1-сұрақ. Ортақ етістің жұрнақтары:

2-сұрақ. Қимыл, іс-әрекеттің орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, -ыс/-іс/-с жұрнақтары арқылы жасалатын етіс түрі қалай аталады?

3-сұрақ. Төмендегі сөйлемнен ортақ етісті табыңыз:

Наурызда Айгүл мен Асан көпшілік алдында айтысты.