Мәтінді оқып қос сөздерді табу
Сабақтың тақырыбы
Күрделі сөздерді қайталау.
Мақсаты
- Күрделі сөздердің түрлерін қайталау және өткен сабақты толықтыру.
- Оқушылардың қабілетін арттыру, сауатты жазуға дағдыландыру, ой-өрісін дамыту.
- Білімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Негізгі ұғымдар
Күрделі сөздер түрлері
- Біріккен сөздер
- Қос сөздер
- Қысқарған сөздер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
- 1 Сәлемдесу, түгендеу.
- 2 Оқу құралдарын ретке келтіру.
II. Үй жұмысын тексеру
Өткен тақырып бойынша орындалған тапсырмаларды тексеру, қателерді талдау және қысқа кері байланыс беру.
III. Жаңа сабақ
Стратегия
Топтастыру стратегиясы арқылы күрделі сөздер және олардың түрлері еске түсіріледі, мысалдар келтіріледі.
Қысқаша анықтама
Күрделі сөздер бірнеше түбірдің бірігуі, қосарлануы немесе қысқарып қолданылуы арқылы жасалады.
IV. Оқулықпен жұмыс
1) Жұмбақ: шешуін тап
Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Шешуі: Күнбағыс
Күнбағыс — біріккен сөз, өйткені күн және бағыс түбірлерінен жасалып, «не?» сұрағына жауап береді.
Тапсырма
Тақтадағы сөйлемдерден біріккен сөздерді табу:
- Қыстыгүні қатты аяздар болады.
- Амангелді жылы тоны мен қолғаптарын киеді.
- Біздің ауыл Келдімұрат деп аталады.
2) Ойын: «Сыңарын тап»
Сөздің бірінші сыңары тақтаға ілінеді. Оқушылар екінші сыңарын тауып, толық қос сөз құрайды.
а) Қос сөз дегеніміз не?
Қос сөз — екі түбірдің қайталануы немесе қосарлануы арқылы жасалатын күрделі сөз.
ә) Жасалу түрлері
- Бір сөздің қайталануы арқылы.
- Екі сөздің қосарлануы арқылы.
- Күшейткіш буын арқылы.
57-жаттығу
Мәтінді оқып, қос сөздерді табу. Олардың қалай жасалғанын айту.
Ой толғау (56-жаттығу)
Берілген қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу (ауызша тексеру):
3) Қысқарған сөздер
Тақтадағы сөйлемдерді оқып, асты сызылған сөздердің түрін анықтау:
- Қазақстан Президенті АҚШ-қа ресми сапармен барып қайтты.
- Менің ағайым ҚазҰУ-да оқиды.
АҚШ және ҚазҰУ — қысқарған сөздер, өйткені бірнеше сөз атауы қысқартылып қолданылған.
4) Ойын: «Кім көп біледі?»
Тақырып бойынша мүмкіндігінше көп мысал келтіру: біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер.
V. Шығармашылық тапсырма
Қыс көрінісі бейнеленген сурет бойынша 4–5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазу. Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, түрін анықтау.
VI. Қорытынды
Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау: күрделі сөздердің түрлері, жасалу жолдары, мысалдар.
VII. Үй тапсырмасы
Ережелерді қайталау, мысалдар дайындау.
VIII. Карточкамен жұмыс
№1
Көп нүктенің орнына тиісті біріккен сөздерді тауып жазу:
№2
Сөйлемдегі асты сызылған сөздерді қос сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазу:
- Аулада ойнап жүрген балалардың үсті қар.
- Биік тау алыстан көрінеді.
- Қарғалар қарқ етіп ұшып кетті.
№3
Берілген тіркестерді қысқартып жазу:
- Педагогикалық кеңес
- Біріккен Ұлттар Ұйымы
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
- Қазақстан Республикасы