Қазақтар шапан
Сабақтың тақырыбы
Қазақ халқының ұлттық киімдері.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдері, олардың түрлері және қолданылу ерекшеліктері туралы түсінік беру.
- Жаттығу жұмыстары арқылы зат есімнің жалғауларын (септік, тәуелдік) қайталау.
Дамытушылық
- Ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылықты және эстетикалық талғамды арттыру.
- Ойлау, қиялдау қабілеттерін дамыту.
- Алған білімді ізденіспен қолдануға, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
- Байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Қазақ халқының тарихына, рухани мәдени мұрасына, ұлттық киімдеріне, салт-дәстүрі мен өнеріне құрмет сезімін қалыптастыру.
- Тіл мен әдебиетке қызығушылықты арттыру.
Пәнаралық байланыс
Көрнекіліктер
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Ұлттық киім үлгілері
- Слайд-суреттер
- Тапсырмалар
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу.
- Сабаққа дайындығын тексеру.
- Жаңа сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
1) Сөзжұмбақ шешу
Тақырыпқа кіріспе ретінде сөзжұмбақ арқылы негізгі ұғымдарды анықтау.
2) Презентацияны қорғау
Топ басшылары төмендегі тақырыптар бойынша дайындаған мәліметтерін слайд арқылы таныстырады.
I топ: Ұлттық бас киім
- Бөрік
- Тымақ
- Сәукеле
- Тақия
II топ: Ұлттық киім
- Шапан
- Тон, ішік
- Кимешек
- Көйлек
- Қамзол
- Жейде
- Шалбар
III топ: Ұлттық аяқ киім
- Мәсі
- Кебіс
- Әйелдер етігі
- Ерлер етігі
3) Мәтінмен жұмыс
A) Мәтінді мәнерлеп оқу
Қазақтың ұлттық киімдері
Қазақ халқының киім-кешегі — ұлттық, тұрмыстық және рухани мәдениеттің бағалы ескерткіштерінің бірі. Одан қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, мәдени дәстүрлері және эстетикалық талғамы айқын байқалады.
Киімнің тігілу үлгісінен халық тұрмысының жай-күйі, мәдениетінің қалыптасуы және ғасырлар бойы жинақталған еңбек тәжірибесі көрінеді. Ұлттық киімдер сәндеп кестеленіп, зергерлік және өзге де әшекей бұйымдармен әдіптеледі.
Халық шеберлерінің көптеген қолтумалары өнердің өлмес туындыларына айналған. Бұлар — қазақ халқының мәдени қазынасы.
Ә) Сөздік жұмысы
- Жаңа сөздермен танысу.
- Жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрау.
Б–Г) Түсіну және талдау
- Мәтінді түсініп оқу.
- Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру.
- Мәтін бойынша грамматикалық тапсырма орындау.
4) Жаттығу жұмысы
Интерактивті тақтада көрсетілген тапсырмаларды дәптерге жазбаша орындау.
I топ
Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді аяқтау:
- Сәукеле өте әдемі бас киім… жатады және оны…
- Ішік аң терісі… тігіледі, себебі…
- Қазақтар шапан… аса…
II топ
«Кимешек», «ішік», «бөрік» сөздерін тәуелдеу.
III топ
«Қамзол», «сәукеле», «тымақ» сөздерін септеу.
Ескерту
Оқушылар өз қалауымен бір топтың тапсырмасын орындай алады.
Сабақты қорытындылау
1) Сипаттап жазу
Үш топ ұлттық киім үлгісіндегі кейіпкерлерді сипаттап жазады және оқып береді:
- жас қыз бен жігіт;
- орта жастағы әйел мен ер адам;
- ата мен әже.
2) Сұрақ-жауап
- Қазақ халқының ұлттық киімдерінің бүгінгі күндегі маңызы қандай?
- Ұлттық киімдерді қалай кеңінен насихаттауға болады?
Бағалау
Оқушылардың жұмысы белсенділігіне, жауаптарының толықтығына және тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Ұлттық киімдердің топтамалық үлгілерін дайындау: насихаттау парағы немесе шағын жарнама жасау.
- Қазақтың ұлттық киімдері туралы қосымша мәлімет әзірлеу.
- Зат есім және сын есім тұлғасындағы екі сөзді септеу және тәуелдеу.