Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру
Сабақ тақырыбы
Бөлшек және рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруге арналған есептер шығару.
Жалпы мақсаты
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер модулін басшылыққа алып, тақырып бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау және алған білімдерін тиянақтау.
Сабақ мақсаты
- Рационал бөлшектің негізгі қасиетін түсіндіру және амалдар қолдану арқылы рационал бөлшектерді түрлендіре білуге үйрету.
- Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, практикалық дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ұжыммен және өз бетінше еңбек етуге, жауапкершілікке, мақсатқа жету үшін табандылыққа тәрбиелеу.
Сілтемелер
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
- 7-сыныпқа арналған алгебра оқулығы.
- Ғаламтор материалдары.
Ұйымдастыру кезеңі
Жағымды атмосфера қалыптастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын және оқу құралдарын тексеру. Жылы шыраймен сәлемдесіп, сабақ мақсатымен таныстыру.
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат.
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісің — тірлік, тірек, адамдық.
Әрбір сөзің — шындық, бірлік, адалдық.
Топқа бөлу
«Көбелек» тәсілі арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Ынтымақтастық оқу
Ынтымақтастық оқу дағдыларын қалыптастыру мақсатында «Алтын ереже» құрастыру.
- Уақытты тиімді пайдалану.
- Топтық жұмысқа кедергі жасамау.
- Барлық пікірді мұқият тыңдау.
- Әр адам өз ойын айтуға құқылы.
- Бір-бірімізді әділ бағалау.
Ой қозғау
Қандай адам білім алса тәуірлеп,
Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп.
— Ж. Баласағұн
Шаршы тапсырмасы (6×6)
Әріптерден құралған 6×6 шаршы бойынша тапсырма орындалады.
| У | Т | Й | А | Б | Ө |
| О | Р | А | З | Р | Л |
| У | Т | Е | И | А | Ш |
| Л | А | Н | О | Ц | К |
| Л | Т | Ү | Р | Н | Қ |
| Б | Ө | Л | У | С | О |
«Алтын асық» ойыны
Төмендегі тұжырымдарды талқылап, дұрыс/бұрыс екенін анықтау арқылы негізгі ұғымдарды бекіту.
- Бөлімінде айнымалысы бар бөлшектер рационал бөлшектер деп аталады.
- Айнымалының кез келген мүмкін болатын мәнінде сан мәндері әр түрлі болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.
- Берілген өрнектен оған тепе-тең өрнекке көшуді тепе-тең түрлендіру деп атайды.
- Рационал бөлшектің алымы мен бөлімін нөлге тең емес өрнекке көбейтсе, рационал бөлшектің шамасы өзгермейді.
- Бөлшекті қысқарту — бөлшектің алымы мен бөлімін ортақ (бірдей) көбейткіштерге бөлу.
- Рационал бөлшектерді қосу және азайту кезінде бөлшектер ортақ бөлімге келтіріледі, алымдары қосылады немесе азайтылады.
- Рационал бөлшектерді көбейткенде алымдары өзара, бөлімдері өзара көбейтіледі.
- Рационал бөлшектерді бөлгенде екінші бөлшекке кері сан қолданып, көбейту амалы орындалады.
Автор туралы
Білім беру ұйымы
С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі (коммуналдық мемлекеттік мекеме).
Мұғалім
Абдрахманова Эльмира Батырханқызы.