Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сандардың арифметикалық ортасы тақырыбын тиянақтау.
Тәрбиелік
Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өзгеріс ауқымы мен моданы әртүрлі жағдайларда қолдануды дамыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Сабақ барысы
I. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезеңҚызығушылықты ояту (КЕНГУРУ)
Тізбектей орналасқан бес бүтін оң санның қосындысы 2005-ке тең. Осы сандардың ең үлкені қандай?
Тақырыпқа кіріспе
Мұғалімнің жетелеуімен халық шаруашылығында кездесетін шамалардың (егін өнімі, зат бағасы, қозғалыс жылдамдығы және т.б.) сан мәндері әртүрлі болатыны талқыланады. Мұндай деректерді сипаттау және салыстыру үшін статистикалық сипаттамалар қолданылады.
Ең жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.
1-есеп
Шахмат жарысында 5-сынып оқушылары мына ұпайларды алды: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10. Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңдар.
Шешуі
Барлық ұпайлардың қосындысын тауып, ұпайлар санына бөлеміз: (13+13+12+13+10+13+12+10) : 8 = 12.
Жауабы: арифметикалық орта 12 ұпай.
Анықтама: бірнеше санның арифметикалық ортасы — сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөлінді.
Жаттығу (ауызша)
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
- 5 пен 3
- 7 мен 9
- 10 мен 12
Өз бетімен жұмыс
1-тапсырма
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
- 5, 7, 10, 12, 16
- 14, 18, 20, 23
2-тапсырма
Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар:
- 0, 1, 2
- 0, 5, 7
3-тапсырма
Сандардың модасын табыңдар:
- 2, 1, 3, 5, 4, 6
- 2, 1, 0, 3
II. Сараланған бөлім
Операциялық – орындаушылық кезеңОқулықпен жұмыс
- № 1160
- № 1162 (1–2)
Оқулықтан тыс тапсырма
Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушының 100 м қашықтықты жүгірген уақыты төмендегі кестеде берілген.
| Оқушының аты | Жүгірген уақыты (сек.) |
|---|---|
| Айдос | 14,1 |
| Рустем | 18,2 |
| Нүрсейт | 15,5 |
| Саша | 16,2 |
| Нұрбол | 22,4 |
| Дәурен | 16,2 |
| Мейірім | 20,4 |
Кесте бойынша орындаңдар:
- Уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар.
- Уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар.
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезеңіБекіту сұрақтары
1) Арифметикалық ортаны табыңдар:
45, 58, 76, 81
2) Моданы табыңдар:
5, 1, 7, 5, 8, 3, 10, 2, 20
Бұл кезеңде оқушылардың жауаптары талданып, оқу жетістіктері бағаланады.
Үй тапсырмасы
- № 1260 (4)
- № 1261 (3)
Есте сақтауға
- Орта: қосынды ÷ сан мөлшері
- Ауқым: max − min
- Мода: ең жиі кездесетін сан
Сабақ логикасы
- Мотивация және қызығушылықты ояту
- Түсіндіру және үлгі есеп
- Өз бетімен жұмыс
- Саралау: оқулық және қосымша тапсырма
- Рефлексия, бекіту, бағалау