Қолымызда - тәуелсіздіктің көк туы

Тәрбие сағатының мазмұны

Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Кожагалиева Айнур Набигалиевна ұсынған тәрбие сағатының жоспары мен мәтіні төменде редакцияланып, мазмұны жүйеленіп берілді.

Тақырыбы

Тәуелсіздік — тірегім

Мақсаты

  • Білімділік:

    Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білім көкжиегін кеңейту.

  • Дамытушылық:

    Отан байлығын қорғауға, болашақта Қазақстанды өркендетуге баулу; туған жері мен еліне сүйіспеншілігін арттыру.

  • Тәрбиелік:

    Туған жерін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Слайдтар; Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран); Н. Ә. Назарбаевтың портреті; Астана суреттері; оқушылардың шығармашылық жұмыстары; Желтоқсан құрбандарының фотосуреттері; шырақ; «Тәуелсіздік шежіресі» бұтағы; көк жалаушалар; шарлар.

“Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — Тәуелсіз Қазақстан.”
Н. Ә. Назарбаев

Барысы

Кіріспе сөз

1-жүргізуші: Армысыздар, ұстаздар!

2-жүргізуші: Армысыздар, оқушылар!

1-жүргізуші: Тарихтың ойлы-қырлы белестерінде халық жүрегінде сақталып, жадында қалған, қоғамдық дамуға айрықша әсер етіп, ұлттық сана-сезімге серпін берген Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

2-жүргізуші: Еркіндікке, бостандыққа үн қосқан,
Гүрілінен қақ айырылған түнгі аспан.
Қазағымның әні болған, жыры болған,
Жастар үні — он алтыншы желтоқсан.

Әнұран

Әнұран орындалады.

Желтоқсан — ел жадындағы өшпес із

2-жүргізуші: Намысымның шырағы да — Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да — Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да — Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да — Желтоқсан.

1-жүргізуші: Тарихта «Құйын-86» мәңгі есте қалады. Бұл қасіретті күндер талай қазақ қыздары мен жігіттерін арамыздан алып кетті. Сахнаға төрт оқушы шырақ жағып шығып, естелік сөздерін айтып, шырақтарын кезекпен сөндіреді.

Ербол Спатаев

Абайдуллин Мағжан: 1986 жылы 19 желтоқсанда ауруханаға бас сүйегінен жарақат алған Энергетика институтының II курс студенті Ербол Спатаев жеткізілді. 23 желтоқсанда есін жимастан қайтыс болды. Ербол — ата-анасының жалғыз баласы еді. Ол «Құйын-86» операциясының құрбаны болды.

Ләззат

Джулкатова Назерке: Сол бір ызғарлы қыс, тоқырау тажалындай тапталған ар-намыстың ышқынған дауысы әлі құлағымызда тұрғандай. Сол үннің арасынан қызғалдақтай нәзік Ләззаттың да үні естіледі.

Еліңнің намысы үшін
Құрбан еттің жаныңды.
Мазақ етіп қорлай алмас,
Ешкім сенің арыңды.

Сәбира Мұхамеджанова

Тимиров Айбек: Сәбира Мұхамеджанова бар-жоғы 16 жаста еді. 26 желтоқсанда Алматыдағы дүрбелеңге үн қосқаны үшін көрсетілген қорлыққа шыдай алмай, Өскемен педагогика училищесінің I курс студенті жатақхананың 5-қабатынан құлап қаза болды.

Желтоқсанда шындық жырын жырлаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.

Қайрат Рысқұлбеков

Ибраимов Әділбек: Желтоқсан қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жыл ғұмыр кешті. Ол елінің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күресті.

Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
Еркек тоқты — құрбандық,
«Атам» десең, атыңдар.

1 минут үнсіздік

Желтоқсан құрбандарының рухына арналып 1 минут үнсіздік жарияланады.

1-жүргізуші: «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым — Желтоқсан» дегендей, жетпіс жыл бойы қылбұрауға маталған халқымыз тар жол, тайғақ кешуден өтті. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді.

2-жүргізуші: Иә, бостандық пен тәуелсіздік өздігінен келген жоқ. Желтоқсан — еліміздің болашағы, бостандығы, егемендігі үшін күрес.

Тақпақ: «Тәуелсіздік — жыр-әнім»

Оқитын: Мурсенова Замзагүл

Тәуелсіздік, тәуелсіздік — жыр-әнім,
Ел іргесі берік болсын — ұраным.
Тәуелсіздік — өзіңді еркін сезіну,
Салт-дәстүрім — қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік! Не деп оны түсіндік?
Тәуелсіздік — ар-ождан, кісілік.
Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,
Ел-жұртыңның алма құнын түсіріп!

Тәуелсіздік — менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.
Тәуелсіздік — сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік — ақ батасы атаның.

Тәуелсіздік, тәуелсіздік — жыр-әнім,
Көк байрағым, Елтаңба, Әнұраным!
Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным!

Тәуелсіздік шежіресі: 20 жылдық белестер

Жүргізушілер тәуелсіздік жылдарындағы негізгі оқиғаларды атап, «Тәуелсіздік шежіресі» бұтағына көк жалаушаларды біртіндеп іледі. Төмендегі тізім — сол жылнаманың жүйеленген нұсқасы.

1991–1995

  • 1991, 10 қазан: тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
  • 1992, наурыз: Қазақстан БҰҰ-ға мүше болды.
  • 1992, 4 маусым: мемлекеттік рәміздер бекітілді (Ту, Елтаңба, Әнұран).
  • 1993, 15 қараша: ұлттық валюта — Теңге айналымға енді.
  • 1994: екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
  • 1995, 30 тамыз: жаңа Ата Заң қабылданды.

1996–2001

  • 1996, 30 қаңтар: ҚР Парламентінің бірінші сессиясы өтті.
  • 1997: «Тіл туралы» заң қабылданды (мемлекеттік тіл — қазақ тілі).
  • 1998, 10 маусым: жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
  • 1999, 10 қаңтар: Президент сайлауы нәтижесінде Н. Ә. Назарбаев қайта сайланды.
  • 2000: «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланды.
  • 2001: Тәуелсіздіктің 10 жылдығы аталып өтті.

2002–2006

  • 2002, 23 қазан: Түркістанда дүниежүзі қазақтарының II құрылтайы өтті.
  • 2003–2005: «Ауыл жылы» болып жарияланды.
  • 2004: «Денсаулық жылы» болып жарияланды.
  • 2005, 4 желтоқсан: бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.
  • 2006, 7 қаңтар: жаңа мемлекеттік Әнұран қабылданды.

2007–2011

  • 2007: Қазақ тілін қолдау жылы.
  • 2008: халық санағы (халық саны 16 млн-ға жуықтады).
  • 2009–2010: Қазақстанның Украинадағы жылы.
  • 2011: VII қысқы Азия ойындары Астана–Алматы қалаларында өтті.
  • 2011, 3 сәуір: кезектен тыс Президент сайлауы өтті.

Мемлекеттік рәміздер: мағынасы мен авторлары

Мемлекеттік Ту

ҚР Мемлекеттік туы 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Тудың көгілдір түсі бірлік пен ашық аспанды, бейбіт өмірді білдіреді. Күн астындағы қыран — тыныштық пен еркіндіктің нышаны, ал ою-өрнек ұлттық нақышты танытады.

Автор: Шәкен Ниязбеков

Мемлекеттік Елтаңба

Елтаңбаның өзегінде — шаңырақ бейнесі. Уықтардың күн сәулесіндей тарауы — ортақ үйіміздегі ынтымақ пен бірлікті меңзейді. Көгілдір түс — бейбітшілік пен кеңістік символы.

Авторлары: Шот-Аман Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков

Мемлекеттік Әнұран

Қазіргі Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды.

Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

Түйін

Қазақстан — туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты мемлекет. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу — елді құрметтеу.

Астана: ел жүрегі

Сарыарқа төсіндегі елорда — тәуелсіздік жылдарындағы жаңғырудың айқын белгісі. Астана күн сайын өсіп, жаңарып келеді.

Нысандар мен символдар

  • Қала қақпасы-арка: ақ батаға ұқсас символика, жолға ақ тілек іспетті.
  • Бәйтерек: Астананың бойтұмары, биіктігі 97 метр.
  • Ақ Орда: ел тағдыры таразыланатын маңызды орда.
  • Әкімдік ғимараты: іскерлік орталықтың белгісі.
  • Қаржы министрлігі: ерекше пішінімен танылған заманауи нысан.
  • Басқа көрікті орындар: Кенесары ескерткіші, Нұр-Астана мешіті, Пирамида, субұрқақтар.

Өлең жолдары

Астана, Астана, қазақтай халқы бар,
Көркем бұл жас қала, кеңпейіл салты бар.
Өркенде, бас қала, әлемге даңқы бар,
Астана, Астана!

Көк түс нені білдіреді?

Мемлекеттік Тудың көк түсі кездейсоқ таңдалмаған. Көк түс — бейбітшілік, тұрақтылық, береке мен бірліктің белгісі ретінде танылады. Жүргізушілер көк жалаушаларды ілу арқылы көк байраққа құрметті және ел бірлігі идеясын айқындайды.

Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың!

Тәуелсіздік туралы жыр жолдары

Тақпақтар топтамасы

Рамил: Тәуелсіздік! Тәуелсізбін мен бүгін, келді, міне, азаттығым, теңдігім. Бостандықта байлығым мен елдігім, шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

Мергүл: Өзіңдікі — елің де, өзіңдікі — жерің де. Өзіңді өзің еткен бақ, тәуелсіздік — төріңде.

Мирас: Қанатыңнан қайрылып, қыл-арқаңнан майрылып, қонақ — тәуелсіздіктен қала көрме, айрылып.

Еркебұлан: Қазақстан! Туды алтын дәуірің. Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, туған күнің құтты болсын, алыбым!

Дидар: Егемендік — ел бақыты, ертеңі. О, халайық, құтты болсын қуаныш!

Хор және ән

Барлығы хормен: Егемендік елдікті аңсаған, Тәуелсіз біз — жас ұлан!

Ән: «Бала тілегі»
Орындайтын: сынып оқушылары

Қорытынды ой: патриот болу деген не?

Тәуелсіз қазақ елінің ұрпағы ретінде өз жерімізді қадірлеу, сүю, қорғау — азаматтық парыз. Өз Отаныңның патриоты болу — Қазақстанды жүрегіңе ұялату: оның тарихына, мәдениетіне құрметпен қарау және ел бірлігін сақтау.

Елге тілек сөздері

Оқушыларға тірек сөздер ұсынылады да, сол сөздерді қатыстырып елге тілек айтылады: Достық, Бірлік, Білім, Тәуелсіздік, Отан, Мейрам, Арман.

Басты үндеу

1-жүргізуші: Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ.

2-жүргізуші: Егер сен өз еліңнің отаншыл перзенті болсаң,

1-жүргізуші: Егер сен тәуелсіз елдің тірегі болғың келсе,

2-жүргізуші: Егер ертең өз тағдырыңды өз қолыңа алғың келсе,

Қазірден бастап жақсы оқып, үлкен жетістіктерге ұмтыл!

Қорытынды сөз

Туған еліміз Қазақстанды сүйейік, құрметтейік, мақтан етейік!

Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы құтты болсын! Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!

Тәуелсіздігіміз ұзағынан жарылқасын!