Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар
Сабақтың тақырыбы
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар: қосу, азайту, көбейту, бөлу.
Сабақтың мақсаты
Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар (қосу, азайту, көбейту, бөлу) туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Практикум элементтері арқылы демонстрациялау және баяндау арқылы түсіндіру.
Міндеттері
- Білімділік: қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары туралы білім қалыптастыру.
- Тәрбиелілік: жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Дамытушылық: есте сақтау мен зейін қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылықты арттыру.
Қолданылатын құралдар
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерді нақтылау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Практикум жұмыстарын талқылау және өткен тақырыптарды қайталау.
Қайталау сұрақтары
- 1 Бүтін ондық сандарды екілік санау жүйесіне ауыстыру үшін қандай ереже қолданылады?
- 2 Ондық бөлшекті екілік санау жүйесіне ауыстыру ережесі қандай?
- 3 Қандай жағдайда периодты бөлшек пайда болуы мүмкін?
- 4 Ондық сандарды сегіздік және оналтылық санау жүйелеріне ауыстыру үшін қандай амалдар орындалады?
- 5 Сандарды екілік жүйеден сегіздік және оналтылық санау жүйелеріне ауыстыру үшін не істейміз?
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Екілік санау жүйесінде арифметикалық амалдар ондық жүйедегі қағидаларға ұқсас орындалады. Негізгі айырмашылық: жүйенің негізі 2-ге тең және тек 0 мен 1 цифрлары қолданылады.
Қосу
Қосу ережелері:
Ескерту: 1 + 1 болғанда 1 келесі (үлкен) разрядқа тасымалданады.
Мысал: 101 + 011
- Кіші разрядта: 1 + 1 = 10. 0 жазылады, 1 тасымалданады.
- Келесі разрядта: 0 + 1 + 1 = 10. 0 жазылады, 1 тасымалданады.
- Үшінші разрядта: 1 + 0 + 1 = 10. 0 жазылып, 1 тасымалданады.
Демек, 10002 = 810. Қосу — екілік арифметикадағы негізгі операция; компьютерде азайту, көбейту және бөлу көбіне қосудың көмегімен орындалады.
Азайту
Азайту ережелері:
Ескерту: 0 − 1 болғанда көрші (үлкен) разрядтан 1 қарызға алынады: 10 − 1 = 1.
Мысал: 1010 − 0101
- Кіші разрядта: 0 − 1 → қарыз алып, 10 − 1 = 1.
- Келесі разрядта: 0 − 0 = 0.
- Келесі разрядта: 0 − 1 → қарыз алып, 10 − 1 = 1.
Көбейту
Көбейту ережелері:
Мысал: 1012 × 1102
Тексеру (ондық жүйеде)
- 1012 = 510
- 1102 = 610
- 111102 = 3010, яғни 5 × 6 = 30
Бөлу
Екілік жүйеде бөлу ондық жүйедегі бұрыштап (сатылап) бөлуге ұқсас орындалады. Бұл амалдың ерекшелігі — бөліндінің кезекті цифры тек 0 немесе 1 болады.
Мысал: 3010 ÷ 510
- 3010 = 111102
- 510 = 1012
Тексеру: бөлгішті бөліндіге көбейтеміз — нәтиже бөлінгішке тең болуы тиіс.
Жаңа сабаққа арналған тапсырмалар (практикум)
Оқулықтағы 24–27-беттердегі тапсырмаларға сүйене отырып, төмендегі жұмыстарды орындаңдар.
1) Қосуды орындаңдар (24-бет)
2) Қосу және тексеру
Екілік сандарды қосыңдар, содан кейін сәйкес ондық қосу арқылы нәтижені тексеріңдер.
- а) 10111012 және 11101112
- ә) 1011,1012 және 101,0112
- б) 1011,112 және 111,12
- в) 1011,11,12 және 1112
3) Азайтуды орындаңдар
4) Азайту және тексеру
Екілік сандарды азайтыңдар, содан кейін сәйкес ондық азайту арқылы нәтижені тексеріңдер.
- а) 1112 − 101002
- б) 10,112 − 100,12
- в) 111,12 − 100102
- г) 100012 − 1110,112
5) Көбейту және тексеру
Жоғарыда берілген ережелерді қолданып көбейтіңдер де, нәтижені ондық жүйеде тексеріңдер.
- а) 1011012 және 1012
- ә) 1111012 және 11,012
- б) 1011,112 және 101,12
- в) 1012 және 1111,0012
6) Бөлу және тексеру
Бөліңдер де, бөлгішті бөліндіге көбейтіп тексеріңдер. Содан кейін сәйкес ондық бөлуді орындаңдар.
7) Ондықтан екілікке ауыстырып, бөлу орындаңдар
Келесі сандарды ондық санау жүйесінен екілік жүйеге ауыстырыңдар да, бөлуді орындаңдар:
IV. Сабақты бекіту
Қорытынды сұрақтар арқылы негізгі ұғымдарды нақтылау.
- 1 Екілік сандармен қандай арифметикалық амалдар орындалады?
- 2 Екілік сандарды қосу кезінде қандай ереже қолданылады?
- 3 Екілік сандарды азайту кезінде қандай ереже қолданылады?
- 4 Екілік сандарды көбейту кезінде қандай ереже қолданылады?
- 5 Екілік сандарды бөлу кезінде қандай ереже қолданылады?
V. Үй тапсырмасы
Практикум
- 2.21 — 4, 5, 6-тапсырмалар
- 2.22 — 4, 5, 6-тапсырмалар
- 2.24 — 6, 7, 8, 9, 10, 11-нұсқалар
Оқулық
2.3-тақырып: Екілік сандармен орындалатын арифметикалық амалдар. Қосу, азайту, көбейту, бөлу (мазмұндау).
VI. Оқушыларды бағалау
Практикалық тапсырмаларды орындау сапасы, есептеулердің дұрыстығы және түсіндіру дағдысы бойынша бағалау.