Болысың - Тілеуберді ана отырған, Халқыңа оның өзі емес дұрыс

Сыйқымбай өзің атың Аятбектен,
Сенде болат кездіксің асыл тектен.
Бойыңда қылтылдаған мінезің бар,
Әйтпесе озар едің талай көптен.
Ноғай мырза, атаң өліп бұл бір жұмыс,
Басыңа түскен екен қатты бір іс.
Болысың - Тілеуберді ана отырған,
Халқыңа оның өзі емес дұрыс.
Ақылсыз жігіт екен тыртаңдаған,
Бұл заманның болысы күй таңдаған.
Жек көргенін халық та сыйламайды,
Пәлеқор, ұры-қары келдің қайдан?
Әбілез, ұлы жүздің төресі едің,
Қарасам сендердің кең өңештерің.
Жақының - Байұзақты мақтасаң да,
Тұңғұйық қарасудың кемесі едің.
Жаныста әзіз Төле әділ болған,
Үшеуің де Төлеге теңеспедің.
Руы Шапырашты Саурық батыр,
Дулатқа асқар таудай емес пе еді?
Кеше өткен дүниеден екі үстінің,
Саурықпен қай жағынан теңес еді?
Болысқа сайламаса жамағатың,
Олармен тұрсыңдар ма егескелі?
Сыбағасын әр кімнің тартатұғын,
Ежелгі ата салты емес пе еді?!



Ұқсас жұмыстар

Сүйінбай — айтыс өнерінің алтын діңгегі
Әкем абай туралы
Хан баласы ханға ұқсар, Биік - биік шыңға ұқсар
1916 жылғы Қазақстандағы ұлт-заттық көтеріліс
Шахан ата
Ұлы ағартушы Абай Құнанбаев
Шыңғысханның билік басына келуі
Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарының әулиелері
Академик,жазушы - Сәбит Мұқанов
Алаш хан туралы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ДОМАЛАҚ АНА
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Жаңа заман талабы
Салық жүйесі және оның қазіргі кездегі қызмет етуі
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету