Астана Сабақтың мақсаты

Пәні

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы

Астана

Сабақтың мақсаты

1) Біліктілік

Өлеңді түсініп оқып, сызба арқылы мазмұнын өз сөздерімен жеткізу дағдыларын қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Салыстыру, қорытынды жасау, пікір айту арқылы сөздік қор мен ойлау қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелік

Туған жерге құрмет пен сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық)

Үлкенге де — Сіз.
Кішіге де — Сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын еске түсіру

  • Ең жақсы мекен жайлы қоныс іздеген кейіпкерлер өз мақсатына жетті ме?
  • Туған жер туралы жазып келген әңгімелеріңді оқыңдар.
  • Туған жерлеріңнің көркеюіне сендер қандай үлес қосар едіңдер?
  • Мақал-мәтел айту.

1)

Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

2)

Туған жердің жуасы да тәтті.

3)

Құрт-құмырсқадай торғай да өз ұясын қорғайды.

4)

Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің.

5)

Сағынған елін аңсайды, сарыала қаз көлін аңсайды.

III. Ребус шешу

Ребус

Аспан, кітап, нан

Астана

Ребус

Алма, тау, домбыра

Алматы

1-слайд: Астана қаласының суреттері көрсетіледі.

IV. Сұрақ-жауап (білімді өзектендіру)

Қай жылы Тәуелсіздігімізді алдық?

1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні болып жарияланды.

Биыл Тәуелсіздігімізге неше жыл толып отыр?

20 жыл.

Ең алғаш Қазақстан Президенті болып кім сайланды?

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

ҚР рәміздері қай жылы қабылданды?

1992 жылы 4 маусымда қабылданды.

Рәміздерге не жатады?

Ту, Елтаңба, Әнұран.

Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды?

1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды. Кейін 1995 жылы 30 тамызда өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, қайта қабылданды.

7-қысқы Азия ойындары қашан өтті?

2011 жылы Астана мен Алматы қалаларында өтті.

Астананың тұсаукесері қай жылы болды?

1998 жылы 10 маусымда.

Астананың бұрынғы атаулары қандай?

Ақмола (1939), Целиноград (1961), Астана (1998).

V. Жаңа сабақ

Бүгін біз осы екі қала туралы жазған Күләш Ахметованың «Астана» атты өлеңімен танысамыз. Сонымен қатар ақынның өмірбаянына қысқаша тоқталамыз.

Автор туралы қысқаша мәлімет

  • Күләш Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген.
  • Жамбыл облысы, Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген.
  • 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесінде оқыған.
  • 1973 жылы ҚазМУ-ды тәмамдаған.
  • «Ленин жолы», республикалық «Қазақстан пионері» газеттерінде әдеби қызметкер болған.
  • «Жалын» баспасының поэзия бөлімінде редактор болған.
  • Шығармалары: «Сен менің бақытымсың», «Ақ гүлім», «Жазушы», «Бұлақтағы жұлдыздар» және т.б.

VI. Оқулықпен жұмыс

1) Өлеңді оқу

  • Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, түсіндіреді.
  • Оқушылар хормен оқиды, тізбектеп оқиды, шумақтап оқиды.

2) Бәйтерек туралы дерек

Биіктігі
97 м
Салмағы
85 т
Күмбез салмағы
70 т
Алтын шар төбесі
1553 м²

Мұнара ішінде кең холл бар, онда 2 жүрдек лифт орнатылған. Алтын шардың ішінде қала көркін тамашалайтын панорамалық зал орналасқан.

VII. Сөздік жұмысы

Саф

Таза ауа.

Өзек

Адамның мүшесі.

Ұлылық

Үлкендік, биіктік.

Түпқазық

Берік орныққан негіз, бағыт беретін тірек.

VIII. Сергіту сәті

Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көңілді көтеріп кетті.

IX. Сызбамен жұмыс

Тірек сөздер (сызба)

Сарыарқа Алатау Алматы Есіл Астана «Астана» қонақ үйі Апорт Бәйтерек Медеу Бидай

Тапсырма

Өлеңнен осы сөздердің әрқайсысына қатысты жолдарды тауып, мәнерлеп оқыңдар.

Сұрақ

Алматы мен Астана атаулары неге қатар аталады деп ойлайсың?

X. Дәптермен жұмыс

Өлең мазмұнын қысқаша жазу, тірек сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

XI. Қорытынды

Сұрақ

Үш арыс туралы не білесіңдер? (Тақпақ айтылды.)

Өлеңнің негізгі ойы

Астанам — Арқадағы арман қала,
Бақыты жұлдыз болып жанған қала.
Арманы бабалардың орындалып,
Сыңсытып талай ғасыр салған қала.

Ақын жырлағандай, бүгінгі сабақта Астана туралы білетінімізді толықтырдық. (Суреттер көрсетіледі.)

XII. Үй тапсырмасы

Өлеңді жаттау және 82-беттегі өлеңді аяқтау.

XIII. Бағалау

Сабаққа қатысуы, жауаптарының нақтылығы және мәтінмен жұмыс сапасы бойынша бағаланады.