Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру
Күз — береке, күз — мереке
Мақсаты
- Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру.
- Күз өнімдерімен таныстырып, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру.
- Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.
- Балаларды ән салуға, би билеуге және түрлі іс-әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру.
- Шығармашылық ой-қиялдың дамуына ықпал ету.
- Ата-аналар қауымымен тығыз қарым-қатынас орнату.
Көрнекіліктер
Сахна ашылуы: балалар вальс биін билеп шығады. Әуен әдемі ырғағымен жалғасып, Күз ханшайымы ортаға келеді.
Жапырақтағы тапсырмалар
1-тапсырма
Қазір жылдың қай мезгілі?
Балалардың жауабы
Күз.
2-тапсырма
Күз айларын атаңдар.
Қыркүйек — Бекболат
Бірінші қыркүйек —
Білімге бастады.
Мал мен аң жүр бейбіт,
Құс шарлайды аспанда.
Қазан — Сабина
Жаңартқан ғаламды —
Жаңбырлы ғажап ай.
Осы бір мезгілді
Нұрлантар қазан ай.
Қараша — Шұғыла
Мол байлық тергені —
Шаттығы қаншалық!
Қараша керемет,
Ән салып, нұр шашып.
Әсем ән: «Алтын күз»
Орындаушы: Аяна
Өнім биыл тамаша — көз тоймайды қараса!
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Қызылша, қызанақ, орамжапырақ — қарашы!
Осы сәтте көкөністер бір жерге жиналып, өзара дауласа бастайды.