Топ оқушыларын екі топқа бөлу
Сабақтың тақырыбы
Айналу денелерінің ауданы мен көлемдеріне есептер шығару.
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
Өмірден мысалдар келтіре отырып, оқушыларға айналу денелерінің бет аудандары мен көлемдері туралы мағлұмат беру.
2) Дамытушылық
Конустың бүйір беті мен толық бетінің ауданын табуға арналған есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту.
3) Тәрбиелік
Конустың қолданылатын орындары туралы мағлұмат бере отырып, оқушыларды әсемдікке және өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Жаңа сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, деңгейлік есептер шығару
- Пәнаралық байланыс
- Тарих, информатика
Сабақтың көрнекілігі
- Дербес компьютер
- Диапроектор
- Сызба плакаттар және басқа да көрнекіліктер
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсат-міндеттерін нақтылап, сыныптың жұмысқа дайындығын ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Оқушыларды екі топқа бөлемін. Үй тапсырмасын «Баспалдақ» ойыны арқылы сұрап, тексеремін.
Ол үшін оқушылар төмендегі тапсырмаларды екі жақтап орындап, баспалдақтың ең жоғарғы бөлігіне жетуі керек. Қай топ бірінші жетсе, сол топ жеңіске жетеді.
Ескерту
Тапсырмалар мәтіні берілгенде, ойынның әр қадамын (деңгейлерін) ретімен рәсімдеп, бағалау өлшемдерін алдын ала көрсету ұсынылады.