Құрамына қарай жай сөйлем

Сабақ тақырыбы

Өткенді қайталау (10-сынып)

Сабақ түрі

Сайыс

Әдіс-тәсілдер

  • СТО стратегиялары
  • Сұрақ-жауап
  • Жаттығулар

Мақсаты мен міндеттері

Білімді бекіту

  • Өткен тақырыптар бойынша алынған білімді пысықтау.
  • Теориялық және практикалық білімді ұштастыру.
  • Тақырыпқа байланысты тексеру жаттығуларын орындау.
  • Тілдік минимумды тексеру.

Дамытушылық

Оқушылардың тіл байлығын дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік

Оқушыларды елін, жерін, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.

Сабақ барысы

Кіріспе бөлім

  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
  2. Сыныпты екі топқа бөлу және топ атауын белгілеу: 1-топ — Жетісу, 2-топ — Сарыарқа.

Жай сөйлемді қайталау

Ережені айту және мысал келтіру.

1-топ — Жетісу

Айтылу мақсатына қарай жай сөйлем.

2-топ — Сарыарқа

Құрамына қарай жай сөйлем.

Сөздердің байланысу түрлерін ажырату

1-топ — Жетісу

  • сен келдің
  • ауылға бару
  • тез шығамын
  • ананың жүрегі
  • тас жол

2-топ — Сарыарқа

  • алтын сағат
  • досыма қарадым
  • ертең келемін
  • екі сөйлеу
  • мектептің жаны

Берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап құрастыру

1-топ — Жетісу

Қазақ халқының ұлттық ойындары

2-топ — Сарыарқа

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Сын есім

Ережені айту және мысал келтіру.

А)

Жетісу мен Сарыарқа өңірлерін елестетіп, сын есімдер арқылы мысал келтіру.

Ә)

Сын есімдерді қолданып, «Жетісу» және «Сарыарқа» тақырыптарына әңгіме құрастыру.

Тапсырма

«Жетісу», «Сарыарқа» сөздеріндегі әріптерді қолданып, сөз моншағын құрастыру.

Қатыстық және сапалық сын есімдерді қайталау

Әр топ 4 мысал келтіріп, жасалу жолын түсіндіреді.

Зат есім

Ережені айту және мысал келтіру.

1-топ — Жетісу

Жалқы және жалпы есімдер.

2-топ — Сарыарқа

Деректі және дерексіз есімдер.

Қорытынды (рефлексия)

Әр оқушы стикерге төмендегі сұрақтарға жауап жазады:

  • Не білдім?
  • Не үйрендім?
  • Не білгім келеді?

Үй тапсырмасы

  1. Өткен тақырыптарды қайталау.