Мақал - мәтелдер айту

Тақырып

«Отан — оттан да ыстық»

Сабақтың мақсаты (білімділік)

  • Отан — Қазақстан, туған ел туралы түсініктерін кеңейту.
  • Отанды адамның тұратын, өмір сүретін, өсіп-өнетін мекені ретінде түсіндіру.
  • Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты (дамытушылық)

  • Отан, туған ел туралы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
  • Сөздік қорын молайту, ойды жүйелі жеткізуге үйрету.
  • Есте сақтау қабілетін дамыту.

Сабақтың мақсаты (тәрбиелік)

  • Еліне деген сүйіспеншілікті, мақтаныш сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап ой түйіндеу сипаттау ой-толғаныс мәнерлеп оқу топпен жұмыс

Көрнекіліктер

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
  • мақал-мәтелдер
  • сөзжұмбақ

Сабақтың түрі

Жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    бастау

    Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.

  2. 2) Жаңа сабақ

    негізгі бөлім

    М. Хакімжанованың «Отан» өлеңін оқу (мәнерлеп оқу, талқылау).

    Тіл дамыту

    Отан қуат, нәр береді.

    Отан мәңгі гүлденеді.

    Топпен жұмыс: мемлекеттік рәміздер

    1-топ

    Қазақстан Республикасының Әнұраны

    2-топ

    Мемлекеттік Туды сипаттау

    3-топ

    Елтаңбаны сипаттау

    Тәуелсіздік туралы әңгіме

    Сұрақ: Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қалай қол жеткізді?

    1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы әңгімелеу: 17 желтоқсан күні өткен бейбіт шеру және оның тарихи маңызы.

    Тәуелсіздік жолында Қ. Рысқұлбеков, Е. Спатаев, С. Мұхамеджанова сияқты қазақ жастары қайсарлық танытып, ерлік көрсетті. (Суреттерін көрсету.)

  3. 3) Мақал-мәтелдер

    бекіту
    • Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.

    • Отан — оттан да ыстық.

    • Отан үшін отқа түс — күймейсің.

  4. 4) Сөзжұмбақ

    ойын

    1) Қойда бар, лақта жоқ. Ойда бар, бақта жоқ.

    Жауабы: О

    2) Мемлекеттік рәміздердің бірі.

    Жауабы: Ту

    3) Ең жақын адам.

    Жауабы: Ана

    4) Қасиетті тағам.

    Жауабы: Нан

Қорытынды

«Бес жолды өлең» құрастыру

  1. Не? — Отан
  2. Қандай? — ыстық, үлкен, кең
  3. Не үшін? — Отан үшін отқа түсеміз, күймейміз
  4. Қайда? — барлық жақсылық балалар үшін Отанымызда жасалады
  5. Не істейміз? — Отанымызды сүйеміз, мақтан етеміз

Ой түйіндеу және ауызша суреттеу

Сұрақ: Отан деген не? (Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.)

Ауызша суреттеу: Отанның жері мен байлығы, халықтар достығы, бірлік пен татулық туралы ой бөлісу.

Сабақ соңында оқушыларды мадақтау, белсенді қатысуын атап өту.