Ана неден қымбат
Сабақ тақырыбы және мақсаттары
Тақырыбы
С. Оспанов — «Сегізінші наурыз күні».
Білімділік
Оқушылардың өлең мазмұнын түсінуін тереңдету және мәнерлеп оқу дағдысын арттыру.
Дамытушылық
Ой-өрісін дамыту, тілдік және сөздік қорын байыту, шығармашылық ойлау мен танымдық қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, әдептілікке және ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі
Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау
- Ой түйіндеу
- Шығармашылық тапсырмалар орындау
Көрнекіліктер
Үнтаспа, мақал-мәтелдер, слайдтар.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
- Зейінін сабаққа аудару.
- Психологиялық дайындық.
Психологиялық дайындық (1-слайд)
1 дегенім — жаман баға, алады оны жаман бала.
2 дегенім — нашар баға, інім-інім, нашарлама.
3 дегенім — орта баға, сапасы да орта ғана.
4 дегенім — жақсы баға, алады оны жақсы бала.
5 дегенім — үздік баға, оқимыз тек үздік қана.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген «Көртышқан» мәтінінің мазмұнын сұрап, қосымша сұрақтар арқылы бағалау.
Сұрақтар (2-слайд)
- Көртышқан қандай жағдайға ұшырады?
- Көртышқанға қандай ақыл-кеңес берер едің?
- Мәтінде қандай табиғат құбылысы туралы айтылған?
3) Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту
- Көктем мезгілі туралы әңгімелесу, көктем айларын атау.
- Наурыз айына тоқталу.
- Наурыздағы мерекелі күндер туралы, соның ішінде 8 наурыз мерекесі жайлы пікір алмасу.
Сөзжұмбақ (3-слайд)
-
10 − 8 = 2. Бұл қандай амал?
-
Далада жүр шапқылап,
Керемет тым сақ құлақ.
Тек есектен басқа да,
Оған ұқсар жоқ құлақ.
-
Қасиетті тағам (ерекше жазуды оқу).
а з а й т у қ о я н н а н
Суреттермен жұмыс (4-слайд)
- Суреттер көрсету арқылы ой қозғау.
- Оқулықпен және жұмыс дәптерімен жұмыс.
- Өлеңді мәнерлеп оқу.
Сұрақтар
- 8 наурыз қандай мейрам?
- Өз анаңа қандай сый-құрмет көрсетесің?
Мәтінді талдау
Өлеңнің негізгі ойы мен тәрбиелік мәнін анықтау, дәлел келтіру.
4) «Жылы сезім» бөлімі (5-слайд)
- Мейірімге толы көзқарас
- Еркелете сөйлеуі
- Балаға жүрек жылуы
- Баласын ерекше нәзік сезіммен жақсы көруі
- Бесік әлдиі
- Түн ұйқысын төрт бөлуі
5) Ой толғаныс: «Ана кім?»
Оқушылардың пікірін тыңдау, ойларын толықтыру.
Тірек сөздер (6-слайд)
6) Шығармашылық жұмыс (7-слайд)
Өлең құрастыру.
Үлгі:
Ақ сүт берген аяулы __________
____________________ данасын
____________________ панасын
____________________ баласын
Анашым
7) Қорытынды және бекіту
Сұрақ-жауап
- Бала жылап, уанбай шырылдағанда кімді іздейді?
- Дүниедегі ең қымбат адам кім?
- Ана неліктен бәрінен қымбат?
- Сен дүниеге кім болып келесің?
Адам — жанды, саналы тіршілік иесі. Ананың аялы алақаны мен мейіріміне тең келер нәрсе жоқ. Ана біз үшін жалпақ дүниеден де үлкен. Анаға деген махаббат сәби құндақта жатқан кезден басталады. «Ананың жолы басқа» дегеніміз — ананың өмір жолы ерекше, ешкімге ұқсамайды. Ол бізге өмір сыйлады, сондықтан ананың орны бөлек. Ананы ешкіммен теңестіре алмаймыз. Ана — құдірет иесі.
Қорытынды шумақ (8-слайд)
Ана — жүрек, жүректі құрметте.
Ана — тірек, тіректі құрметте.
Ана — шыңның шыңы, сағынып жет.
Ана — күнің, күніңе табынып өт.
8) Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен белсенділігіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үйге тапсырма
- «Сегізінші наурыз күні» өлеңін жаттау.
- Aна туралы мақал-мәтелдер жазып келу.