Сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалау

Сабақтың тақырыбы

Қосудың терімділік қасиеті

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: қосудың терімділік қасиетін есептеулерде тиімді қолдануға үйрету; есеп құрастыру, шығару және түрлендіру; бір амалмен шығарылатын өзара кері есептерді шығаруға дағдыландыру.
  • Дамытушылық: теңдеулерді шешу машығын жетілдіру; екі таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру арқылы зейінін, қабылдауын және логикалық ойлауын дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыпты және таза жазуға тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың типі
Білімді бекіту сабағы
Сабақтың әдісі
Түсіндіру, сұрақ–жауап
Көрнекілігі
«Ер Төстік» ертегісінің кейіпкерлері (суреттер), тақырыпқа байланысты иллюстрациялар
Пәнаралық байланыс
Әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері

Сабақтың өту барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, таныстыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Тренинг: «Тыныштық сәті»

Мұғалім: «Балалар, бүгін қай мезгіл?» — Оқушылар: «Көктем».

«Ендеше, тыныштық сақтап, қысқа тренинг жасайық: көзімізді жұмып, денемізді бос ұстап, елестетеміз. Көктем келді. Айнала жасыл шөпке оранды. Біз сыныбымызбен серуенге шықтық. Күн шуағын төгуде. Көңіл-күйіміз өте жақсы. Далада доп ойнап, тамақтанып, таза ауамен тыныстап қайттық».

«Енді көзімізді ашайық. Өздеріңді қалай сезіндіңдер? Осы сабақ бойы осындай көтеріңкі көңіл-күйде болайық».

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма: №5 есеп.

Жауап үлгілері
  • 35 см + 2 см = 37 см
  • 8 дм + 7 см = 15 см
  • 48 см − 6 см = 42 см
  • 42 см + 6 см = 48 см

III. Білімді бекіту: ертегілер әлеміне саяхат

Бүгін біз ертегілер әлеміне саяхат жасаймыз. «Ер Төстік» ертегісін еске түсірейік: Ер Төстік, Шалқұйрық, Епті, Желаяқ, Саққұлақ, Таусоғар, Көлтауысар, Көреген, Самұрық құс.

Алдымен күннің жадын дәптерге түсіреміз. Ертеде Ерназар байдың Ер Төстік деген ұлы болыпты. Ол батыл да ержүрек болып өседі. Жұт кезінде хабарсыз кеткен сегіз ағасын іздеуге аттанады.

№1 тапсырма

Өрнек құрастыру

Суретке қарап есеп құрастыр. Есептер төмендегі өрнектер бойынша шығарылатын болсын:

  • 70 − 30
  • 70 − (20 + 30)
  • (70 + 20) − 30

Ер Төстік сегіз ағасын тауып, ауылына ата-анасына қайта оралады. Олар тату-тәтті өмір сүреді.

Ертегі желісі

Сюжет

Перінің қызы Жалмауыз кемпірге тапсырма беріп, Ер Төстікті қолға түсірмек болады. Ер Төстік пен оның сенімді серігі Шалқұйрық айла тауып, қашып құтылады. Жолда ол жаңа достармен танысады.

№2 есеп

Мәтіндік есеп

Әлия 9 дәптер, ал Мәншүк 7 дәптер сатып алды. Екеуі барлығы неше дәптер сатып алды?

Талдау сұрақтары

  • Есепте не туралы айтылған?
  • Не белгілі?
  • Нені табу керек?
  • Есептің шарты, сұрағы, шешуі және жауабы өзара қалай байланысады?

Осы тұста Ер Төстік алғашқы досы Ептімен жолға шығады.

№3 тапсырма

Тиімді тәсіл

Қосуды ең тиімді тәсілмен орында:

  • 8 + 2 + 7
  • 20 + 5 + 3
  • 40 + 50 + 2
  • 27 + 3 + 6

Ойланайық

  • Берілген қосындыларды қандай қосындылармен алмастырдың?
  • Неліктен дәл солай жасауға болады?
  • Қосудың қандай қасиетін қолдандың? Тұжырымда.
  • Қосындының мәні қосылғыштарды топтау тәртібіне тәуелді ме?

Осы кезде Ер Төстіктің жолына Желаяқ шығып, үшеуі достасып сапарын жалғастырады.

№4 тапсырма: теңдеуді шеш

Теңдеу

x + 40 = 92

x = 92 − 40

x = 52

52 + 40 = 92

x − 40 = 52

x = 52 + 40

x = 92

92 − 40 = 52

92 − x = 40

x = 92 − 40

x = 52

92 − 52 = 40

Осы арада Саққұлақ та қосылып, достардың қатары арта түседі.

№6 (а) тапсырма

Қолдану

6 + 4 = 10

Осы теңдікті пайдаланып:

  • Қандай екі таңбалы сандарға 6-ны қосуға болады?
  • Қандай екі таңбалы сандарға 4-ті қосуға болады?
  • Түсіндір және сол екі таңбалы сандарды жаз.

Сюжеттік жалғасы

Жетеуі жеті ай жүріп, Темір хан еліне жетеді. Темір хан Ер Төстіктен өнерлерін көрсетуді сұрайды. Достары өз өнерлерін көрсетіп, жұртты таңғалдырады. Кейін Ер Төстік жер үстіне қайтуға жолға шығады.

Жолда ол бәйтеректің жанында демалып тұрған кезде, балапандардың шырылын естіп, ағашқа өрмелеп бара жатқан айдаһарды көріп, садақпен атып түсіреді. Балапандар аман қалады.

V. Сабақты бекіту: логикалық сұрақтар

  1. Бақтиярдың 4 ұлы бар. Олардың әрқайсысының туған қарындасы бар. Бақтиярдың барлығы неше баласы бар?
  2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалып қойды. Бұл қалай мүмкін?
  3. Ең үлкен екі таңбалы санға ең кіші бір таңбалы санды қоссақ, қанша шығады?

VI. Үйге тапсырма

№6 (ә) есеп, 118-бет.

VII. Қорытынды және бағалау

«Ертегіге құрылған саяхат сабағымыз ұнады ма?» Сабаққа белсене қатысқан оқушылар бағаланады.