Оқушыларға қазақ хандары туралы қысқаша мәлімет беру
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақ Қазақ хандығының құрылу тарихын түсіндіруге, тарихи тұлғалардың еңбегін бағалауға және оқушылардың ойлау мен талдау дағдыларын дамытуға бағытталады.
Білімділік
Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру. Қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алу соғыстарының нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойғы арманы, бірлігі және өзара туыстық байланыстарының негізінде құрылғанын ұғындыру.
Тәрбиелік
Тұңғыш қазақ мемлекетінің қалыптасуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз елінің тарихына және оның адал ұл-қыздарына құрмет сезімін қалыптастыру.
Дамытушылық
Өз бетінше қорытынды жасауға және ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін, пікір айту және дәлелдеу мәдениетін дамыту.
Көрнекілік құралдар
- Суреттер
- Тірек схемалары
- Портреттер
- Түрлі кестелер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгелдеу, зейінді сабаққа аудару.
- Тренинг: «Көжек». Оқушылар шеңберге тұрып, кішкентай «көжекке» жылы сөздер айтып, кезекпен бір-біріне ұсынады. Кейін жылы тілектерін өзара бөліседі.
Қызығушылықты ояту
-
Карточкалар арқылы екі топқа бөліну:
Хандар Билер
- Кеспе сөздер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.
II. Мағынаны тану
«Фуар» әдісі бойынша оқушылар алдарындағы тарихи тұлғалардың есімдерімен танысып, олар туралы білетін мәліметтерін ортаға салады. Білмейтін тұстарын слайд арқылы толықтырып, түсіндіру жүргізіледі.
Слайдпен жұмыс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толатынын және бұл тарихи датаның айрықша атап өтілетінін мәлімдегені айтылып, тақырыптың мәні ашылады.
1456 жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа қоныстанып, қазақтың туын көтерді. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған қазақ тайпалары бірігіп, Қазақ хандығының іргесін қалады.
Кейін халқымыз талай тарихи сынақтан өтті: ғасырлар бойы ар-намыс тапталды, түрлі нәубет көрді. Дегенмен, мың өліп, мың тірілген қазақ елі ақыры азаттығына жетті. Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту — сол азаттық жолында еңбек еткен бабаларға деген құрмет.
Оқушыларға қазақ хандары туралы қысқаша мәлімет беріледі. Одан кейін алынған білім негізінде топтық жұмыс ұйымдастырылып, постер қорғалады.
1-топ: Хандар
«Бес жол өлең» құрастыру арқылы негізгі ұғымдарды жинақтап, постерде көрсету.
2-топ: Билер
Топтастыру әдісімен ұғымдар арасындағы байланыстарды ашып, постерде жүйелеу.
Топтар өз жұмыстарын жүйелі түрде қорғап, негізгі ойларды дәлелдермен бекітеді.
III. Толғаныс
Сабақ қорытындыланып, белсенді қатысқан топ анықталады. Сергіту және қолдау мақсатында «От шашу» әдісі қолданылады. Сабақ аяқталады.