Сырдың сипатын тауып оқы
Сабақ тақырыбы
Әбу Насыр әл-Фараби
Түрі
Аралас сабақ
Әдісі
Ой қозғау, сөздік жұмыс
Көрнекілігі
Әл-Фараби суреті, сызбалар, кітаптар, суреттер, слайд
Мақсаты
Танымдық ойлауды дамыту, сөздік қорды молайту, еңбексүйгіштікке және мейірімділікке тәрбиелеу
«Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы».
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- Түгендеу
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ойын: «Тақия тастау»
Сұрақтар
- Әңгіме қалай аталады?
- Ағайынды екі жігіт неліктен жаңа қоныс іздеуге мәжбүр болды?
- Сыр өңіріндегі халықтың тіршілігін сипатта.
- Сырдың сипатын тауып, мәтіннен оқы.
- Ағайынды екі жігіт Сыр өңіріне қоныстанған соң, қандай кәсіппен айналысты?
- Сыр өңірі, жері мен суы туралы қандай өлең, ән білесің?
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
«Сағыныш» сөзін қалай түсінесің?
Ой толғаныс: тарихи үзінді
Әбу Насыр әл-Фараби — ұлы ғалым, ойшыл, әрі ақын. Ол Аристотельден кейін «Екінші ұстаз» атанған. Мың жылдан аса уақыт өтсе де, еңбегі адамзат ойының дамуына әсер етіп келеді.
Әл-Фараби қазақ даласындағы көне мәдени орталықтардың бірі — әйгілі Отырарда дүниеге келген. Отырарды араб деректерінде «Фараб» деп атаған. Осы атаудан оның есімі «әл-Фараби» болып қалыптасқан.
Бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алып, кейін Хорасанға аттанады. Ғылымды көбіне өздігінен оқып-үйренген. Ол шамамен 150-ге жуық еңбек жазып, Аристотельдің идеялары мен мақсаттарын терең түсіндіріп, әрі қарай дамытқан.
Слайдпен жұмыс
Әбу Насыр әл-Фарабидің суреттері арқылы өмірі мен мұрасын таныстыру.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді оқу, мазмұнын талдау.
Талдау сұрақтары
- Әбу Насыр әл-Фараби қай жерде дүниеге келген?
- Әбу Насыр бастауыш білімді қайда алған?
- Ол қай елдерде болған?
- Әбу Насырдың туған еліне арналған өлеңінен қандай сезім байқалады?
Сөздік жұмысы
- Аристотель
- Грек елінің ұлы ғалымы.
- Шам
- Қазіргі Сирия мемлекетінің астанасы Дамаск қаласының көне атауы.
- Шах
- Ұлы билеуші; Иран патшасының атағы.
- Хауыз
- Жан-жағы мен түбі шегенделген, су сақтайтын шұңқыр.
«Бес жолды өлең» үлгісі
-
Кім?
Әбу Насыр әл-Фараби
-
Қандай?
Ұлы, әйгілі, білімпаз
-
Не істеді?
Көптеген еңбектер жазды
-
Синоним
Ғұлама
-
Сөйлем
Әл-Фараби — Аристотельден кейінгі екінші ұстаз.
IV. Шығармашылық жұмыс
Әбу Насыр әл-Фараби Аристотельден кейін ерекше танылған тұлға. Себебі ол көп оқып, үздіксіз ізденіп, ғылымға терең бойлаған. Аристотель еңбектерін бірнеше мәрте оқып, ойларын талдап, әрі қарай дамытқан.
Ізденістің нәтижесінде өзі де көптеген еңбектер жазды. Сол мұра ғасырлар бойы сақталып, кейінгі ұрпаққа өшпес із қалдырғандықтан, әл-Фараби есімі аңызға айналған ғұламалардың қатарында аталады.
Эссе тақырыбы
«Аңыз адам»
V. Қорытынды
Қайталау сұрақтары
- Бүгін біз кім туралы сөйлестік?
- Әбу Насыр әл-Фараби кім?
- Ол туралы не білдіңдер?
Негізгі ұғымдар
Көптеген ақын-жазушыларымыз әл-Фараби туралы өлеңдер жазған. Солардың бірі — М. Шахановтың «Арман» өлеңі (оқушылар оқиды).
Қорытынды ой: адам ғаламда өз орнын тауып, мақсатына жетуі үшін ең алдымен арман қажет.
VI. Оқушыларды бағалау
Сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
VII. Үй тапсырмасы
- 82–83-беттерді оқу.
- Әл-Фараби туралы қосымша мәлімет жинақтау.