Тәртіпсіз бала қандай бала

Сабақ тақырыбы

«Мен тәртіпті баламын» — мәнерлеп оқу.

Мақсаты (білімділік)

Көркем шығармаларда бейнеленген сезімдерді сезіне білуге үйрету; шығарманы мәнерлеп оқу арқылы көркем әдебиетке қызықтыру; сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; сөздік қорды молайту.

Мақсаты (тәрбиелік)

Балаларды жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, адамгершілікке, тәртіптілікке және сыпайылыққа тәрбиелеу.

Мақсаты (дамытушылық)

Ұнамды және ұнамсыз қылықтарды ажырата білуге дағдыландыру; әдеп ережелерін бойға сіңіру; тіл байлығын және таным белсенділігін арттыру.

Әдісі

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Мазмұнына сәйкес түрлі суреттер.

Күтілетін нәтиже

Біледі
Шығарманы мәнерлеп айта алады.
Игереді
Әдептілік дағдыларын меңгереді.
Қолданады
Алған білімін өмірде қолдана біледі.

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Үлкендерге — «сіз»,
Кішіге де — «сіз».
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеміз біз.

Қайталау сұрақтары

  • Қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс мезгілі.

  • Қыс мезгілінде неше ай бар? — Үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан.

  • Бір аптада неше күн бар? — Жеті күн.

Апта туралы санамақ

Апта деген ағайдың
Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі — дүйсенбі,
Екіншісі — сейсенбі,
Үшіншісі — сәрсенбі,
Төртіншісі — бейсенбі,
Бесіншісі — жұма,
Алтыншысы — сенбі,
Жетіншісі — жексенбі.

Жаңа тақырып

Ой қозғау

Тәртіптілік деген не? Тәртіп — адамгершіліктің көрінісі. Осы ұғымды терең түсіну үшін балаларға мына сұрақтар қойылады:

  • Тәртіпті бала қандай болуы керек?
  • Тәртіпсіз бала қандай болады?

Сұрақтарға оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.

Мәнерлеп оқу: «Мен тәртіпті баламын»

Мен тәртіпті баламын,
Айтқан тілді аламын.
Анам нанға кеткенде,
Үйде ойнап қаламын.

Шкафтарды ашпаймын,
Кітаптарды шашпаймын.
Текшелерден үй жасап,
Қызық ойын бастаймын.

Түйін

Адам бойында жақсы да, жағымсыз да қасиеттер болады. Ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілдікті, шыншылдықты бізге үлкендер үйретеді. Олар — ата-анамыз бен ұстаздарымыз. Жақсы бала жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінезден және тәртіпсіздіктен аулақ болуға тырысады.

Сөздік жұмысы

«Айтқан тілді аламын» — үлкендердің ақыл-кеңесін тыңдаймын, айтқанын орындаймын.

Сергіту сәті

Алдымнан жел еседі,
Тербеледі ағаштар.
Кіп-кішкентай балалар,
Үлкен болып өседі.

Сурет бойынша әңгіме

Тақтаға сурет ілініп, сурет мазмұны бойынша әңгіме жүргізіледі: тәртіпті, ақылды баланың әрекеті қандай болуы керек, ал тәртіпсіздік қандай жағдайға әкелуі мүмкін?

Тақпақтар: тәртіп пен әдеп туралы

Әнел
Оқимын сөздерді,
«Бұзба көше тәртібін»,
Суретте саламын.
Ұрынасың апатқа.
Нұрбол
Енді мен ақылды,
Тәртіпті боламын.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа.
Әсемай
Жақсыға әдеттену — әдептілік,
Жаманға әдеттену — тәртіпсіздік.
Үлкенді сыйлау — кішілік,
Үлгілі мінез — кісілік.
Нұрсат
Болмасақ та басқаға құл,
Құл болайық тәртіпке.
Бауыржан Момышұлының
Сөзі жүрсін жүректе!

Дидактикалық ойын: «Не деу керек?»

  1. Апаң базардан алма сатып әкеліп, ең үлкенін әрі жақсысын саған берді. Не деп барып жеу керек?

    Жауабы: «Рахмет!»

  2. Үйге қонақтар келгенде не деп айту керек?

    Жауабы: «Келіңіз, төрлетіңіз!»

  3. Дастархан басында үлкендерге не деп айтуымыз керек?

    Жауабы: «Дәм татыңыз», «Ас болсын!»

  4. Тәртіпсіздік жасап, досыңды ренжітіп алсаң не деу керек?

    Жауабы: «Кешір!» немесе «Кешірім сұраймын.»

Қорытынды

Бүгін көркем әдебиет оқу іс-әрекетінде тәртіптілік туралы үйрендік. Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады.