Ұлттың аты

Мақсаты

1) Танымдық

Оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен ел дамуына қосқан еңбегі туралы жүйелі мәлімет беру.

2) Тәрбиелік үлгі

Президенттің ел үшін атқарған істерін үлгі-өнеге ету, қоғамдық жауапкершілікке баулу.

3) Азаматтық-патриоттық

Оқушыларды Отанын, халқын сүйетін, елжанды, патриот азамат болып өсуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Плакаттар
  • Шарлар
  • Ту
  • Көрнекі суреттер
  • Сөзжұмбақ

Іс-шара барысы

Психологиялық ахуал

Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.

Көңіл күйлерің қалай?
Керемет! (бас бармақпен көрсету)
Сабаққа дайындықтарың қалай?
Тамаша! (алақан шапалақтау)
Сабаққа ынталарың қалай?
Ғажап! (қол көтеру)

Топтарға бөліну және ұрандар

І-топ: Қыран

Ұраны: «Қыран құстай самғап, биіктерден көрінейік!»

ІІ-топ: Ұлан

Ұраны: «Елімізді қорғайтын ұландардай айбатты болайық!»

ІІІ-топ: Сұңқар

Ұраны: «Сұңқардай қалықтап, ізденуден жалықпайық!»

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Тақырып: «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы»

Біздің Елбасымыз кім?
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
1 желтоқсан қандай мереке?
Тұңғыш Президент күні.

Негізгі ой

«Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» — Н. Ә. Назарбаевқа арналған тағылымдық шара. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында Президент сайлауы өтіп, тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Осыған байланысты 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні ретінде аталып өтеді.

Ел дамуының маңызды белестерінің бірі — Қазақстанның тәуелсіздігі. Сондай-ақ «Жас қала — бас қала» бастамасының аясында елордамыздың өркендеуі жаңа кезеңнің нышанына айналды.

Қазақстанда жүз отыздан астам ұлт өкілдері бір-бірімен тату-тәтті өмір сүріп келеді. Ел болашағы — жастар десек, жас ұрпақтың білімді, саналы, елжанды болуы — ортақ мақсат.

Оқушылар баяндамасы: өмір жолы

Аружан

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында дүниеге келген. Әкесі — Әбіш, анасы — Әлжан. Мектепте жақсы оқып, озат оқушы болған, ата-анасын ерекше құрметтеген.

Дана

1991 жылы 1 желтоқсанда республика халқы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Қазақстан Республикасының Президенті етіп сайлады. 1998 жылы 10 маусымда жаңа Астананың ресми тұсаукесері өтті. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан.

Тақпақтар

Іңкәр

Елде еркін жүр екенмін,
Елге ерке гүл екенмін.
Елбасының арқасында,
Мәз-мейрам жүр екенмін.

Арна

Әнге толсын барлық қала, ауылдар,
Қағылсын бар дабылдар.
Елбасының туған күнін ардақтау —
Бәріміздің борышымыз, бауырлар.

Дана

Сан ұлттың басын қосып, Қазақстан,
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан.
Елбасы алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан.

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа,
Әр қазақ берік болсын намысына.
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, нұрлы заман бағытына!

Марғұлан

Нық қып әр бұрышыңды,
Ұлт пен әр ұлысыңды,
Бірлікпен билей білген —
Нұрсұлтан Әбішұлы.

Нұрбақыт

Төбең көк тіресін деп,
Амандық тілесін тек.
Ер халқың құттықтайды,
Елбасы күніменен!

Бауыржан

Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға — біздің ұлы адам.

Нұрәсем

Елбасымыз — қыранымыз,
Сізге бізден бұл әніміз.
Қазақстан — ұланымыз,
Туымыз бір, ұранымыз.

Аружан

Ауыр күнді артымызға тастауы —
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген —
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім!» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Камила

Саясаттың көшін бастап Нұраға,
Биікті де бағындырып жүр ғана.
Елбасымыз — сүйіктіміз, мәртебеміз, тұғырлы дара.

Ақбота

Шықты тарап ой-данадан,
Бері қарар жұлдыз беті.
Өзі қалап, сайлап алған —
Елімнің бар Президенті.

Үкілім

Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты, жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті, халық деген данам бар.

Ән

«Көк тудың желбірегені» (орындалады)

Топпен жұмыс

І-топ: «Үштік әдіс»

«Ойлан, топтас, бөліс» әдісі бойынша туған жер туралы әңгіме жазу.

ІІ-топ: «Синквейн»

Бес жолды өлең құрастыру: «Елбасы».

ІІІ-топ: Сөзжұмбақ

  • Ұлттардың бірлігі, татулығы.
  • Рәміздердің бірі.
  • Ұлттың аты.
  • Мейірімді жан.

Дәйексөз

Н. Ә. Назарбаев: «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде».

Мақал-мәтелдер: жалғастыр

Отан, туған жер туралы

  1. Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
  2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  3. Отан — оттан да ыстық.
  4. Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
  5. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
  6. Отан отбасынан басталады.

Ән

«Нұрсұлтан» (орындалады)

Бұл бөлімде оқушылардың орындауындағы ән арқылы бірлік, Отанға сүйіспеншілік және ортақ құндылықтар тақырыптары бекітіледі.

Қорытынды және кері байланыс

Біздің Президентіміз — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі — машақаты көп, әрі мәртебелі міндет. Басшысы берік елдің бірлігі нығайып, болашағы айқындалады.

Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін елдің басын біріктіріп, мемлекет іргесін бекіту жолында Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Елбасы ретінде тарихи жауапкершілікті өз мойнына алды. Елбасының бастамаларымен Қазақстан әлемге танылып, елдігіміз бен бірлігіміз айқын көрінді.

Егемендікке қол жеткізген алғашқы кезеңде «өз алдымызға дербес ел бола аламыз ба?» деп күмәнданғандар да болды. Алайда ар-намысты ту еткен аға буынның қажырлы еңбегі мен халықтың ынтымағы бүгінгі жарқын күндерге жеткізді.

Ой түю

  • Тәуелсіздік — ең қастерлі құндылық.
  • Бірлік пен татулық — ел тірегі.
  • Жастар — елдің ертеңі.
  • Тілге құрмет — болашаққа құрмет.

Назарларыңызға рахмет!