Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты - оқушыларды креативті ойлауға бағыттау
10–11-сыныптарға арналған Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасы
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту тілі — қазақ тілі).
1-тарау. Жалпы ережелер
Нормативтік негізОқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді.
Пән бағдарламасының мақсаты
Қазақ әдебиеті бағдарламасының негізгі мақсаты — оқушыларды креативті ойлауға бағыттау, ойларын ауызша еркін жеткізуіне және сауатты жаза білуіне жүйелі қолдау көрсету.
Негізгі дағдылар
- Дәлел келтіру
- Салыстыру
- Талдау (анализ) жасау
- Бағалау
Шығармашылық тәжірибе
Оқушылар әдеби жанрлармен эксперимент жасау арқылы драмалық шығарманы проза тілінде, ал прозаны поэзия тілінде жазу тәсілдерін меңгере алады.
Бұл бағыт мәтін құрастыру мәдениетін дамытып, жанрлық ерекшеліктерді терең түсінуге мүмкіндік береді.