Ұшқан доптың траекториясын сыз

Сабақ туралы мәлімет

Мұғалім

Атырау қаласы, М.Әуезов атындағы №7 орта мектептің физика пәні мұғалімі — Аманиязова Замзагүл Тоқтабаевна.

Сынып

Физика, 9-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қозғалыс — материяның ажырамас қасиеті. Материалдық нүкте. Санақ жүйесі. Салыстырмалы механикалық қозғалыс.

Сабақтың мақсаты

  1. Табиғаттағы денелердің орын ауыстыруына байланысты туындайтын механикалық қозғалыс туралы білім қалыптастыру.
  2. 7-сыныпта өткен «Қозғалыс» тарауы бойынша алған білімді кеңейту, ойлау және зерделеу қабілеттерін дамыту.
  3. Табиғатта кездесетін қозғалыс түрлерін оқушының күнделікті өмірімен байланыстырып, алған білімін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндірмелі баяндау
  • Салыстыру
  • Дәлелдеу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, алгебра

Көрнекіліктер мен ресурстар

Арбаша Шар Глобус Кесте Кеспе қағаздар (деңгейлік тапсырмалар) Плакат Интерактивті тақта

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

  • Танысу, түгендеу.
  • Оқуға дайындықты тексеру.
II

Үй тапсырмасын тексеру

«Қозғалыс» және «табиғат» ұғымдарын пысықтау арқылы білімді қысқаша тексеру.

Ой қозғау (сұрақ-жауап)

  • «Табиғат» ұғымының мағынасы қандай?
  • Қоршаған әлемдегі қозғалысқа мысалдар келтіріңіз.
  • Табиғат пен адам байланысын сипаттайтын нақыл сөздерді атаңыз.

«Ай туады деп қуанба, жағымды туса қуан.»

«Ай қораланса, арысыңды сайла; көктемде қонысыңды сайла.»

«Жаңбыр жауса — жердің ырысы.»

III

Жаңа сабақ

Негізгі ұғымдар

  • Материя ұғымына кіріспе.
  • Механика — денелердің қозғалысын зерттейтін физиканың негізгі бөлімі.
  • Механиканың бөлімдері: кинематика және динамика.
  • Механикалық қозғалыс туралы түсінік.

Көрсету арқылы дәлелдеу

Қозғалыс ұғымын нақты құбылыстармен байланыстырып түсіндіру:

  • Үстел үстімен жүріп өткен арбаша.
  • Үстелге қатысты арбашаның орын ауыстыруы.
  • Жоғары лақтырылған шардың қозғалысы.
  • Қанның ағзадағы қозғалысы және басқа да мысалдар.
IV

Деңгейлік тапсырмалар

I деңгей

Траекторияны анықтау және сызу

  1. Жерге құлап түскен доптың және қолдан тік төмен тасталған дененің қозғалыс траекториясын салыстырып, сызыңыз.
  2. Допты қолмен горизонталь бағытта лақтырыңыз. Ұшу кезіндегі доптың траекториясын сызыңыз.
  3. Үстел бетімен домалаған шардың қозғалысын анықтап, шардың траекториясын сызыңыз.
  4. Әткеншек теуіп отырған баланың қозғалысын сипаттап, траекториясын сызыңыз.
  5. Баланың қозғалысын қандай денелердің қозғалысымен салыстыруға болады? Нақты мысал келтіріңіз.