Ежелгі дәуір әдебиетінің мән - маңызы мен өзіндік ерекшеліктерін, көркемдік сипатын таныту
Тізбектелген сабақтар топтамасын орта мерзімді жоспарлау
(Кембридж бағдарламасы бойынша) 2013–2014 оқу жылы · Қазақ әдебиеті · 8-сынып
Жалпы мақсат
Оқу мен сыни ойлау дағдылары қолданылатын, оқушылардың өздігінен құрастыратын конструктивті білім беру арқылы жеке тұлғаны дамыту.
Ежелгі дәуір әдебиеті: мақсаттар
Мәні мен ерекшелігін таныту
Ежелгі дәуір әдебиетінің мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін және көркемдік сипатын жүйелі түрде таныту.
Тарихи сана мен ұлттық рух
Оқушы бойында тарихи сананы қалыптастырып, ұлттық рухты орнықтыру; ұлттық құндылықтарға құрметті күшейту.
Мұраны көркемдік табиғатына сай оқу
Ежелгі мұраларды өнер табиғатына сай оқуға үйрету, мәтіндегі идеялық-эстетикалық мағынаны терең түсінуге бағыттау.
Сезіну және қабылдау мәдениеті
Оқушының көркем мәтінге тебірене қарауына, ой толғауына және көркемдік әсерді саналы түрде қабылдауына мүмкіндік туғызу.
Күтілетін нәтиже
Өз бетімен іздену
Оқушы өз бетімен ізденуге дағдыланады, дерекпен жұмыс істеу мәдениеті қалыптасады.
Жеке қабілетті дамыту
Жеке қабілеттерін дамытуға жол ашылып, жауапкершілік пен дербестік күшейеді.
Ұлттық құндылық ретінде қабылдау
Ежелгі дәуір әдебиетін ұлттық құндылық ретінде қабылдап, оның қоғам мен мәдениеттегі орнын түсінеді.