Өздік етістің жұрнақтарын ата

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Машенова Гүлмира Қайырбекқызы. Пәні: Қазақ тілі, сыныбы: 6-сынып.

Сабақтың тақырыбы

Өздік етіс

Сабақ әдістері

  • Түсіндірмелі әдіс
  • Сұрақ-жауап

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, слайдтар, кроссворд.

Мақсаты

  • Оқушылар етістерді түсінеді, өздік етістің мәнін біледі.
  • Ойлау қабілеті дамиды; сөйлем ішінен өздік етісті таба алады.
  • Өз ойын сауатты әрі дұрыс жеткізеді.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын сұрау және бүгінгі күннің ретін жазу.

3) Сергіту сәті

«Жүрек лебізі» ойыны: оқушылар жүрек бейнесін бір-біріне ұсынып, бір ауыз сөзбен ізгі тілектерін білдіреді.

Жаңа сабақ: Етіс ұғымы

Қимылдың, іс-әрекеттің орындаушыға (қимыл иесіне) істелетін іске қатысын білдіру үшін белгілі бір қосымшалар арқылы жасалатын етістіктің түрі етіс деп аталады.

Мысалдар

  • Ол жуынды.

    «Жуу» қимылының іс иесіне өзіне қарай бағытталғанын білдіреді.

  • Ол баласына кітап оқытты.

    «Оқу» іс-әрекеті тікелей қимыл иесі арқылы емес, басқа орындаушы арқылы жасалғанын білдіреді.

Бұл мағыналар түбірге жалғанған -ын, -т, -ыл, -ыс жұрнақтары арқылы беріледі.

Етістің түрлері

  • Өздік етіс
  • Өзгелік етіс
  • Ырықсыз етіс
  • Ортақ етіс

Ескерту

Болымсыз етістік жұрнағы етіс жұрнағынан кейін жалғанады: айт-қыз-ба, ки-ін-бе, сөйле-с-пе.

Өздік етіс: анықтама және жасалу жолы

Өздік етіс — қимыл, іс-әрекет орындаушысына (іс иесіне) бағытталып, сол орындаушыға тікелей қатысты екенін білдіретін етіс түрі. Әдетте сабақты етістіктерге -ын, -ін, -н жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.

Мысалдар

  • Таң атқанша тарандық. (Махамбет)

  • Оқушылар ерте тұрып, жуынды.

  • Бала өзі киінді.

Мағыналық ерекшелігі

Бұл сөйлемдердегі тарану, жуыну, киіну қимылдары бір орындаушы арқылы жасалып, әрі сол орындаушының өзіне бағытталғанын білдіреді.

Жаттығулармен жұмыс

238-жаттығу

Қажетті жұрнақтарды жалғап, берілген сөздерден өздік етіс жасаңыздар:

ора-н-ды көр-ін-ді сез-ін-ді жасыр-ын-ды қара-н-ды сыла-н-ды тазала-н-ды сүрт-ін-ді ки-ін-ді сал-ын-ды

239-жаттығу

Көшіріп жазып, өздік етістердің астын сызыңыздар:

сүй-ін-ді ки-ін-ген ки-ін-іп бу-ын-ып түр-ін-іп

240-жаттығу

Өлеңді оқып, өздік етістердің қалай жасалғанына назар аударыңыздар. Оларды мәтіннен теріп жазыңыздар:

көр-ін-ді бүл-ін-ді түй-ін-дік тара-н-дық қара-н-дық ки-ін-іп сый-ын-ып без-ін-бей ұр-ын-бай тағ-ын-бай жаста-н-бай баста-н-бай

Сабақты бекіту

  1. 1 Етістің түрлерін атаңыздар.
  2. 2 Өздік етістің жұрнақтарын атаңыздар.
  3. 3 Өздік етіске мысал келтіріңіздер.

Қорытындылау

Оқушылар өздік етістің анықтамасын, жұрнақтарын және сөйлем ішінен табу тәсілдерін қорытындылайды.

Үйге тапсырма

Өздік етіске қатысты ережені қайталау, мысал сөйлемдер құрастыру және берілген жаттығуларды толықтыру.