Шешен - билердің сөздерін жаттау

7-сынып Қазақ әдебиеті Бекіту сабағы

Шешендік өнер: мазмұны, мақсаты және сабақ құрылымы

Бұл сабақта оқушылар шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктерін жүйелеп, би-шешендердің өнегелі ойларын талдап, сөз мәдениетін тереңдетуге бағытталған тапсырмалар орындайды. Негізгі идея — сөздің қадірін түсініп, ойды ықшам әрі дәл жеткізе білу.

Сабақтың мақсаты

а) Білімділік

  • Шешендік өнердің алуан қырлары туралы толық мағлұмат беру; шешендік сөздің түрлері мен ерекшеліктерін таныту.
  • Өсиет-нақыл, даналық, аталы сөздер, шешендік толғау мен арнау, шешендік даулардың мазмұнын меңгерту және мәнін ашу.
  • Шешендік сөз тарихынан алынған білімді ғылыми тұрғыда тереңдетіп, «сөз асылы — шешендік» туралы ой-тұжырым жасау.

ә) Дамытушылық

  • Ой белсенділігін арттыру, шығармашылық ізденіске бағыттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Сезімтал әрі шешен болуға ұмтылдыру; тіл байлығын, сөздік қорын кеңейту.
  • Тапқырлыққа, қысқа да нұсқа сөйлеуге дағдыландыру.

б) Тәрбиелік

  • Халықтық мұра — шешендік сөздерді үйренуге, одан тәлім-тәрбие алуға тәрбиелеу.
  • Салт-дәстүрді құрметтеп, шешендік өнерді қадірлеуге және ұлттық құндылықтарды бағалауға баулу.
  • Сөз құдіретін түсінетін, жауапкершілікпен сөйлейтін, тілі бай, жан-жақты білімді, саналы азамат қалыптастыру.

Сабақ форматы мен ресурстар

Түрі

Бекіту сабағы.

Әдістері

Сұрақ-жауап, ой қозғау, топтастыру, шығармашылық тапсырмалар.

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, үнтаспа, қанатты сөздер, тірек сызбалар, портреттер.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, шешендіктану, қазақ тілі.

Сабақ барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижелерін нақтылау, сынып жұмысын реттеу.

  2. 2

    Үй тапсырмасын тексеру

    Бұрын өткен шешендік сөздер бойынша білімді еске түсіру және толықтыру.

  3. 3

    Жаңа сабақ

    Сабақ Абайдың сөз өнеріне қатысты ойымен басталып, шешендік мұраның мәнін ұғындыруға бағытталады.

    Өткірдің жүзі —

    Кестенің бізі —

    Өрнегін сендей сала алмас.

    Білгенге маржан,

    Білмеске арзан —

    Надандар баһра ала алмас.

    Толғауы тоқсан қызыл тіл,

    Сөйлеймін десең — өзің біл.

    Абай

    Мұғалім оқушыларға: бұл жолдар не туралы екенін сұрап, жауапты «сөз өнері, шешендік» ұғымдарымен байланыстырады. Осыдан кейін сабақтың негізгі міндеті айқындалады: бұған дейін оқылған шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтау.

    Негізгі ой

    Қазақ халқы сөздің қадірін өз қадірімен тең көрген. Бітпес даудың шешімі де, бәтуәсіз шудың кесімі де — сөз. Жан дүниенің сырын ашатын сезім, терең ақыл, кемел ой, арман-мұрат, мұң мен сырдың бәрі де сиқыр сөзге сыйған.

    Шешендік сөздер — халыққа қызмет еткен рухани мұра әрі тәрбиелік құрал. Би-шешендер шындықты айтып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген. Шешендіктің өзегі — тапқырлық, ойға жедел жауап қайтару, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» табу.

    Қазақ шешендігінің көрнекті өкілдері

    Жиренше Асанқайғы Саққұлақ шешен Ақтайлақ шешен Төле би Қазыбек би Әйтеке би

    I. «Билер ауылына саяхат»

    Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, би-шешендер мұрасын мысалдар арқылы зерделеу.

    II. «Атаның сөзі — ақылдың кені»

    Интеллектуалды ойын арқылы оқушылардың есте сақтауын, логикалық ойлауын және сөзді жалғастыру дағдысын тексеру.

    Шығармашылық тапсырмалар

    1-топ

    RAFT

    2-топ

    5 жолды өлең

    3-топ

    «Таза, мінсіз асыл сөз» тақырыбы

    Бекіту: ойынның талабы

    Ұяшықтарда берілген би-шешендердің сөздерін жалғастыру және сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың меңгеру деңгейі анықталады.

  4. 4

    Қорытындылау

    Оқушылар «би-шешендер ауылына саяхат» арқылы шешендік сөздер туралы ойларын дамытып, аталы да баталы сөздерден ғибрат алады. «Аталы сөзге арсыз тоқтамайды» дегендей, сөз қадірін түсініп, оны орынды қолдану — сабақтың басты түйіні. Ерлікке, бірлікке үндеген, халық жадында сақталған сөздің мәңгі өмір сүретіні айқындалады.