Тұлғаға бағытталған білім - білім беруді жаңартудың басты бағыты

Бүгінгі күні білім беруді жаңартудың өзегі — тұлғаға бағытталған білім. Бұл бағыт жеке тұлғаны дамытуға бағдарланған, ізгілікті және шынайы демократиялық сипаттағы жалпыадамзаттық құндылықтарды алға шығаратын білім беру жүйесін қалыптастыруды көздейді.

Ш. Уәлиханов: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деген. Тәуелсіз елдің тірегі — білімді ұрпақ. Сондықтан білім беру мен ғылымды дамыту, тәрбие мен құндылықтарды нығайту — жаңа дәуірдің күн тәртібіндегі басты міндет.

Бұл үдерісте мектептің рөлі айқын. Қазақстандық мектептерді жаңарту тұжырымдамасы жалпы білім берудің басым бағыттарын белгілеп, білім беру үдерісінде оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығын, оқу әрекеттерінің алуан түрін қамтитын әдістердің үйлесімділігін күшейтуді талап етеді. Соған сәйкес әр сатыда оқыту мен тәрбиенің мақсаты, білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары және оқушылардың дайындық сапасын бағалау тәсілдері нақтыланады.

Мектеп тәжірибесі: №10 орта мектептің бағыты

Қаламыздағы білім ошақтарының бірі — 91-орамда орналасқан №10 орта мектеп. Мектептің басты міндеттерінің бірі — қабілетті, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.

Оқушылар саны
425
мектеп оқушылары
«Балдәурен» шағын орталығы
25
3–5 жас аралығындағы тәрбиеленуші

Тұлғаға бағытталған білім — оқушының дара ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері іске асатын оқу жағдайы. Әр оқушыда дамытушылық ойлау, шығармашылық және өз бетінше шешім қабылдау қабілеттері жүйелі түрде қалыптасуы тиіс.

Оқушылар жетістігі және зерттеу мәдениеті

Өткен оқу жылында №10 мектеп ұжымының жетістігі аз болған жоқ. Білім шаңырағындағы әлеуметтік әлеуеті жоғары, интеллектуалдық қабілеті мен кәсіби білігі мықты ұстаздар ұжымның 51%-ын құрайды.

«Жас өркен» оқушылар ғылыми қоғамы

Оқушылардың ғылыми зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін таныту және дамыту мақсатында «Жас өркен» оқушылар ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

  • Әлішерова Ақерке (10А) — «Ұлытау жер-су аттарының қойылу ерекшеліктері»
  • Есенгалиева Гүлім (6А) — «Фразеологизмы русского языка»
  • Сейтбатталова Назира (9В) — «Стиль РЕТРО»

Аталған жұмыстар ҚР Кіші ғылым академиясының Алматы облыстық 20-шы ғылыми-практикалық конференциясында қорғалып, арнайы жинаққа енгізілді.

Жүлделі орындар: олимпиада, өнер және спорт

  • Республикалық «Русский медвежонок» сайысында 13 оқушы 1–2 орындарды иеленді.
  • Қалалық пән олимпиадасында 5 оқушы 1–2 орындарға ие болды.
  • Жас музыканттардың 45 облыстық конкурсында Мурзатова Лейла (3Б, скрипка) — І орын.
  • ІІ облыстық Махамбет оқуларында Тоқтамысова Қуаныш (9А) — «Ұлы арман» номинациясы бойынша ІІ орын.
  • «Дебат-2010» аймақтық сайысында мектептің «Ақиқат» тобы — ІІ орын.
  • Қарағандыдағы «Көшбасшы заңгер» ойынында Жаңабай Айдана (11А) — 2 дәрежелі диплом.
  • Халықаралық таэквандо байқауында Қалжанов Ораз (5А) — І орын (Болгария, Түркия).
  • «Батырлар жырын жатқа айтам…» (Дидар телеарнасы) жобасына Зейнел Нұрсұлтан (5Б) қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.

Жарияланымдар мен танылу

  • Қалжанов Ораз (5А) және Есенгалиева Гүлім (6А) «Надежды Казахстана. Лучшие учащиеся республики Казахстан 2010–2011» кітабына енгізілді.
  • Байзақова Інжутас (10А) «Жобалар жәрмеңкесі» ғылыми жобасымен «Ғылым және білім ғасыры» республикалық ғылыми журналында жарияланды (2011).

Дамыта-түзету сыныптарында инклюзивті білім беру оқушылардың денсаулық ерекшеліктерін ескеретін арнайы бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады.

ҰБТ нәтижелері: сапа мен тұрақты өсім

Тұлғаға бағытталған оқытудың нәтижесі Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысынан да көрінеді. Биылғы оқу жылында ҰБТ бойынша сапа көрсеткіші 84,2 болып, орташа балл 82,3-ті құрады. Нәтижесінде қала мектептері арасында 3-орын иелендік.

Пән 2008–2009 2009–2010 2010–2011
Қазақ тілі 83,3 83,3 100
Орыс тілі 58,3 66,6 68,4
Қазақстан тарихы 75 72,2 78,9
Математика 33,3 38,8 84,2
Дүниежүзі тарихы 83,3 71,4
Физика 66,6 50 100
География 80 33,3 100
Биология 100

Мектепте жекелеген сыныптарда ағылшын тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, география пәндері мемлекеттік стандарттан жоғары көлемде оқытылады. Оқушылардың қызығушылығы мен ата-аналардың сұранысын ескере отырып, 3–4 сыныптарда «Ағылшынша сөйлесейік», «Happy English» бейіналды курстары жүргізіледі. 2011–2012 оқу жылында ағылшын тілі мен информатика пәндерін тереңдетіп оқытатын жаңа сыныптар ашу жоспарланған.

Ұстаз әлеуеті және кәсіби қауымдастық

Н. Ә. Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген сөзі ұстаз еңбегінің мәнін айқындайды. Жас ұрпақты білімге құштар, өмірге және өнерге ынталы, адал әрі жігерлі етіп тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі өлшеусіз.

Мұғалімдердің жетістіктері

  • Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Оспанова Гүлнар Ашмұханова қалалық «Педагогикалық жекпе-жекте» — ІІІ орын, «Ең үздік флипчарт» байқауында — ІІ орын иеленді.
  • 9 мұғалім (Жолдыбаева К.Р., Досмағанбетова Ж.А., Омарова А.Б., Қазанғапова В.О., Алданазарова К.А., Оразалина А.Б., Шалмағанбетова Г.М., Дөңгелекова Б.А., Батаева З.Қ.) облыстық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, еңбектері арнайы жинаққа енгізілді.

Ақпараттандыру: сапаны арттырудың нақты құралы

Әлемдік білім кеңістігінде мектептердің деңгейін көтерудің негізгі тетіктерінің бірі — білім сапасын ақпараттандыру. №10 мектепте информатика кабинеттері компьютерлермен жабдықталған: 16 ноутбук, 76 компьютер (есеппен 6 оқушыға 1 компьютер). Компьютерлер интернет желісіне қосылған, оқушылар мен мұғалімдер сабақтан тыс уақытта интернетті пайдалана алады.

Вариативті курстар

10-сынып
«Компьютерлік графика»
11-сынып
«Turbo Pascal — бағдарламалау тілі»
8-сынып
«Интернет және телекоммуникация»
5–6 сыныптар
«Ақпараттық технология»

Бұл курстар оқушылардың компьютерлік сауаттылығын жүйелі дамытып, кәсіби бағдар алуына ықпал етеді. Алдағы уақытта оқу-тәрбие үдерісін электронды мектеп жобасына енгізу көзделеді.

Тәжірибе тарату

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ташетова Гүлбаршын Бақтыярқызы қалалық деңгейде, информатика пәні мұғалімі Оразбаева Бақытжан Мұхамедияновна облыстық деңгейде онлайн жүйесінде сабақ өткізіп, әріптестерімен тәжірибе бөлісті.

Тәрбие, серіктестік және мектеп кеңістігі

Ата-ана және әлеуметтік ортамен серіктестікті нығайту арқылы тұлғаны әлеуметтендіру, білім алушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту, өзіндік таңдауына ықпал ету — мектеп ұжымының басты ұстанымы. Осы бағытта тіл, тарих, салт-дәстүрді жаңғыртуға, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге баулитын іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп келеді.

Тәрбиелік іс-шаралар (іріктеме)

  • «Менің елім — менің болашағым» ашық есік күні
  • «Елтаңба — елдігімнің айшығы»
  • «Егемен елдің болашағы жарқын»
  • «Дәстүр мен мәдениет сабақтастығы»
  • «Тәуелсіз елім — тірегім» онкүндігі (Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай)

«Көшеде жүру» бұрышы

Жол қауіпсіздігін сақтау және жол ережелерін үйрету мақсатында ұйымдастырылған. Сыныптан тыс тәжірибелік сабақтар өткізіліп, жолда жүру тәртібі түсіндіріледі.

Жас жол инспекторлары байқауында: қалалық деңгейде — І орын; облыстық байқауда «Жас тілші» кезеңі — І орын; «Үздік топ басшы» кезеңі — ІІІ орын.

Қолөнер көрмесі

Ұлттық қолөнерді дәріптеу мақсатында оқушылардың шығармашылық бұйымдары 1-қабаттағы көрмеге қойылған.

Қалалық «Сиқырлы саусақ — 2011» байқауында — ІІ орын.

«Қысқы бақ» (Жасыл ел)

Түрлі өсімдік түрлері өсіріліп, зертханалық жұмыстар жүргізіледі. Биология пәні бойынша жоба-байқауларға қатысатын оқушылар тәжірибелерін осы жерде орындайды.

Қорытынды ұстаным

Ел президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында білім беру ісін дамытудағы жетістіктеріміздің әлемдік деңгейде мойындалуы — әрбір азамат үшін мақтаныш екені атап өтіледі. Халқымыздың «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөзі де осы бағыттың мәнін тереңдетеді.

№10 орта мектеп ұжымы жыл бойы атқарылған жұмыстарды қорытындылай отырып, білім мен тәрбиені қатар ұстанған жаңғыру бағытын қолдайды.

Жезқазған қаласындағы №10 орта мектебінің директоры — Жолдыбаева Куляш Рахимовна