Мақта қыз. Қосу амалының компоненттерін ата
Тақырыбы: 9 санын қайталау
Мақсаты
- 1-ден 9-ға дейінгі сандардың құрамы бойынша алған білімдерін қайталау.
- Логикалық ойлауын және есте сақтау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдістері
Көрнекіліктер
- «Мақта қыз бен мысық» ертегісінің кейіпкерлері (суреттер).
- Сандар құрамына арналған тапсырмалар.
- Тақырыпқа сай үлестірмелі материалдар.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту:
Шырылдады қоңырау — біз сабақты бастаймыз.
Партамызға отырып, өзара көз тастаймыз.
Табыс тілеп көзбенен, жаңа білім алуға
Алға қадам бастаймыз.
II. Сабақтың кіріспесі: ертегімен жұмыс
Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Ол үшін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін еске түсіреміз (бір оқушы қысқаша мазмұндайды). Сабақта біз 7 өткелден өтеміз: әр өткелде кейіпкерлердің тапсырмаларын орындаймыз. Мақсат — мысыққа қатықты табуға көмектесу.
7 өткел: кейіпкерлердің тапсырмалары
- 1Сиыр
- 2Ағаш
- 3Қыздар
- 4Дүкенші
- 5Тауық
- 6Тышқан
- 7Мақта қыз
Өткел тапсырмалары
1) Сиырдың тапсырмасы — «Миға шабуыл»
Топпен жұмыс: бір-біріңді тыңдап, тыныштық сақтап, еркін жауап беріңдер. 9 сұрақ:
- Бір аптада неше күн бар?
- Санды немен белгілейміз?
- Кесіндіні немен өлшейміз?
- Қандай геометриялық фигураларды білесіңдер?
- Қосу амалының компоненттерін ата.
- Азайту амалының компоненттерін ата.
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті туралы не білесің?
- Тура және кері сана.
- 9 санының құрамын атап бер.
2) Ағаштың тапсырмасы — жапырақтар мен жұмбақтар
Сиыр тағы не сұрайды? Жапырақ. Ендеше жұмбақтарды шешейік:
Жұмбақ 1
Тал басында тізіліп, тоғыз жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп, ұшып кетті біреуі.
Өзінше оның жұлынып, түсіпті тағы бесеуі.
Тұр әлі ілініп, жапырақтың нешеуі?
Жұмбақ 2
Сегіз асықтың үшеуін досың сұрап алады.
Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда болады?
Жұмбақ 3
Бір-бірімен жарысқан төрт аю, екі арыстан,
екі қоян, бір түлкі — бәрі нешеу, кім білді?
Мысық шаршады — сергіту сәтін өткіземіз. Сергіп алған соң мысық су іздеп жолға шығады. Алдынан қыздар кездеседі.
3) Қыздардың тапсырмасы — оқулықпен жұмыс
№1 тапсырма
7, 8, 9 сандарының құрамын табу (көрнекілікті қолдану).
№2 тапсырма
Салыстыру. Оқушылар кітапқа белгі қояды. Дұрыстығын тексереміз: оқыған оқушыға қалғандары дұрыс болса қол соғады немесе сигналдық карточканы көтереді.
4) Дүкеншінің тапсырмасы — сурет бойынша мысал құрастыру
Оқулық, №3 тапсырма
Сурет бойынша мысал құрастыр:
№4 тапсырма
Дәптерге 2 см кесінді сызу.
5) Тауықтың тапсырмасы — сандар қатары және сәйкестендіру
1) Қалып қойған сандарды ата
2) Мысалдарды жауабымен қос
- 6 − 1
- → 5
- 3 + 4
- → 7
- 5 + 4
- → 9
- 8 − 5
- → 3
- 9 − 1
- → 8
- 0
- → 0
6) Тышқанның тапсырмасы — жазулардың мәні және сан құрамы
1) Оқулықпен жұмыс, №6
Мына жазулар нені білдіреді?
2) Әр қатарға сәйкес сан құрамын сал
7) Бекіту — кері санау және 9 санының құрамы
Балалар, мысық барлық тапсырманы орындады. Енді дәнді ала отырып, кері санап жүреді:
9 8 7 6 5 4 3 2 1 0
Осы кезде Мақта қыз да келеді. Оның тапсырмасы — 9 санының құрамын тағы бір рет қайталау.
Қорытындылау
Негізгі нәтиже
Оқушылар 1–9 сандарының құрамын қайталап, салыстыру, қосу және азайту дағдыларын бекітеді.
Марапаттау
Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және марапаттау.